Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Cырым аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 5-2 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 29 сәуірде N 2654 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 30-17 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 25.12.2006 № 30-17 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан бойынша тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер көрсету нормативтері N 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Сессия төрағасы Б.Даулетов
      Мәслихат хатшысы А.Галимов

  Аудандық мәслихаттың
кезекті V-сессиясының
2004 жылғы 6 сәуірдегі
N 5-2 шешіміне N 1 қосымша

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы
Ереже
1. Тұрғын үй көмегі

      1. Тұрғын үй көмегі халықтың табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға берілетін, халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.

      2. Отбасы бюджеті есебінен қамтамасыз етілетін тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер шығыны нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек. Tұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер шығыны осы мақсаттардағы шекті шығын үлесінен асса, Республиканың тұрғылықты тұрғындарына тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Tұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 30 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.

      3. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемнің және отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі құрамына:

      - жылу (көмір, қи-тезек сатып алу), суық су, газ, электр жарығы шығындары кіреді.

      5. Тұрғын үй көмегі аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органымен тағайындалады.

      6. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысына (жалдаушы), тұрақты баспанасы жоқ жеке тұлғаға тағайындалады. Мекемелер қарамағындағы тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларға, белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.

      7. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, мүгедектерді және 80 жастан асқан қарияларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, үш жасқа дейінгі, үш-үштен жоғары балаларды тәрбиелеп отырған (кіші баласы бірінші сыныпты аяқтағанша) адамдарды қоспағанда, тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

      8. Тұрғын үй көмегін төлеу кезінде туындаған даулы жағдайда аудандық мәслихат жанындағы тұрғын үй көмегі жөніндегі тұрақты комиссия Заңға сәйкес шешеді.

      9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау және пайдаланған коммуналдық қызметтер шығынын меншік иесіне (жалдаушы) белгіленген мөлшер шегінде есептелген сомамен салыстырғанда кеміту үшін аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек. Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің есеп шоттарына аударылады.

      Тұрғын үй көмегі белгіленген заңнамалар тәртібіне сәйкес тендерде жеңіп шыққан, Қазақстан Ұлттық банкісінен тиісті банк операциясы түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі үш жақты келісім-шарт бойынша жүргізіледі. Келісім-шарт әлеуметтік қорғау бөлімі, қызмет көрсетуші мекеме және тұрғын үй көмегін жүзеге асыратын мекеме арасында жасалады.

      10. Тұрғын үй көмегі арыз берген күннен бастап, 6 ай мерзімге тағайындалады. Отбасының табысы, коммуналдық тарифтер өзгерген жағдайда, әлеуметтік қорғау органдары бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.

      11. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы әлеуметтік қорғау органдарына хабарлап отыруы керек, егер көмек дұрыс есептелмесе 10 күн ішінде хабарлауы керек.

      Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй көмегі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

      12. Тұрғын үй көмегін алушылардың тұрғын үйінің көлемі нақты көлеммен есепке алынады, бірақ кісі басына шаққанда 18 шаршы метрден аспауы қажет.

2. Тұрғын үй көмегін есептеу

      2.1. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызының және оған қоса берілген отбасы құрамы туралы, отырған үйдің ауданы көрсетілген кітапша, өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер шығыны, мүгедектерді бағып-күтіп отырғаны жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті.

      2.2. Берілген құжаттарды қарағаннан кейін отбасына шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, біреуі меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарт тұрғын үй көмегін төлеуге негіз болып табылады.

      2.3. Арыз берушілердің берген құжаттарының растығына күмән туса, әлеуметтік қорғау органы қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

      2.4. Отбасының жиынтық табысына бір жолғы берілетін жерлеу және бала көрінгенде берілетін көмектен басқа, отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметтен, мүліктік кіріс, мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы, алимент, ақшалай-заттай ұтыстар, қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс көздері және әлеуметтік түрлері көмек кіреді.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      3.1. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен белгіленген мөлшерде қаржыландырылады.

      3.2. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі пәтерлер иелерінің және жалдаушылардың тізімдерін рәсімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп, әр айдың 7-не қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді береді.

      3.3. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына кемінде бір рет тексеруге міндетті.

      3.4. Құжаттардың дұрыс ресімделмеуіне байланысты, тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.

  Аудандық мәслихаттың
кезекті V-сессиясының
2004 жылғы 6 сәуірдегі
N 5-2 шешіміне N 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - аудандық мәслихаттың 2004.06.02 N 7-1 Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады