Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дайындау, қайта дайындау, біліктілігін ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успенка аудандық әкімиятының 2004 жылғы 20 мамырдағы N 158/5 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 15 маусымда N 2598 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 228/7 қаулысымен

      Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009.07.24 шілдедегі N 228/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ұсынылып отырған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                В. Левченко

Аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 20 мамырдағы
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау,
қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды 
ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерi
туралы" N 158/5 қаулысымен бекiтiлдi  

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Осы Қағида бiлiм беру құқығы бар кәсiпорындарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау және олардың еңбек рыногында бәсекелестiгiн арттыруға бағытталады.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруға:
      1) мамандығы жоқ, мамандық алып, сол мамандық бойынша жұмыс iстегiсi келетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау (бастапқы кәсiби бiлiм);
      2) кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiру, (қосымша бiлiм) жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндiрiстiк талап есебiн ескере отырып жаңа технология мен техниканы игеру мақсатында бiлiктiлiгiн арттыру;
      3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi нақты кәсiбi бойынша жұмыс қабiлетiн жоғалтса жаңа мамандық алу мақсатында қайта дайындау (қайта оқыту).
      3. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi экономика және кәсiпкерлiктi дамыту бөлiмi болып табылады.
      4. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмi - 2004 жыл бойы.

2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау,
қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру

      5. Аталған бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби бағдарына тегiн қызмет көрсетедi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту бағдарламасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберудi жүзеге асырады.
      6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру бiлiм беру ұйымдарында немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бiлiм беру құқығы бар кәсiпорындарда жүзеге асырылады. (басқару мектептерiнiң мамандарын тарту арқылы).
      7. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды өткiзетiн ұйымдарды iрiктеудi Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекiтiлген тәртiпте бағдарлама әкiмгерi атқарады.
      8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды өткiзетiн ұйымдарды iрiктеуде өкiлеттi органдар мына жайларды ескередi:
      1) бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары талаптарына сәйкестiгi;
      2) өндiрiстiк практиканы ұйымдастыруға қатысу;
      3) бiлiм беру қызметiне лицензиясының болуы.
      9. Дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      10. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру ұзақтығы, шарт жасаушы жақтардың құқығы мен мiндеттерi шарт және техникалық тапсырмаға сәйкес арнайы әзiрленген оқу бағдарламасына байланысты бекiтiледi.
      11. Жұмыс берушi жұмыс орындарын (бос орынды) толықтыру және жұмысшылардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында жұмысшыларды кәсiби дайындау жүйесi бойынша және өндiрiс iшiнде оқыту жөнiндегi шараларды iске асырады.

3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыруды қаржыландыру

      12. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамытудың аудандық бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады.
      13. Бiлiм беру ұйымдарына бағдарлама әкiмгерi жiберген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру шығыны жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi қолдауды ұйымдастыру жөнiндегi жергiлiктi бағдарлама шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дайындау, қайта дайындау, бiлiктiлiгiн арттыру бойынша қызмет көрсету шартына сәйкес бекiтiлген тәртiпте қаржыландырылады.

4. Бақылау және есеп беру

      14. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi жөнiндегi бағдарлама әкiмгерi ұйымдардың оқу мерзiмiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады