Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, III шақырылған
облыстық мәслихаттың IX сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 162-III "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 25 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы"
қаулысына (әділет департаментінде 2004 жылғы 27 ақпанда № 1861 тіркелген, 2004 жылғы 15 наурызында № 31 "Прикаспийская коммуна" газетінде жарияланған, Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 29 қазанда № 2194 тіркелген облыс әкімиятының 2004 жылғы 6 қазандағы № 192 қаулысымен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармағындағы "Атырау облыстық қаржы басқармасы" сөздері "Атырау қаласы және аудандар әкімдері" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
4-тармақтағы "Уәкілетті орган" сөздері "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Байғожинге жүктелсін.
Облыс әкімі