Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 182/8 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және аудан аумағында азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және орындау, төтенше жағдайлар кезiнде тұрғындардың қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясы құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа енгiзiлсiн.
2. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссияның Ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi Т.Мүбәраков
Май аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 28 сәуірдегі
"Аудандық эвакуациялық
қабылдау комиссиясын құру
туралы" N 64/1 қаулысымен
бекітілген
Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясының Ережесi
1. Май ауданының эвакуациялық қабылдау комиссиясы (бұдан әрi Комиссия) эвакуация кезiнде келiп жатқан елдi қарсы алуға, оларды есепке алуға және орналастыруға, сол сияқты келiп жатқан елдi қалыпты өмiрге барлық қажеттiлiкпен қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын бақылауға арналған консультативтiк - кеңесшi орган.
2. Комиссия Азаматтық қорғаныс бастығының (аудан әкiмi) жұмысшы органы болып табылады және эвакуациялық шаралардың барлық кешенiнiң орындалуы мен олардың жан - жақты қамтамасыз етiлуiн жауапкершiлiгiне алады.
3. Комиссияға басшылық жасауды аудан әкiмiнiң әлеуметтiк және экономика мәселелер жөнiндегi орынбасары жүзеге асырады.
4. Комиссия құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың, олардың қызметтерiнiң, әскери комиссариатты ұйымдастыру тағы басқа өкiлдерi кiредi. Комиссия мүшелерiнiң дербес құрамы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
5. Комиссия өзiнiң өкiлеттiлiгiн жергiлiктi атқарушы органдармен, сол сияқты меншiк түрлерiне қарамастан ұйымдармен өзара iс-әрекетте жүзеге асырады.
6. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарына, өкiлеттi атқарушы органдардың нормативтiк - құқықтың актiлерiне, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзi мiндеттерi
7. Бейбiт уақытта:
1) Ауданының төтенше жағдайлар бөлiмi (төтенше жағдайлар жөнiндегi маман) бiрлесе отырып қоныс аударған елдi қабылдау және орналастыру жоспарын әзiрлейдi.
2) Ауданның азаматтық қорғаныс қызметтерiмен бiрлесiп қоныс аударған елдi қорғау және жан-жақты қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi.
3) Жинаушы және қабылдаушы эвакуациялық пункттердiң әкiмшiлiгiн дайындауды ұйымдастырады, жергiлiктi атқарушы органдарда барлық меншiк түрлерiндегi ауылшаруашылық кәсiпорындарында эвакуация қабылдау комиссияларының құрылуына және дайындығына бақылау жасауды жүзеге асырады.
4) Қауiпсiз аймақты игеру мәселелерi бойынша тұрғындардың аудан аумағына орналастыру жоспарланған қалалардың ұйымдарымен байланыс жасап тұрады.
8. Эвакуациялық шараларды дайындауға өкiмiн алысымен:
1) Жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық қабылдау комиссияларының даярлыққа кiргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
2) Қоныс аударылғандарды қабылдау, орналастырылу, қамтамасыз етiлу жоспарын анықтайды.
3) Аудан аумағындағы жаяу қоныс аударудың жол бағытын даярлауды ұйымдастырады. Шоғырлану пункттерiн қоныс аударушыларды қабылдауға дайындығын бақылайды.
4) Шоғырлану пункттерiнiң, жасау қоныс аударудың жол бағыттарындағы тынығатын жерлердiң, қабылдау эвакуациялық пункттерiн және елдi орналастыру пункттерiнiң аймағындағы қоныс аударушылар үшiн бары мен жетiспейтiн баспаналардың құрылысының дайындығына бақылау жасауды жүзеге асырады.
9. Елдiң қоныс аударылуына өкiм алысымен:
1) қабылдау эвакуациялық пункттерi мен шоғырлану пункттерi ұйымдастырылды. Елдi қабылдау және орналастыру бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуация қабылдау комиссияларының жұмысына басшылық жасайды.
2) Елдiң келуi және орналастырылу жөнiнде деректер жинайды, жинақтап қорытады және бұл туралы белгiленген мерзiмде ауданның азаматтық қорғаныс бастығына және облыстық эвакуациялық комиссияға баяндайды.
3) Сәйкес қызметтермен өзара iс-әрекет жасап, келiп жатқан елдiң қамтамасыз етiлуiн және қорғалуын ұйымдастырады.
10. Азаматтық қорғаныстың бастығы (аудан әкiмi) тапсырмасы бойынша комиссия:
1) Эвакуация шараларын ұйымдастыру мен өткiзу мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың әрекеттерiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) Комиссияның құзырлылығына жататын нормативтiк-құқықтық мәселелерi әзiрлеуге қатысуға;
3) Комиссияның құзырлығына жататын мәселелер жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
3) Жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардан олардың қызметi жөнiнде Комиссияның жұмысы үшiн қажеттi ақпараттар сұратуға құқылы.
4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
11. Комиссия өз қызметiн оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай ең кемiнде жарты жылдықта бiр рет өткiзiледi.
1) Аудан әкiмiнiң немесе әкiмдiгiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия белгiленген тәртiпке сәйкес ұсыныстар шығарады.
2) Өз құзырлығына сәйкес Комиссия қабылдайтын шешiмдер ұсыныс түрiнде болады.
3) Комиссия өздерiнде қаралатын және шешiлетiн мәселелер бойынша аудан әкiмiне ақпарат берiп тұрады.