Облыс аумағындағы азаматтарды 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 28 сәуірдегі 93-ІІІ, Атырау облысы әкімінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі 46 бірлескен шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 2 маусымда 1986 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы№1326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"  Жарлығын  жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"  Заңының  13 бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етеді :

      1. Облыс аумағындағы шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айрылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрылымдарына 2004 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруы ұйымдастырылсын.

      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Аудандар және Атырау қаласының әкімдері:
      1) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) қала және аудан әкімдері орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
      3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мен Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының билігіне дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар, қажетті мөлшерде қызмет көрсететін және техникалық қызметкерлер санын, сондай-ақ
шақырушыларды жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін автокөліктер бөлсін;
      4) азаматтардың шақыру комиссияларында дәрігерлік тексеруден өтуі және оларды әрі қарай әскери бөлімдерге жіберу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасына келуін қамтамасыз етудің қажетті шараларын алсын;
      5) шақыру комиссиялары мүшелерінің, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинау) пункттеріне жұмысқа бөлінетін техникалық және қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмыс орындары бойынша орташа еңбек ақысы сақталсын;
      6) запасқа шақырылған әскери қызметкерлердің жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.

      4. Шақыру кезеңіндегі облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      5. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
      1) шақыру кезінде облыстық, қалалық, аудандық медициналық комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, тиісті пункттердің кабинеттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін;
      2) шақыру комиссияларымен жіберілген азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар санын бөлсін (3-қосымша);
      3) денсаулық жағдайына байланысты шақырудан кейінге қалдырылған науқас жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізуді, сонымен қатар сырқат шақырылғандарды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу бойынша жеткіншектер кабинеттерінің жұмысын ұйымдастырсын.

      6. Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша);
      1) азаматтарды әскерге шақыру кезінде Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп іс-әрекет етуді ұйымдастырсын, шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етсін;
      2) әскерге барудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіру және олардың тұратын жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құрсын;
      3) облыс қорғаныс істер жөніндегі департаментімен келісіп темір жол станцияларына, әскерге шақырушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтарды бөлуді қамтамасыз етсін.

      7. "Қазақстан темір жолы"»Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Атырау тасымалдау бөлімшесі облыс қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен аудандық (қалалық) шақыру пункттеріне дейін және
кері қарай қызмет орнына, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жолдамасы бойынша қосымша тексеру үшін дәрігерлік мекемелерге дейін және кері бағытында тасымалдауды жоспарлап, жүзеге асыру ұсынылсын.

      8. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан мекемелер басшыларына әскерге шақыру кезінде олардың қызмет орны мен орташа айлық жалақысын сақтаумен тапсырыс бойынша облыс қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қарамағына әскери міндеттілер арасынан техникалық қызметкерлерді (ер адам) жіберу ұсынылсын.

      9. Атырау облыстық мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.

      10. Атырау облыстық қаржы басқармасы 2004 жылға арналған бекітілген облыс бюджетіне сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.

       Атырау облыстық мәслихатының
       V сессиясының төрағасы

      Атырау облысының әкімі

      Атырау облыстық мәслихатының хатшысы

2004 жылғы 28 сәуірдегі N 93-111
облыстық мәслихат пен
2004 жылғы 8 сәуірдегі N 46
облыс әкімінің бірлескен
шешіміне 1 қосымша

Облыстық шақыру комиссиясының құрамы:

Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия
                            төрағасы

Рысқалиев Сағидолла
Рысқалиұлы                - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі 
                            департаментінің бастығы, төрағаның
                            орынбасары 

Нүрсейітова Тамара
Сәнімқызы                 - Атырау облысы қорғаныс істері
                            жөніндегі департаменті бөлімінің
                            бастығының көмекшісі, комиссияның
                            хатшысы

Балғожин Ерлан
Өміртайұлы                - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
                            департаменті бөлімінің аға әскери
                            дәрігері
Нұржігітов Түрікпенбай
Нұржігітұлы               - Атырау облысы денсаулық сақтау
                            басқармасы бастығының емдеу-алдын-алу
                            жұмысы жөніндегі орынбасары 

Нүриденов Кеңес Сәлімұлы  - облыстық ішкі істер басқармасы
                            бастығының орынбасары

Щербина Сергей
Александрович             - Атырау облысы қорғаныс істері
                            жөніндегі департаменті бастығының
                            орынбасары

2004 жылғы 28 сәуірдегі N 93-111
облыстық мәслихат пен
2004 жылғы 8 сәуірдегі N 46
облыс әкімінің бірлескен
шешіміне 2 қосымша

Облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның құрамы:

Балғожин Ерлан Өміртайұлы - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі
                            департаменті бөлімінің аға әскери
                            дәрігері, комиссия төрағасы

Аққұлова Светлана
Әнуарбеккызы              - терапевт, төрағаның орынбасары

Комиссия мүшелері:

Әбілдиева Шара Жағалбайқызы - тіс дәрігері
Бултакова Балганым Идияткызы - терапевт
Ыбыраев Зұлқожа Сағатұлы - фтизиатр
Қарабалин Серік Тауышұлы - тері венеролог
Рахметов Нұрлан Қуанышқалиұлы - психиатр
Сағыналиев Ибрагим Атнашұлы - оториноларинголог
Тасқалиев Шалқар Бақтығалиұлы - хирург
Ливкина Валентина Юрьевна - көз дәрігері
Төленова Зәуреш Сиражқызы - жүйке-тамыр ауруларының
дәрігері
Емшібике - 4 адам

2004 жылғы 28 сәуірдегі N 93-111
облыстық мәслихат пен
2004 жылғы 8 сәуірдегі N 46
облыс әкімінің бірлескен
шешіміне 3 қосымша

Әскер қатарына шақырылушылардың стационарлық және
амбулаториялық тексеруден өтетін
емдеу-профилактикалық мекемелерінің тізбесі

1. Облыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы (Атырау қ., Авангард мөлтек ауданы)
2. Облыстық психиатриялық аурухана (Атырау қ., Авангард мөлтек ауданы)
3. Облыстық тері-венерологиялық диспансері (Атырау қ., Авангард мөлтек ауданы)
4. Облыстық біріккен өкпе аурулары ауруханасы (Атырау қ., қара өзек аймағы)
5. 2 Атырау қалалық аурухана (Атырау қ., қ.Смағұлов көшесі, 14 үй)
6. Облыстық тіс емдеу емханасы (Атырау қ., Азаттық даңғылы, 23 үй)
7. Облыстық онкологиялық аурухана (Атырау қ.,Авангард мөлтек ауданы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады