Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi Алматы қалалық Кеңесi туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылғы 11 ақпандағы N 2/120 қаулысы. Алматы қалалық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 02 наурызда N 585 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 2/82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.02.13 № 2/82 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 253 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi Алматы қалалық Кеңесi - консультативтiк-кеңесшi орган құрылсын (бұдан әрi мәтiн бойынша-Кеңес).
      2. Кеңес туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн (1 қосымша).
      3. Белгiленген тәртiпте Кеңестiң ұсынылған жеке құрамы Алматы қаласы Мәслихатына бекiтуге берiлсiн (2 қосымша).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi                      В. Храпунов

      әкiмшiлiк хатшысы                           К. Тәжиева

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы "11" ақпандағы
N 2/120 қаулысына
N 1 қосымша

Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң жанындағы
үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу
және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi
Алматы қалалық Кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi Алматы қалалық Кеңесi (бұдан әрi Кеңес) Алматы қаласы әкiмшiлiгi жанындағы үйлестiру және консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
      2. Кеңестiң негiзгi мақсаты үкiметтiк емес ұйымдардың дамуына және қалыптасуына жәрдемдесу жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының өзара iс-қимыл жасауы және қолдауы негiзiнде қоғамның әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешудегi олардың ролiн көтеру.
      3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және мөлшерлемелiк құқықтық актiлерiн және сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

II. Кеңестiң мiндеттерi және
қызметiнiң негiзгi бағыттары

      4. Кеңестiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттiк билiк органдардың және үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылын жасауының ұтымды жолдарын iздестiру;
      2) әлеуметтiк мәселелердi шешетiн үкiметтiк емес ұйымдарға ақпараттық-консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
      3) үкiметтiк емес ұйымдардың әзiрлеген әлеуметтiк маңызды жобаларын жүзеге асыруға көмек беру;
      4) экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басым бағыттары туралы өкiлеттi және атқарушы үкiмет органдарының қарауына ұсыныстар енгiзу;
      5. Кеңестiң негiзгi қызметiнiң басты бағыттары мыналар болып табылады:
      1) қаланың болашақ әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарын әзiрлеуге қатысу;
      2) қоғам дамуының өзектi мәселелерi бойынша көпшiлiк тыңдауларды ұйымдастыру;
      3) мемлекеттiк емес ұйымдардың мына салаларында сындарлы бастамаларын талқылау, қолдау:
      - әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту;
      - денсаулық сақтау;
      - бiлiм, ғылым, жаңа технологиялар;
      - экология;
      - мәдениет;
      - құқықтық қорғау;
      - тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
      - жастар және балалар ұйымдары;
      - отбасы және әйелдер;
      - отанды сүю ұйымдары;
      - спорт және туризм;
      - қаржы, бизнес,экономика;
      - ақпараттық сала және БАҚ;
      - кәсiподақ бiрлестiктерi.

III. Кеңестiң негiзгi құқықтары

      6. Кеңестiң мынадай құқықтары бар:
      - мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара бiрлесiп жұмыс атқару олардан консультациялық қолдауға ие болу;
      - Кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар даярлауға және оларды өкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қарауына енгiзу;
      - заң тәртiбiне сәйкес мемлекеттiк және өзге ұйымдардан қажеттi ақпараттық материалдарды сұрастыру;
      - талқыланатын мәселелерге қатысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн Кеңестiң мәжiлiсiне шақыру;
      - Кеңестiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi алдын ала зерттеу үшiн (қажет болған жағдайда) уақытша сараптау жұмыс топтарын құру және оларды шешудiң  тиiмдi жолдарын анықтау;
      - сарапшылар мен консультанттар ретiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн тарту.

IV. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңес үкiметтiк емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың (мекемелердiң) өкiлдерi санатынан тұрақты негiзде құрылады.
      Кеңестiң жеке құрамы Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысымен Алматы қаласы Мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
      Кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның (мекеменiң) бiрiншi басшысы немесе оның орынбасарының мәртебесi бар өкiлдер, үкiметтiк емес ұйымдардан олардың бiрiншi басшылары енедi.
      8. Кеңеске тең құқықтары бар екi тең төраға басшылық етедi, олардың бiреуi үкiметтiк емес ұйымдардан сайланады, екiншiсi қала әкiмшiлiгiнiң өкiлi (лауазымы бойынша - Iшкi саясат департаментiнiң бастығы).
      9. Кеңестiң тең төрағалары мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      - Кеңес мүшелерiнiң және Кеңес шешiмдерiн жүзеге асыру аясында оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiру;
      - Кеңес мәжiлiсiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      - әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыру жөнiнде уақытша сараптау және шығармашылық жұмыс топтарының қызметiн ұйымдастырады;
      - әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыру үшiн уақытша сараптау және шығармашылық жұмыс топтарының қызметiн ұйымдастырады;
      - әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыру үшiн үкiметтiк емес ұйымдардан ұсыныстарды қарау үшiн қабылдайды;
      - Кеңестiң қызметiн жария ету үшiн және қабылданған шешiмдердiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз етуде БАҚ тұрақты байланысты жүзеге асырады.
      10. Кеңес мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi, тоқсанына бiр реттен кем емес және оған оның мүшелерiнiң тең жартысы қатысқан жағдайда өкiлеттi болып есептеледi.
      11. Мәжiлiстi өткiзудiң күнiн, уақытын, күн тәртiбiн Кеңестiң тең төрағалары анықтайды, олар Кеңес мүшелерi мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларының ұсыныстарын ескередi. Күн тәртiбi Кеңес мүшелерiне оны өткiзер алдындағы 10 күнтiзбелiк күннен қалдырылмай жiберiледi.
      12. Мәжiлiстi өткiзу тәртiбiн және сөйлеушiлердiң регламентiн мәжiлiске қатысушылар анықтайды.
      13. Кеңестiң шешiмi ашық дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатта болады. Шешiм қабылданды деп есептеледi, егер оған Кеңес мәжiлiсiне қатысқан мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берген жағдайда. Көпшiлiк дауыс алмаған Кеңес мүшелерiнiң пiкiрлерi жазбаша түрде ресiмделiп, Кеңес шешiмiне қоса берiлуi мүмкiн.
      14. Кеңес мәжiлiсi хаттамамен ресiмделiп, оған тең төраға қол қояды.
      15. Кеңес шешiмi қажет болған жағдайда үкiметтiң өкiлеттi және атқарушы органдарының қарауына берiлуi мүмкiн.
      16. Шешiмдердiң орындалуын бақылау Кеңестiң тең төрағаларына жүктеледi, олар Кеңес мүшелерiне қабылданған шешiмдердiң орындалуы жайлы тұрақты хабарлап тұрады.

V. Кеңес қызметiн қамтамасыз ету

      17. Кеңес қызметiнiң ұйымдық-техникалық қамтамасыз етiлуi Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат департаментiне жүктеледi.

      Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң
2004 жылғы "11" ақпандағы
N 2/120 қаулысына
N 2 қосымша

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң жанындағы
үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтасу
және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi
Алматы қалалық Кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ

1. Жүнiсбеков Болат - Алматы қалалық Iшкi
   Жүнiсбекұлы        саясат департаментiнiң
                      бастығы, Кеңестiң тең төрағасы

2. Цеховой Алексей  - Халықаралық Ақпарат
   Филлипович         академиясының бас директоры, Кеңестiң тең
                      төрағасы

3. Қамзанов Айтжан  - Алматы қалалық Iшкi
   Сыдықанұлы         саясат департаментiнiң бөлiм бастығы, Кеңес
                      хатшысы

Кеңес мүшелерi:

4. Аманбаев Али     - Алматы қалалық мүгедектер
   Әбiлдаұлыc         қоғамының төрағасы

5. Андреев Андрей   - "Правовая инициатива" қоғамдық бiрлестiгiнiң
                      төрағасы

6. Ахметова Лейла   - "Интеллектуалдық еңбек әйелдерi одағы" -
   Сейсенбекқызы      қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы

7. Аюханов Болат    - "Қазақстан би өнерiн
   Азизұлы            қолдау" қоғамдық қорының төрағасы
8. Бәкiрова±Ғалия   - "Дана" отбасын
   Ешмухаметқызы      әлеуметтiк қолдану орталығының директоры

9. Балабаева Нина   - "Родник" әйелдер мен
   Николаевна         балаларды бейiмдеу және рухани сауықтыру
                      орталығының директоры

10. Бахарева Ольга   - "Спешиал Олимпикс Қазақстан" қайырымдылық
    Сергеевна          бiрлестiгiнiң бас директоры

11. Бахмутова Наталья- жас көшбасшылыры
    Ивановна           қауымдастығының президентi

12. Госсен Эрвин     - Қазақстан немiстерi
    Францевич          ғылыми бiрлестiгiнiң тең төрағасы

13. Дуспулова Дина   - "Алматы - Бейбiтшiлiк
    Айсақызы           үйi" қоғамдық бірлестігінің қоғамдық
                       бiрлестiгiнiң аға үйлестiрушi

14. Елеусiзов Мэлс   - "Табиғат" Қазақстан
    Хамзаұлы           қауымдастықтары және кәсiпорындары
                       экологиялық одағының төрағасы

15. Жаппарова Шакета - әлеуметтiк-құқықтық
    Шағатайқызы        дамуға жәрдемдесу орталығының атқарушы
                       директоры

16. Илиева Ұрқыз     - Шығыс әйелдерiнiң
    Злаудунқызы        Халықаралық экологиялық
                       қауымдастығының президентi

17. Иманғазина       - "Бибi Ана" мүгедек
    Бибигуль           әйелдердiң республикалық
    Қабиқызы           бiрлестiгiнiң президентi

18. Ешмұхамедова     - "Мөлдiр" әйелдер қауымдастығының
    Ляззат             президентi
    Ескендiрқызы

19. Қараулова Әсел   - Қазақстандық баспасөз
    Әдiлқызы           клубының президентi

20. Ким Светлана     - "Тин Челлиндж Қазақстан"
    Чансебовна         қайырымдылық қорының қаржы директоры

21. Мәлiков Ернар    - "Баспана" қоғамдары
    Денбайұлы          қауымдастығы заңды тұлғалар
                       Бiрлестiгiнiң бас директоры

22. Молдахмет        - Алматы кәсiподақтар
    Мырзағали          Одағының төрағасы
    Молдахметұлы

23. Оразбаев Талғат  - Қазақстан денсаулық сақтау
    Мұратұлы           Бiрлестiктерi және ұйымдары
                       Одағының директоры

24. Пашевич Сергей   - Ауғанстандағы соғысқа
    Владимирович       қатысқан жауынгерлер
                       Қауымдастығының мүшесi

25. Пiрiмқұлов       - "Қарулы Күштер мүгедектерiне
    Амангелдi          жәрдемдесу  қорының" төрағасы
    Мүдиханұлы

26. Рахымбеков       - "Фемида" тұтынушылардың
    Сейiнбек           құқықтарын қорғаудың
    Садықұлы           қалалық орталығының төрағасы

27. Савченко         - "Қазақстан Республикасы
    Светлана Юрьевна   тұтынушылары ұлттық лигасы" қайырымдылық
                       қорының төрайымы

28. Садықова Айжан   - Қазақстан провизор-дәрiгерлерi
    Бекайдарқызы       Қауымдастығының президентi

29. Сүлейменова Роза - ақыл-ойы дамуында ақауы
    Айтжанқызы         бар балаларды әлеуметтiк
                       бейiмдеу және кәсiби еңбек бойынша
                       сауықтыру орталығының директоры

30. Тәнекеев         - Республикалық мүгедектер
    Сейдәлiм           қоғамының төрағасы
    Нысанбайұлы

31. Тукалевская      - Қазақстан Республикасы
    Наталья            Диабеттiк Қауымдастығының
    Николаевна         президентi

32. Тұрғанбай Зухра  - "Қамқорлық" дағдарыс
    Құсайынқызы        орталығының директоры

33. Филатов Владимир - "Тенгри Умай" қайырымдылық қорының
    Аркадьевич         төрағасы

34. Франц Инесса     - Даму мақсатындағы ынтымақтастық
    Владимировна       институтының президентi

35. Хабибуллина      - "Мөлдiр" шағын несие
    Ирина Викторовна   ұйымының директоры

36. Хайруллина Асия  - Балаларды асырап алу жөнiндегi
                       ақпараттық орталығының директоры

37. Хегай Аркадий    - "Халықаралық құқық қорғау орталығы"
    Юрьевич            қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi

38. Ямбаев Виктор    - Алматы кәсiпкерлер
    Вениаминович       қауымдастығының президентi

      Әкiмшiлiк хатшысы                   К. Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады