"2004 жылға арналған жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успенка аудандық әкімиятының 2004 жылғы 20 мамырдағы N 157/5 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 17 маусымда N 2597 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұсынылып отырған "2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес қаржыландыру бойынша кредит беру ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсiн.

      Аудан әкiмi В. Левченко

Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 20 мамырдағы
"2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде
кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру"
бюджеттiк бағдарламасын ниеттес    
қаржыландыру бойынша кредит беру ережелерi
туралы"№N 157/5 қаулысымен бекiтiлген  

2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi
дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасын ниеттес
қаржыландыру бойынша кредит беру
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Аталған қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 2002 жылғы 25 шiлдедегi "Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ниеттес қаржыландыру негiзiнде несиелендiру үшiн заемшы банктердi анықтау мақсатында әзiрлендi.
      2. Конкурс қорытындысы бойынша жеңiмпаздарға (екiншi деңгейдегi банктер) аудан әкiмдiгiмен әлеуеттi заемшыларды несиелендiру туралы (кредиттiк) келiсiм жасау құқы берiледi.
      3. Конкурс ұсынған талаптарға сәйкес келетiн бiрнеше заемшы банк жеңiмпаз болуы мүмкiн.
      4. Кредит ауыл шаруашылығынан басқа шағын кәсiпкерлiк пен басқа да әлеуметтiк маңызды салаларға 24 ай мерзiмге берiледi.

2. Әлеуеттi конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

      5. Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен бұрын алынған несие бойынша қарызының болмауы.
      6. Конкурс өткiзу алдындағы соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң пруденциалды нормативтерiнiң сақталуы.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiткен ең төменгi жарғылық және жеке меншiк капитал мөлшерi лимитiнiң сақталуы.
      8. Аудан бюджетiне кредит ресурсын өз уақытында қайтаруды қамтамасыз ету мүмкiндiгi.
      9. Бюджет қаражатымен 50/50 пайыз көлемiнде бiрлесiп қаржыландыру негiзiнде кредит беруге мiндеттi түрде қатысу.

3. Қаржыландыру көздерi және төлем шарты

      10. Қаржыландыру көзi аудандық бюджет болып табылады.
      11. Орта мерзiмдi несие бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне заемшы банктермен төмендегi шарттар бойынша берiледi:
      1) қайтару;
      2) төлем ақы;
      3) жеделдiгi;
      4) қамтамасыз етiлуi.
      12. Тұрғындардың жеке ауласын несиелендiру бiрлесiп қаржыландыру шарты негiзiнде заемшы банктің жалпы сомасы 50% кем емес жеке меншiк қаражатының қатысуымен iске асырылады.

4. Әлеуеттi заемшылар мен заемшы банктерге кредит
беру шарты

      13. Шағын бизнес кәсiпкерлерiн несиелендiру "2004 жылға арналған жергiлiктi деңгейде кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кредит беру" бюджеттiк бағдарламасына сәйкес, ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң, бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң жазбаша ұсынымы бойынша iске асырылады (Экономика және кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмi).
      14. Аудандық бюджет қаражаты Заемшы - Банкке ставка сыйақысы бойынша ақылы негiзде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес берiледi.
      15. Заемшы-банк сыйақының орташа ставкасы бойынша несиенi жеке меншiк және банктің заемды қаражатынан ұлттық валютамен (теңге) төмендегi ставка бойынша бередi:
      жылдық орта сыйақы ставкасы бойынша 12% артық емес орта мерзiмдi кредит, соның iшiнде:
      жылдық сыйақы 5,78% ставкасы бойынша бюджеттiк қаражат;
      банктiң заемдық қаражаты 18% жылдықтан артық емес.
      16. Заемшы-банк несиелiк ұсынымға сараптама жасайды, заемшiге берiлетiн несиенiң көлемiнен 1,2-1,3 есе кем емес кепiл құнын анықтайды.
      17. Заемшiге берiлетiн кредит активтермен, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мiндеттеменiң орындалу нысанымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      18. Бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiне әрбiр заемшi бойынша қаражат бөлуге өтiнiм жiбередi, өтiнiммен шарт көшiрмесi мен заемдi қайтару кестесi қоса берiледi.
      19. Заемшы кредиттi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда заемшы банктегi бюджеттiк несие де қайтарылады.
      20. Заемшы банк бизнес жоспарды бюджеттiк бағдарлама әкiмгерiнiң сараптама ұйғарымы болғанда қарайды.
      21. Заемшы банктің бизнес жоспарды және несиелендiруге арналған басқа да құжаттарды қарау мерзiмi заемшiден құжаттар түскен күннен бастап 7 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      22. Жоба сараптамасының қорытындысы қаралып және оны несиелендiру туралы шешiм қабылданған соң заемшы банк бағдарлама әкiмгерiне бюджет қаражаттың бөлiнуiне өтiнiм жiбередi.
      23. Заемшы банк орта мерзiмдi несиенi 24 айға дейiн қайтару шартымен бередi.
      24. Заемшы ай сайын есептелген пайыз бойынша соманы қайтарады, негiзгi қарыз тоқсан сайын тең бөлiнiп қайтарылады.
      25. Кредит беру бюджеттiк бағдарлама әкiмгерi ұсынған және аудан әкiмдiгi бекiткен аудандық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Кредит берiлетiн валюта

      26. Кредиттер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен берiледi.

6. Кредит беру мерзiмi

      27. Кредит бюджет қаражатының заемшы-банк есебiне аударылған сәттен бастап 24 айға дейiнгi мерзiмге берiледi.

7. Кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету

      28. Заемшы банктің қаражатты аудандық бюджетке қайтаруы әр айдың 5-де қарызды қайтарудың бекiтiлген кестесiне сәйкес iске асырылады (Агенттiк келiсiмге қосымша).
      29. Заемшы банктің қаражатты аудандық бюджетке қайтарып бiтуi әрбiр заемшiге несие беру мерзiмi аяқталған соң заемшының қайтару қабiлетiне қарамай iске асырылады.
      30. Берiлген кредит әлдебiр себептермен игерiлмеген жағдайда заемшi банк осы фактi анықталған сәттен бастап 5 күн iшiнде бағдарлама әкiмгерiн хабардар етуге мiндеттi.
      31. Заемшi банктiң кiнәсінен мiндеттеменi орындау мерзiмi бұзылғанда бюджеттiк бағдарлама әкiмгерi заемшi банктің корреспонденттiк есебiнен бөлiнген қаражаттың сомасынан уақыты өткен әр күнiне 0,1% көлемiнде сөзсiз айыппұл алады.
      32. Заемшi банк кредит беру тәртiбiнiң орындалмауына және ақшалай қаражаттың қайтарылуына өз активiмен материалдық жауапкершiлiк бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады