Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 9/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 19 ақпанда N 2312 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен.

       Ауданда қолданылып жүрген басқа тiлдердiң, аудан аумағында дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында кең қолданылуына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiн үйлестiруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi құрылып, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
      2. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесiнiң Ережесi бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Май аудан әкiмдiгiнiң    
2004 жылғы 12 қаңтардағы  
"Тiлдердi қолдану мен дамытуды
қамтамасыз ету жөнiндегi 
аудандық үйлестiру кенесi 
туралы" N 9/1 қаулысымен 
бекiтiлдi         

Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi аудан мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, Қазақстан халықтары Кiшi Ассамблеясының Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын аудан аумағында жүзеге асыру жөнiндегi консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiне Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарғы арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын, 2002 жылғы 19 маусымдағы "Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесi туралы" N 137/7 қаулысын, сондай-ақ осы ережесiн басшылыққа алады.
      3. Кеңес аудан мемлекеттiк органдар қызметкерлерi, жұртшылық өкiлдерi, шығармашылық зиялылар, тiл мамандары iшiнен құрылады.Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқарады.
      4. Кеңестiң құрамы аудандық мәслихат сессиясының қаулысымен бекiтiледi.
      5. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен жүзеге асырады.
      6. Кеңес ұсыныс сипатындағы қаулысы қабылдайды.

2. Кеңестiң құқықтары

      7. Селолық округ әкiмдерiнiң, мекеме және ұйым басшыларының, Қазақстан Республикасының "Тiлдер туралы" Заңының орындалуы туралы есептерiн тыңдау.
      8. Аудандық "Ана тiлi" бағдарламасы шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шаралар жоспарын бекiту.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырын жүзеге асырады.

3. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары

      10. Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы N 1221/6 қаулысымен мақұлданған Тiлдердi қолдану мен дамытуды 2002-2003 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасының iс-шараларын орындау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар жасау Кеңестiң мақсаты болып табылады.
      11. Кеңестiң мiндеттерi:
      1) Бағдарлама iс-шараларының орындау барысы мен қорытындыларын жан жақты және әдiл зерделеу және жинақтау;
      2) Бағдарлама iс-шараларын толық және дер кезiнде орындалуын қамтамасыз ету, аудан барлық ұйымдары мен ведомстволарының, жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк және ауданда қолданылып жүрген басқа да тiлдердiң аудан аумағында дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында кең қолдануына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      3) Павлодар облысындағы тiлдердi дамыту қоғамдық қорымен Бағдарламаны орындау жөнiндегi өзара байланыс жасау;
      4) Бағдарлама iс-шараларының орындалуын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады;
      12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiптi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Бағдарлама iс-шаралардың орындалуына, ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының ұйымдары мен ведомстволарының мемлекеттiк және аудан аумағында қолданылып жүрген басқа тiлдердiң дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына жан-жақты қолдануына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiне мониторинг жүргiзiледi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi

      13. Кеңестiң мәжiлiстерi қажет болғанда, тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Мәжiлiстердiң күн тәртiбi аудан бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының ұсынысы бойынша құрылады.Кеңес мәжiлiстерiне мәселелердi аудан бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, Кеңес мүшелерi, сондай-ақ Кеңес төрағасының немесе оның орынбасарының ұсынысы iшкi саясат және спорт бөлiмi дайындайды.
      14. Кеңес мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса, оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
      15. Кеңес мәжiлiстерiнiң қорытындысы бойынша қаулысы қабылдайды, олар мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады.Кеңес мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, қаулы қабылданған болып саналады.Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешедi.
      16. Кеңес мәжiлiстердi өткiзгенде, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзгенде жұмыс топтарын құра алады, олар қызметiн Кеңестiң бiр мүшесiнiң басшылығымен атқарады.
      17. Кеңес жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн:
      1) өз мәжiлiстерiнде аудан жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарының басшыларын Қазақстан Республикасында тiл туралы заңнаманы орындау мәселесi бойынша шақырып тыңдауға;
      2) өз құзыры шеңберiнде аудан мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк емес ұйымдарынан, қоғамдық бiрлестiктерден, мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан қажеттi ақпаратты сұратып алуға;
      3) жергiлiктi жерлерде тiлдердiң қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi ауылдық Кеңестердiң қызметiн үйлестiруге және бақылауға;
      4) аудан әкiмi мен әкiмдiгiне Кеңес құзырына берiлген мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға;
      5) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
      6) құжаттарды дайындауға ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз сарапшылар мен мамандарды қатыстыруға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттердi жүзеге асыруға құқылы.
      18.Кеңес өз мәжiлiстерiнде бiр жылғы жұмыс жоспарын бекiтедi.
      19. Осы қағидаға өзгерiстер мен толықтырулар аудан әкiмдiгiнiң тиiстi актiлерiмен және мынадай жағдайларда енгiзiледi:
      1) Қазақстан Республикасының тiл саясатына қатысты мәселелер жөнiндегi қолданылып жүрген заңнамасына өзгерiстер енгiзiлсе;
      2) Кеңес мүшелерiнiң бастамасы бойынша жасалады.

Май аудан әкiмдiгiнiң  
2004 жылғы 12 қаңтардағы  
"Тiлдердi қолдану мен дамытуды
қамтамасыз ету жөнiндегi
аудандық үйлестiру кеңесi
туралы" N 9/1 қаулысына
қосымша         

Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесiнiң құрамы

1. Закирьянов
Амангелдi Шаймарданұлы

- аудан әкiмiнiң орынбасары, кеңестiң төрағасы

2. Литвинова Надежда Викторовна

- ішкi саясат және спорт бөлiмiнiң бастығы, кеңес төрағасының орынбасары

3. Абылкаирова
Айымгүл Жасұланқызы

- iшкi саясат бөлiмiнiң маманы, кеңес хатшысы

Кеңес мүшелерi:

Искакова
Рымбике Қомашқызы

- мұсылман әйелдер лигасының төрайымы

Андасов
Төлеухан Дүйсенбайұлы

- ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлiмiнiң бастығы

Әйтенова
Айман Әлiбайқызы

- аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң кәсiподақ ұйымының төрағасы

Жұмадiлов
Ерсiн Нұрмұханбетұлы

- аудандық "Шамшырақ" газетi редакторының орынбасары

Зiлкенов
Саниял Оразбайұлы

- Көктөбе орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi

Изатова
Салтанат Сәулебекқызы

- Көктөбе орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады