Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Павлодар қаласы бюджетінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөніндегі қағиданы" бекіту туралы" 62/32 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар облыстық әділет департаментінде 2003 жылғы 15 тамызда N 1999 тіркелген.

Күшін жойған

Павлодар қалалық мәслихатының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 72/8 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте N 2710 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

     Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 148/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қарым қатынасы туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШIМ етедi:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2003 жылғы 4 шiлдедегi "Павлодар қалалық бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету қағидасын бекiту туралы" (2003 жылғы 15 тамыздағы 1999 МТН, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2003 жылғы 23 тамыздағы 96-нөмiрiнде және "Версия" газетiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы тамыздағы 11-нөмiрiнде жарияланған) N 62/32 шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Павлодар қалалық бюджетiнен тұрғын-үйдi ұстауға және тұтынатын коммуналдық қызметтердi төлеу жөнiндегi аз қамсыздандырылған азаматтарға тұрғын-үй жәрдемақысын көрсету қағидасындағы:
      "3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Тұрғын үй жәрдемақысына құқығы бар, тұрғын үйдiң жалдаушысы (жалгерi) - Павлодар қаласының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы тұрғындарын тiркеу мен құжаттау Ережелерiне сәйкес, заңда белгiленген тәртiппен жасалынған тұрғын үйдi жалдау шартының бiр жағы болып табылатын, тұрғын үйдi немесе оның бөлiгiн тұрақты немесе уақытша пайдалана алатын жеке тұлға, егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар барынша мүмкiн шығын үйлесiнен асатын жағдайда осы мақсатқа;
      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Тұрғын үй иесiнiң (жалдаушысының) отбасы мүшесi - Павлодар қаласының аумағында тұрғын үй иесiмен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы тұрғындарын тiркеу мен құжаттау Ережелерiне сәйкес, тұрғын үй жәрдемақысын көрсетудiң мөлшерiн анықтау кезiнде есептелген және отбасы мүшесi бола алатын жеке тұлға;
      9 тармақтың екiншi абзацындағы "20" саны "15" санымен ауыстырылсын.
      14 тармағындағы "жетi жасқа дейiнгi балалармен" сөздерiнен  кейiн "жұмыспен қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органда тiркелмеген (ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан жоғары) зейнеткер жастағы жұмыс iстемейтiн тұлғалар, осы себеппен жұмыспен қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органынан есептен шыққан жүктi әйелдер, мүгедек - балаларды күтудегi тұлғалар" сөздерiмен толықтырылсын;
      18 тармағындағы "өткен тоқсанда тұрғын -үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған табыстар мен шығындар бойынша осы тоқсанға құжаттарды тапсыру уақытына тәуелсiз тұрғын-үй жәрдемақысы бiр тоқсан мерзiмiне ғана тағайындалады" сөйлемiмен ауыстырылсын;
      22 тармақтағы "Толық емес айға қандай-да бiр коммуналдық қызмет түрлерiн төлеуге ақша есептеген кезде (сумен қамтамасыз ету, газ, электр, жылу энергиялары, күл -қоқыс шығару, арна жүргiзу, лифт), стандарттың әлеуметтiк мөлшерi бойынша сомасын қайта есептемей, жарты ай болып саналсын (жарты жыл)" сөйлемi " Толық емес айға қандай-да бiр коммуналдық қызмет түрлерiн төлеуге ақша есептеген кезде (сумен қамтамасыз ету, газ, электр, жылу энергиялары, күл-қоқыс шығару, арна жүргiзу, лифт), стандарттың әлеуметтiк мөлшерi бойынша сомасын қайта есептемей, толық ай болып саналсын (тоқсан)" сөйлемiмен ауыстырылсын;
      25-1 тармағымен мынадай мағынада толықтырылсын:
      "Отбасының табысы өмiр сүру минимумынан төмен 18 шаршы метрден кем ауданда тұратын, осы ауданда тұратын саны мен нақты шығындарына тәуелсiз жылу беру мерзiмiне айына 50% есептiк көрсеткiш мөлшерiмен тұрғын -үй жәрдемақысы тағайындалуы жүргiзiлетiн тұрғын -үй жәрдемақысына құқықтары бар тұлғалар";
      25-2 тармағымен мынадай мағынада толықтырылсын:
      "Отбасының жиынтық табысы жоқ болған жағдайда тұрғын-үй жәрдемақысының есебiн 3 айлық есептiк көрсеткiштен бастап жүргiзсiн".
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      3. Осы шешiм мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады