Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 441 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 20 мамырда N 1801 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А. Марченкода өткен кеңестің 2004 жылғы 19-қаңтардағы N 24-11/005-683 хаттамасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының  27-бабы  1-тармағының 21)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия құрылсын.

      2. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітілуіне енгізілсін. 
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін. 
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Облыс әкімі

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 
2004 жылғы 26сәуірдегі N 441 
қаулысына қосымша

Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар
қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі-Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      Комиссияны құрудың мақсаты облыстың бюджет саласындағы мемлекеттік органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау мәселелері жөніндегі іс-әрекетін үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
      Комиссия өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Халықты жұмыспен қамту туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын, өзге нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі қызметтері

      2. Комиссия өз іс-әрекетінің барысында мынадай міндеттер мен қызметтерді атқарады: 
      1) жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органдардың Шығыс Қазақстан облысында орналасқан білікті кадрларға сұранысты болжау мәселелері жөніндегі бюджет саласының мекемелері және ұйымдарымен бірлесіп әрекет жасау;
      2) кадрларды кәсіби даярлаумен айналысатын жергілікті органдар мен мекемелерге бюджет саласының білікті жұмысшылар мен мамандарға сұранысын болжау әдістемесін енгізу және зерттеу жөніндегі әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсету;
      3) бюджет саласына білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін болжау проблемалары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  3. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру

      3. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия мәжілісін төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - қажеттікке байланысты төрағаның орынбасары, бірақ жылына екі реттен кем емес шақырады. Комиссияның мәжілісі, Комиссия мүшелерінің 2/3 қатысса, ақиқат болып есептеледі. 
      4. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Комиссияның ұсыныстарын әзірлеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 
      5. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие болып ашық дауыс берумен қабылданады, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көбі ол үшін дауыстарын берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      6. Комиссия мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша төраға мен хатшының қолдары қойылған хаттама әзірленеді.
      7. Комиссияның жұмыс органы болып Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы табылады.

       Шығыс Қазақстан облысы 
      әкімінің аппараты басшысының
      орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады