Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2009.04.15 N 4002 қаулысымен.
Отбасының мүдделерін қорғау, ауданның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне әйелдердің белсене қатысуына жағдай туғызу мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабының 14), 17)-тармақшасына сәйкес, Катонқарағай аудандық Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімі жанынан отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
2. Аудан әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша)
3. Аудан әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту үшін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Сәдуовке жүктелсін.
Катонқарағай ауданының әкімі
Катонқарағай аудандық әкімиятының
2004 жылғы 3 наурыздағы N 954 қаулысына
N 1 қосымша
Катонқарағай ауданы әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер
ісі жөніндегі аудандық комиссияның
ҚҰРАМЫ
1 |
Ағажаева Нағима |
аудан әкімі аппаратының басшысы, |
2. |
Қоңырова Гүлмира |
аудан әкімі аппаратының ішкі |
3. |
Мұқатаева Бақытжан |
ішкі саясат және әлеуметтік сала |
Комиссия мүшелері: |
||
4. |
Темірғалиева Үміт |
аудандық қаржы бөлімінің |
5. |
Тоқсанова Лаура |
аудандық еңбек және халықты |
6. |
Лысова Галина |
аудандық білім беру бөлімінің |
7. |
Жақсылықова Сәуле |
аудандық орталық аурухананың бас |
8. |
Мұқанова Нина |
Катонқарағай ауылдық округі |
9. |
Қалмақбаева Балия |
аудандық мәдениет бөлімінің бас |
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Катонқарағай аудандық әкімиятының
2004 жылғы 3 наурыздағы N 954 қаулысына
N 2 қосымша
Катонқарағай ауданы әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі
жөніндегі аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Аудан әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан былай комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия іс-қимылдарының құқылық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, аудан әкімі және әкімиятының актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның белгілі артықшылықтарына және ұсыныстарына сәйкес отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша кешенді аймақтық бағдарламалар қалыптастыру;
2) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдылық және психологиялық қолдау жөнінде басқа да шараларды белгілеу мен жүзеге асыруға қатысу;
3) үдеме өндіріс процестеріне және халықтың денсаулық, ана мен баланы қорғау жағдайына, отбасылары тұрмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайларына кешенді талдау жасауды жүргізу;
4) отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік,саяси және мәдени өміріндегі нақты жағдайлары мәселелері бойынша ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу;
5) жергілікті өкілетті және атқарушы органдарда әйелдер өкілдіктерін кеңейтуге ықпал ету;
6) әйелдерді қатыстырумен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды жасауға және оларды жүзеге асыруға қатысу;
7) жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешімдер жобаларын қарауға қатысу;
8) көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға, жалпыға бірдей мектеп білімін беруді қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша басқа әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау;
9) комиссияның құзырына енетін мәселелер бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдар үшін ұсыныстар әзірлеу;
10) аймақта отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайларын неғұрлым толық және объективті көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қимылдасу;
11) өз құзыры шеңберінде барлық мүдделі ұйымдармен ынтымақтасы, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша аймақтық конференциялар, семинарлар өткізу.
4. Комиссия өзінің құзыры шеңберінде құқылы:
1) аудан әкіміне тікелей бағынышты және есеп беруші мемлекеттік органдар басшыларын өз мәжілістеріне шақыруға және тыңдауға;
2) өз іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды белгіленген тәртіпте сұрап алуға;
3) тиісті жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін регламенттеуші заңдарды бұзуға жол берілген фактілер бойынша тексерулер және қызметтік тергеулер жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;
4) функциялары бойынша осындай төменгі комиссиялардың іс-қимылдарын үйлестіруге және бақылауға;
5) әйелдер арасынан кандидатураларды басшы қызметтерге жоғарылатуға ықпал жасауға;
6) отбасыларының, әйелдер мен балалардың жағдайларын жақсарту мақсатында жергілікті мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарға статистік, аналитикалық әдістемелік және басқа ақпараттық материалдар жолдауға.
ІV. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия өз іс-қимылдарын аудандық әкімият қаулысы бекіткен Ереже негізінде жүзеге асырады.
6. Комиссияны төрағасы басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары болуы мүмкін.
7. Комиссияға әдеттегідей жергілікті мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың өкілдері енеді.
Комиссияның саны және дербес құрамын аудан әкімі комиссия төрағасының ұсынысы бойынша белгілейді.
8. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда,бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
9. Комиссия шешімі мәжіліске қатысушы комиссия мүшелері санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс беру тең түскенде төрелік етушінің даусы шешуші болып табылады.
Комиссия мәжілісі егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса толық құқылы болып табылады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
10. Комиссия төрағасы:
1) комиссия іс-қимылдарын ұйымдастырады және оған басшылық етеді;
2) комиссия мәжілісінің күн тәртібін белгілейді;
3) комиссия мәжілісін шақырады және оған төрелік жасайды;
4) комиссия мүшелерінің арасынан комиссия мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашы белгілейді;
5) аудан әкімі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы алдында комиссия жұмысының қорытындылары туралы тоқсан сайын есеп береді;
6) аудан әкімиятының қаулысында көзделген басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы