Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 859 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 11 маусымда N 1835 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 325 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.04.23 N 325 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы" қаулысының, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 қарашадағы N 242 "Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңес құру туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу N 1535) негізінде, осы жұмысты үйлестіру үшін Өскемен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес құрылсын:
       2. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің Ережесі бекітілсін.
       3. Қала әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің (Нұрғазиев А.Қ.) қала әкіміне Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында бекіту үшін мүгедектердің істері жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын келісімге ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Байбатчинге жүктелінсін.

      Өскемен қаласының әкімі

Өскемен қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 11 маусымдағы
N 859 қаулысымен бекітілген

Мүгедектердің істері жөнінде Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Мүгедектердің істері жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      Кеңес құрудың мақсаты мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіру, облыстағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық және қайырымдылық мекемелері мен бірлесіп әрекет жасау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
      Кеңес өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қорғау туралы", "Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, басқа да құқықтық-нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      2. Кеңес өз іс-әрекетінің барысында келесі міндеттер мен қызметтерді атқарады:
      1) мүгедектік және мүгедектердің мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасау;
      2) мүгедектіктің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғау, білім беру және кәсіптік дайындау, мүгедектерді еңбекпен қамту мәселелерімен айналысатын Өскемен қаласы әкіміне ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;
      3) мүгедектердің мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дайындау және оларды тиісті органға енгізу.

3. Кеңестің іс-әрекеттерін ұйымдастыру

      3. Кеңесті төраға басқарады.
      Кеңестің мәжілісін қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес төраға немесе оның тапсырмасымен орынбасары өткізеді.
      4. Кеңестің хатшысы жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды дайындауды, Кеңестің ұсыныстарын әзірлеуді жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамалар ретінде жүзеге асырады.
      5. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған Кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      6. Кеңес мәжілістерін өткізу нәтижелері бойынша төраға мен хатшының қолдары қойылып хаттама әзірленеді.

      Өскемен қаласы әкімінің
      кеңесшісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады