Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 12.11.2008 № 132-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңының 28 бабы негiзiнде және қорытынды пiкiр дайындау мақсатында, сонымен бiрге ескерткiштердiң тарихи-мәдени, ғылыми құндылықтарының мәртебесiн анықтау үшiн, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет қала және құрылысы қызметi туралы" Заңының 21-бабын басшылыққа ала отырып, V сессиясында облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Облыстық кеңесшi сараптау комиссиясы құрылсын:
Мүрсалиева Тасқира Қабиқызы облыс әкiмiнiң»орынбасары,
комиссия төрайымы;
Иманғалиев Бақыт Сайынұлы облыстық мәдениет
басқармасының
бастығы, комиссияның
төрайымының орынбасары;
Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы облыстық "Тарихи-мәдени
мұраны қорғау"
коммуналдық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының
директоры, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелерi:
Әжіғалиева Рабиға Дүйсенғалиқызы облыстық мұрағат және
құжаттар басқармасының
бастығы;
Қарманов Шымыр Досмырзаұлы "облыстық сәулет және қала
құрылысы саясаты
басқармасының" бастығы;
Абдiрахманов Марат Гинаятұлы облыстық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының
бастығы;
Сәлiмбаев Ермек Қайсаұлы облыстық құрылыс кешенi
басқармасының»бастығы;
Табылдиев Хисмет Бозанұлы "Атырау" газетiнiң бас
редакторының»орынбасары,
ғалым;
Үлкенбаев Нариман Үлкенбайұлы облыстық тарихи-өлкетану
музейiнiң директоры.
2. Тарихи мәдени мұраны қорғау және зерттеу жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн (тiркелдi).
3. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң»орынбасары Т.Қ. Мүрсалиеваға жүктелсiн.
Облыстық мәслихаттың кезектi
V сессиясының төрағасы,
Облыстық мәслихат хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2004 жылғы 28 сәуірдегі
N 87-III шешiмiмен бекiтiлген
Тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу жөнiндегi облыстық сараптау комиссиясы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңының 28 бабы негiзiнде облыстық мәдениет басқармасы консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссиясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының "Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен әкiмдерiн, облыс әкiмi мен әкiмдiктiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi мен облыстық мәдениет басқармасының бұйрықтарын, олардың тарихи-мәдени ескерткiштердi есепке алу, қорғау, жаңғырту, пайдалану мәселелерi жөнiнде алқа мәжiлiстерiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссиясының негiзгi функциялары мен өкiлеттiлiктерi
1. Комиссия жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарын қарайды және мына мәселелер бойынша ұсыныс бередi:
1) тарихи-мәдени құндылықтарды тарих және мәдениет ескерткiштерi ретiнде тану жөнiнде қорытынды дайындау;
2) оларды осы мәртебесiн айыру;
3) орнатылатын ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс үлгiсiн, дайындалған және қондырылған ескерткiштiң немесе монументтiң төңiрегiндегi аумақты толық көркейтiлуiн аяқтаумен қабылдау.
2. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзырына енетiн мәселелер бойынша құқығы бар:
1) облыс бойынша ескерткiштер мен монументтердi орнату және орнына алып тастау мәселелерiн тәртiпке келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) ескерткiштер мен монументтер жағдайына баға беру үшiн облыстағы мүдделi органдар мен ұйымдардың мамандарын және кеңесшiлерiн тартуға;
4) комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардың қажеттi ақпарат сұратуға;
5) ескерткiш және монумент құрылысын салу үшiн гранттар түрiнде қаржыландыруды тарту және техникалық көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
6) комиссия мүшелерiн ескерткiштер мен монументтердi жобалау, орнату және орнына алып тасталу жерлерiне iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгiзуге.
3. Комиссия құрамы
1. Облыстық сараптау комиссиясының құрамына мыналар енедi:
- облыс әкiмiнің орынбасары;
- облыстық мәдениет басқармасының бастығы;
- облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының директоры;
- облыстық мұрағат және құжаттамалар басқармасының бастығы;
- облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасының» бастығы;
- облыстық қоршаған аумақтық басқармасының бастығы;
- құрылыс кешенiнiң басқармасының бастығы;
- облыстық тарихи-өлкетану музейiнiң директоры;
- Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң»ғалымдары.
Комиссия төрағасы, оның орынбасары және комиссиясының»жеке құрамы облыстық мәдениет басқармасының ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
4. Консультативтiк сараптамалық комиссия қызметiн ұйымдастыру
1. Комиссиясының»мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқықтық өкiлеттiкке ие деп саналады.
2. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiкке дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия мәжiлiстерiн өткiзу нәтижелерi бойынша хаттама жасалып, оған мәжiлiске қатысқан мүшелерi қол қояды.
3. Комиссиясының жұмысшы органы болып облыстық мәдениет басқармасы табылады.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы