"Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем туралы" қағиданы бекiту туралы

Күшін жойған

Успен аудандық әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 16/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 4 наурызда N 2326 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 228/7 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 228/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектердi және оларға теңестiрiлгендердi әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" № 1758 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем туралы" қағида бекiтiлсiн (бұдан әрi - Қағида).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсiн.

      Аудан әкiмi В. Левченко

Аудан әкiмдiгiнiң      
2004 жылғы 26 қаңтардағы   
"Аудан азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтiк төлем туралы"
қағиданы бекiту туралы "№N 16/1
қаулысымен бекiтiлдi   

Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтiк төлемдер туралы қағидалар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектердi және оларға теңестiрiлгендердi әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына сәйкес аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтiк төлемдердi төлеудiң тәртiбiн анықтайды.

2. Жекелеген әлеуметтiк төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары

      2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, тыл еңбеккерлерi, үй-тұрмыс жағдайын жақсартуға;
      2) Аз қамтылған отбастары; тұрғындардың мақсатты тобына жататындар, жоғары оқу орнын (бұдан әрi - ЖОО) және орта оқу орнын (ООО) 2004 жылы бiтiрген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
      3) Зейнетақы көлемi 6000 мың теңгеден аспайтын жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;
      4) Күтпеген тосын жағдайдан күн көрiс қаражатынсыз қалған азаматтар;
      5) "Ауданның құрметi азаматы" атағы бар зейнет жасындағы азаматтар;
      6) туберкулез ауыруына шалдыққандар және тубвиражды балалар- тамақтануға;
      7) аудан тұрғындарын әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бөлiмiнiң зейнеткерлiкке шыққан қызметкерлерi-қарттар күнiне;
      8) 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының қарулы Күштерi қатарында әскери қызметiн өтеп келгендер;
      9) қайтадан тұрмысқа шықпаған ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерi, қайтыс болған ұлы Отан соғысына (бұдан әрi - ҰОС) қатысушылардың әйелдерi-9 мамыр Жеңiс күнiне;
      10) Республика және облыс алдындағы ерекше еңбегi үшiн зейнетақы алатын зейнеткерлер-қарттар күнiне;
      11) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      12) отбасының кiрiсi бекiтiлген кедейлiк щеңберiнен аспайтын аз қамтамасыз етiлген азаматтар-құжат алу үшiн;
      13) Бас бостандығынан айыру мекемелерiнен босатылғандар;
      14) отбасының кiрiсi бекiтiлген кедейлiк щеңберiнен аспайтын аз қамтамасыз етiлген, тұрғындардың мақсатты тобына жататын азаматтар-емделу үшiн;
      15) жұмыссыз азаматтар санынан қайтыс болғандар отбасына - жерлеу үшiн;
      16) 2003-2004 жылдары квотамен келген оралмандарға көмiр алу үшiн;
      17) қазақстанның тың және тыңайған жерлерiн игеруге үлкен үлес қосқан алғашқы тың игерушi-зейнеткерлердің көтерудiң 50 жылдығын мерекелеуге;
      18) Ауғаныстанда интернационалдық борышын атқарғандар мен мүгедектер-Ауғаныстаннан кеңес әскерiнiң шығарылуының 15 жылдығы құрметiне;
      19) үйден оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балалар.

3. Әлеуметтiк төлемдi тағайындау тәртiбi

      3. Осы Қағиданың 1 тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мынадай жолдармен 1), 2), 3), 4), 5), 6),7), 8), 9),10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшаларында көрсетiлген санаттағыларға тағайындалады.
      4. Әлеуметтiк төлемге құқы барларға тағайындалады: 1) 2) 3) 4) 5) 6) 7) 8) 9) 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларында көрсетiлген әлеуметтiк төлем алуға құқы бар санаттағылар 258015000 "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтiк төлемдердi төлеу" бюджеттiк бағдарламасына және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемалары бойынша үйлестiру Кеңесiнiң өтiнiш иесi құжаттарының толық пакетiн қараған соң қабылдаған шешiмiне сәйкес тағайындалады;
      2) 1) тармақшада көрсетiлген санаттар үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi заңдық күшi бар "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектердi және оларға теңестiрiлгендердi әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" Жарлығына сәйкес;
      3) 19) тармақшада көрсетiлген санаттар үшiн "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қорғау" 258016104 бюджеттiк бағдарлама негiзiнде.

4. Әлеуметтiк төлем мөлшерi

      5. Қағиданың 2 тармағында көрсетiлген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлем мына түрлер бойынша тағайындалады:
      1) 2 тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн әрқайсысына бiр жолғы 1500 теңге мөлшерiнде материалдық көмек;
      2) 2 тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - жеке аула шаруашылығын дамытуға 50 айлық есептiк көрсеткiшке (бұдан әрi - АЕК) дейiн материалдық көмек;
      3) 2 тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн көмiр сатып алуға ақшалай 2 АЕК мөлшерiнде материалдық көмек;
      4) 2 тармақтың 4 )тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн 10 АЕК мөлшерiнде ақшалай бiр жолғы ақшалай төлем;
      5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн 8 АЕК мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай көмек;
      6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 2000 теңге көлемiнде материалдық көмек;
      7) 2 тармақтың 7), 10) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 3000 теңге көлемiнде материалдық көмек;
      8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 4 АЕК мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек;
      9) 2 тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 2000 теңге көлемiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      10) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 1 қыркүйекте қамқоршыларға 3000 теңге көлемiнде материалдық көмек;
      11) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 0,5 АЕК көлемiнде бiржолғы материалдық көмек;
      12) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 3 АЕК мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек;
      13) 2 тармақтың 14) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 6 АЕК мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек;
      14) 2 тармақтың 15)0 тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - жерлеудi өткiзгендерге 15 АЕК мөлшерiнде бiржолғы материалдық көмек;
      15) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 2000 теңге көлемiнде материалдық көмек;
      16) 2 тармақтың 17) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 3000 теңге көлемiнде бiржолғы материалдық көмек;
      17) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 1000 теңге көлемiнде бiржолғы материалдық көмек;
      18) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - 3950 теңге мөлшерiнде ай сайынғы төлем.

5. Әлеуметтiк төлемдi iске асыру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

      6. Қағиданың 2 тармағына көрсетiлген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдердi төлеу үшiн төмендегi құжаттар қажет:
      1) 2 тармақтың 1), 9), 10) тармақшаларында көрсетiлген санаттар үшiн зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың Успен филиалы ұсынған тiзiмге сәйкес;
      2) 2 тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алушының жеке есеп шоты және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН) көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiктiң көшiрмесi, ауылдық округ әкiмi жанындағы комиссия жасаған өтiнiш иесi отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi, ЖОО немесе ОАО бiтiргенi туралы дипломның көшiрмесi, жұмысқа қабылдану туралы бұйрық;
      3) 2 тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың Успен филиалымен келiсiлген зейнетақы көлемi, мiндеттi түрде СТН, есеп шот нөмiрi, жеке куәлiгi, тұратын жерi көрсетiлген үйден әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiм ұсынған тiзiмге сәйкес;
      4) 2 тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке бас куәлiгiнiң көшiрмесi, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi, өрттен немесе басқа апат салдарынан болған шығынды анықтайтын құжат немесе тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемасы жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң күтпеген жағдайды тану туралы шешiмi;
      5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама,"құрметтi азамат" атағын алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама, туберкулез ауруханасынан диагнозын анықтайтын анықтама;
      7) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - Успен ауданының тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бөлiмi ұсынған сәйкес;
      8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама, аудандық әскери комиссариаттан 2003-2004 жылдары әскери борышын атқарғанын растайтын анықтама;
      9) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама, қамқоршылық және қорғаншылық бекiтiлгенi туралы қорғаншылық Кеңесi шешiмiнiң көшiрмесi;
      10) 2 тармақтың 11), 14) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке бас куәлiгiнiң көшiрмесi, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi, отбасының жұмыс iстейтiн мүшелерiнiң кiрiсi туралы анықтама, жұмыспен қамту бөлiмiнiң отбасының жұмыссыз мүшелерiне берген анықтамасы, медициналық мекеменiң емделу қажет екенiн растайтын анықтамасы, өтiнiш иесiнiң аталған әлеуметтiк төлемдi сенiмдi адамның атына алуға берген өтiнiшi;
      11) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - әлеуметтiк төлем алуға құқы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама, бас еркiнен айыру мекемесiнен босатылғаны туралы анықтама;
      12) 2 тармақтың 15) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - жерлеудi атқарған адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерiнен анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесiн анықтайтын құжат және қайтыс болуы туралы анықтама көшiрмесi;
      13) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - мiндеттi түрде жеке есеп шоты, СТН, паспорт мәлiметтерi көрсетiлген үйден әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмi ұсынған тiзiмге сәйкес;
      14) 2 тармақтың 17) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - мiндеттi түрде жеке есеп шоты, СТН, паспорт мәлiметтерi көрсетiлген Успен ауданының ауылдық округ әкiмдiктерi ұсынған тiзiмге сәйкес;
      15) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың Успен филиалы ұсынған тiзiмге сәйкес;
      16) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетiлген санаттар үшiн - аталған әлеуметтiк төлемдi алуға құқы бар ата-ананың СТН және жеке есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, тұрған жерi-нен анықтама, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң ұйғарымы, мектепте оқитыны туралы анықтама, мүгедектiгi туралы дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптама комиссиясы анықтамасының көшiрмесi.

6. Есеп жүргiзу және есеп беру

      7. Әлеуметтiк төлем туралы мәселе шешiлетiн бастапқы құжаттар (хаттама, тексеру актiлерi, анықтамалар, тiзiмдер т.б.) аудандық тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бөлiмiнде үш жыл сақталады. Әр айдың 20-сында тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бөлiмi аудандық қаржы бөлiмiне бюджеттiк бағдарлама бойынша әлеуметтiк төлемдi қамтамсыз ету үшiн қажеттi қаражат туралы өтiнiмдер ұсынады.
      8. Бөлiм аудандық қаржы бөлiм алдында әлеуметтiк төлемге арналған қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады