Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.03.06 N 3 Шешімімен (қол қойылған күннен күшіне енеді)
"Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің ішкі әскері туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 34-бабына және "Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген әскери қызметкерлерге қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаста қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер беру Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім облыстық әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы
"Әскери қызметкерлерге қалалық, қала
маңындағы және жергілікті қатынаста
(таксиден басқа) қоғамдық көліктердің
барлық түрінде жүруге жеңілдіктер беру
Ережелері туралы" Петропавл қалалық
мәслихатының 2004 жылғы 20 қазандағы
кезекті 8 сессиясының N 6 шешімімен
бекітілген
Әскери қызметкерлерге қалалық, қала маңындағы
және жергілікті қатынаста (таксиден басқа)
қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде
жүруге жеңілдіктер беру
Ережелері
1. Әскери қызметкерлерге қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаста (таксиден басқа) қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде жүруге жеңілдіктер алуға Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі әскері Жоғарғы әскери училищесінің және Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімі қызметкерлерінің құқысы бар.
2. Қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаста (таксиден басқа) қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде жүруге жеңілдіктер алуға сәйкес жылға бекітілген, бюджет қаражаты есебінен ай сайын жол жүру билеті түрінде беріледі.
3. Әскери қызметкерлерге қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаста (таксиден басқа) қоғамдық көліктердің барлық түрлерінде жүруге жеңілдіктер мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурс негізінде беріледі.
4. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы айдың билет бағасына қарай және Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі әскері Жоғарғы әскери училищесінің және Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімі берген әскери қызметкерлердің тізімі негізінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұтып алған заңды тұлғаның есеп шотына бюджеттік қаражатты ай сайын аударады.
5. Жол жүру билеттері, конкурстық негізде жол жүру билеттерін сату құқығын алған кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасының ІІМ ішкі әскері Жоғарғы әскери училищесінің және Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімнің сенімхаты бойынша бөлім өкілдеріне беріледі.