Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында азаматтардың міндетті қауіпсіздік Ережесі туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 2 шілдедегі № 9-2 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 шілдеде № 2741 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 30 мамырдағы № 9-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.05.2013 № 9-11 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында азаматтардың міндетті қауіпсіздік Ережесі" бекітілсін (ұсынылады).
      2. "Батыс Қазақстан облысындағы су айдынында азаматтардың міндетті қауіпсіздік Ережесі" Батыс Қазақстан облыстық судан құтқару қызметіне (В.В. Ним), облыстың барлық азаматтарына жеткізіліп және оның орындалуына қадағалау орнатылсын.
      3. Шешімнің орындалуын қадағалау экология, табиғи және техногендік процесстер мәселесі бойынша тұрақты комиссияға (Қ. Қ. Бозымов) жүктелсін.

      Сессия төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2004 жылғы 2 шілдедегі
N 9-2 шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының су қоймаларында
азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті
ЕРЕЖЕЛЕРІ

І. Жалпы ережелері

      1. Осы Ережелер Батыс Қазақстан облысының су қоймаларын көпшілік демалысы, туризм және спорт мақсатында пайдалану ретін белгілейді.
      2. Ережелер меншіктің барлық түріндегі су қоймаларын пайдаланушы және иелік етушілердің суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
      3. Құтқару күзеттерінсіз, даярлықтан өткен құтқарушы кадрларсыз және облыстық суда құтқару қызметі, облыстық санитарлық-эпидемиялық қызмет органдарының тиісті рұқсатынсыз су қоймалары жағасында жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларын, су станцияларын және көпшілік демалатын өзге нысандар ашуға тыйым салынады.
      4. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар өздеріне бекітілген су қоймаларында адам өмірін қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерін жабдықтап, күтімде ұстау ісіне жауап береді.
      5. Ведомстволық және қоғамдық құтқару күзеттерінің жұмысына бақылау жасау осы күзеттер бағынатын ұйымдардың әкімшілігіне, сондай-ақ облыстық суда құтқару қызметіне жүктеледі.
      6. Жағажайларда, су маңындағы көпшілік демалатын орындарда, жалға қайық беретін станцияларда және шағын кемелердің тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған құралдар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауіпсіздік сақтаудың тәртібі ілінуі тиіс.

ІІ. Жағажайларды, жүзу әуіттерін және
су жағасында көпшілік демалатын орындарды
пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары

      7. Суға түсу тыйым салынған, соның ішінде бактериялық немесе химиялық залалдануға ұшырайтын жерлерге "Суға түсуге тыйым салынады" деп жазылған белгілер орнатылады.
      8. Су маңындағы көпшілік демалатын орындарда спирттік ішімдіктер сатуға тыйым салынады.
      9. Жағажайларда және су маңындағы көпшілік демалатын орындарда міндетті түрде алғашқы жедел дәрігерлік жәрдем көрсету үшін кезекші қызметкерлері бар үй-жай жабдықталады. Алғашқы дәрігерлік жәрдем пункті суда апатқа ұшырап, жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажет құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
      10. Көпшілік суға түсетін орындарда, жағажайларда, демалыс базалары мен жүзу әуіттерінде судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған материалдары бар стенділер көрнекі жерлерге жабдықталып қойылады.
      11. Әр жағажайда ол жұмыс істеп тұрған уақытта тәртіп қадағалайтын жағажай әкімшілігінің өкілі болуы керек, 12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың қадағалауымен жіберіледі.
      12. Суға түсушілерге:
      1) белгінің және қоршаудың сыртына жүзіп шығуға;
      2) моторлы, желкенді және өздігінен жүрмейтін кемелерге, ескекті қайықтарға жақындап жүзуге;
      3) қайықтан, катерден, су велосипедінен, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секіруге;
      4) мас күйде суға түсіп, шомылуға;
      5) тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының рәзеңкесімен, доппен және т.б. жүзуге;
      6) суда сүңгіп, шомылушыларды тартып әкететін ойын ойнауға;
      7) жағажайға ит және басқа жануарларды әкелуге;
      8) су қоймаларын ластауға, қоқытуға;
      9) жағада қағаз, банкі, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға қатаң тыйым салынады.
      13. Жүзу сабақтары арнайы бөлінген орындарда ғана өткізілуі тиіс. Суда адам қауіпсіздігін ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткізуші оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиеші) жауап береді.
      14. Судағы спорт түрлерімен шұғылданушылардың баршасы құтқарудың әдістеріне және зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсетуге үйретілген болуы жөн.
      15. Жыл сайын суға түсу маусымы алдында, сонан соң айына кемі бір рет шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуірлер тексеріп шығып, болса көлденең заттардан тазартылуы керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегері не су қоймасы бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетіне кіреді.
      Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуіршілер облыстық суда құтқару қызметімен жасасқан келісім-шартқа сәйкес жүргізеді.
      Жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге жағажай төлқұжаты табыс етіледі.
      Тиісті дәрежеде рәсімделген құжаттары жоқ тексерілмеген жағажай адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп есептеледі, ал оларды пайдалануға жол берілмейді.

ІІІ. Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

      16. Суда балалар қауіпсіздігін сақтауды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді және оған мынадай алдын-алу түсінік шаралар кешенін өткізу арқылы қол жеткізіледі:
      1) суға түсетін жерлерді дұрыс таңдау;
      2) балаларды жүзуге үйрететін су айдыны участкелері мен жағажайларды жабдықтау;
      3) ведомстволық күзет орындары мен медициналық пункттер ашу;
      5) суда өзін-өзі ұстау және су нысандарын пайдалану барысында сақтық шараларын сақтау тәртібі туралы жүйелі түсінік жұмысын жүргізу.
      17. Мектеп лагері, балалар мекемесі жағажайларында суға түсетін жерлерде 9 жасқа дейінгі балаларды суға түсіріп, жүзуге үйрету үшін тереңдігі 0,7 м. аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе білмейтін ересек балаларға арнап 1,2 м-ден терең емес су учаскелері жасалуы керек.
      9 жасқа дейінгі балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетіне шығып тұратын биіктігі кемі 80 см. келетін қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшін темір арқанға бекітілген қалтқы желімен тартылып тасталады.
      Тереңдігі 2 м. дейін баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе білетін балаларға рұқсат етіледі. Бұл тереңдіктер бір-бірінен 25-30 см. қашықтықта орналасқан белгілермен қоршалады.
      18. Мектеп лагерінің, балалар мекемесінің жағажайы, белгіленген санитарлық талаптарға жауап беріп, абаттандырылып, жаға жағынан шарбақ қоршаумен қоршалып, көлеңкелі қалқалармен қоршалуы керек.
      19. Балалар жағажайын ашуға оны жергілікті әкімшілік төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің құтқару орталығының суда құтқару қызметінің өкілдерінің қатысуымен арнаулы құрылған комиссияның тексеруінен соң ғана рұқсат беріледі. Тексеру жөнінде арнаулы акт жасалады.
      20. Суға шомылу кезіндегі балалар қауіпсіздігінің жауапкершілігі жүзу жөніндегі нұсқаушыға жүктеледі.
      21. Балаларға шомылуға 10 адамнан аспайтын топпен бірге, жүзе алатын ересектердің қадағалауымен 10 минөтке рұқсат беріледі.
      22. Жүзе білмейтін балалар суға жүзе білетін балалардан бөлек түсуі керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерінің не мекемесінің жетекшісі ұйымдастырып, бақылау жасайды.
      23. Шомылу медицина қызметкерлерінің және жүзе білетін, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылушыға әдістемелік басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды.
      24. Сабақ жүргізу ыңғайлы болуы үшін жағалаудың суға еніп жатқан тұсынан қоршалып алаң жасалады.
      25. Балалар суға түсіп жатқанда бүкіл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруіне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, ойын, спорт шараларын өткізуге тыйым салынады.
      26. Жорық, серуен және экскурсия кездерінде балалардың шомылуы үшін түбі жайпақ, діңгек, түбіртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза тайыз тұстар таңдап алынады. Сондай жерлерді сүңги білетін, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдістеріне ие ересектер тауып, тексеруден өткізеді. Шомылу аймағының шекарасы белгі, сайгак, сырықпен және өзге де бейімделген нәрселермен белгіленіп қойылады. Шомылу ересектердің бақылауымен барша сақтық шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
      27. Қайықпен, катермен серуендеу ересектердің басшылығымен өтеді. Катер және моторлы қайықтарды жүргізуге жүзбелі құралдарды дербес басқаруға берілген арнайы құқы бар адамдар ғана жіберіледі.
      28. Тыйым салынады:
      1) катерге, қайыққа белгіленген нормадан артық жүк алуға;
      2) ересектердің еріп жүруінсіз 16 жасқа дейінгі балаларды серуендетуге;
      3) 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге;
      4) қайықтан суға секіруге, онда тұрып шомылуға;
      5) катер, қайық жүріп келе жатқанда оның жиегіне отыруға, орын ауыстыруға, өзге катер, қайыққа ауысып отыруға болмайды.
      Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкәммалдар болуы тиіс.
      29. Қараңғы түсісімен жағажай әкімшілігі жағалауды сүзіп шығу үшін патруль (кезекші, жауапты адам) бөлуге міндетті.

ІV. Мұзда қауіпсіздік сақтаудың жалпы ережелері

      30. Қатқан суларды арнаулы мұз өткелдері (жаяуларға және арба көлікке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етіледі, мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегі мұздың беріктігіне көз жеткізіп алу керек. Мұздың беріктігін ағаш келдекті сүйменмен ұрып байқау ұсынылады, қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды.
       МҰЗ БЕРІКТІГІН АЯҚПЕН ҰРЫП БАЙҚАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
      31. Әлсіз мұз үстімен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстіне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүріп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетіне ой-шұқыры беймәлім тұстардан, әсіресе жарғабақтан түсуге болмайды.
      32. Өзенді (су қоймасын) мұз үстімен тыйым салынған және қауіпті тұстардан кесіп өтуге рұқсат етілмейді, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек.
      Қызыл су жүре мұз үстінде шығуға қатаң тыйым салынады.

V. Жүзбе құралдарын жалға беретін станцияларын
(пункттерін) құру, күту және пайдалану

      33. Жүзбе құралдарын жалға беретін станцияларды (пункттерді) құруға және пайдалануға беруге облыстық суда құтқару қызметі және мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен алдын ала келісе отырып, жергілікті әкімшілік рұқсат етеді.
      34. Қайық тұрағы құтқару шеңберлерімен (тұрақ, желісінің әр 10 м-не бір шеңберден), өзге құтқару құралдарымен және өрт сөндіру мүкәммалымен жабдықталуы керек.
      35. Жалға беретін пункт тұрған судың айдын беті жалдық жүзбе құралдарды шығаруға болмайтын қалқыма белгілермен белгіленеді.
      36. Әрбір жалға беру станциясының жанынан құтқаруға арналған керек-жарағы, жасақшы-құтқарушылары бар, кезекші қайыққа ие құтқару күзетті құрылады.
      37. Жалға берілетін жүзу құралы міндетті түрде ақаусыз болып, ескек ілмегі, құрал байлап қоятын жіп, су қотаратын ожау, құтқару керек-жарағы комплектілерімен жабдықталуы керек және көліктік басқарманың жылсайынғы куәландырылған жөнінде белгісі болуға тиісті.
      38. Жалға беру станциясының кассалары мен демалушылар жайғасатын орындықтар жағада орналасады. Қайыққа мінгізіп-түсіретін орын оларды күтіп тұратын жерлерден бөлек болады. Мінгізіп-түсіру жалға беру станциясының кезекші құтқарушысының бақылаумен жүргізіледі.

VІ. Қазақстан Республикасының ішкі сулары мен
теңіз жағалауына тақау учаскелерде адам өмірін
қорғау Ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік

      39. Осы Ережелерді бұзғаны үшін тәртіпке шақыру, материалдық және әкімшілік жауапқа тарту белгіленеді.
      40. Осы Ережелер талаптарының орындалуына бақылау жасау жергілікті әкімшілік органдары, су қоймалардың иеленушілері, жағажай және жалға беру пунктін жауапты адамдары мен облыстық суда құтқару қызметіне жүктеледі.
      41. Суда адам өмірін қорғау Ережелерінің орындалуына бақылау жасау өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін облыстық суда құтқару қызметінің қызметкерлеріне:
      1) меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға суда қауіпсіздік талаптарын және нормативтік-құқықтық, нормативтік-техникалық актілерді сақтау шараларын бұзу фактілері бойынша орындалуы міндетті ұйғарымдар жіберу;
      2) көпшілік пайдаланатын су нысандарына, судағы көлік құралдары мен өткелдерге келісім-шарт негізінде техникалық куәландырулар жүргізу, оларды пайдалануға тыйым салу, азаматтар, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға олар қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда белгіленген тәртіппен әкімшілік шара қолдану;
      3) суда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға талдау жасап, өткізу бойынша меншіктің барлық түріне жататын ұйым, кәсіпорындардың ведомстволық құтқару станциялары мен күзеттері қызметіне бақылау жасау;
      4) дауыл ауа райы қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықтың еріп жүруінсіз шығып кеткенде барлық шағын кемелерді аймақ-тұрағына қайтару құқы беріледі.
      42. Құтқару қызметі өкілдерінің суда қауіпсіздік сақтау шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс бажалары, жүзу әуіттері, басқа да су нысандары әкімшіліктері үшін, соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшін, шағын кемелерді жүргізушілер үшін, сондай-ақ меншіктің қай түріне жататындығына қарамастан ұйымдардың басшыларына міндетті болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады