Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) Шошқаның африкалық обасын алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі;
2) Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын (Тешен ауруы) алдын алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2005 жылғы 10 қаңтардағы
N 7 бұйрығымен бекітілген
Шошқаның африкалық обасын алдын-алу және жою бойынша
іс-шаралары жүргізудің Ветеринариялық ережесі
Осы Ветеринариялық ереже, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде шошқаның африкалық обасы ауруының алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Шошқаның африкалық обасы - жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтетін және көбінесе өліммен аяқталатын аса жұқпалы вирустық ауруы. Жас шамасына және тұқымына қарамастан, жабайы және үй шошқалары ауырады.
2. Шошқаның африкалық ауруына диагнозды эпизоотиялық, клиникалық, патоморфологиялық белгілер негізінде және зертханалық зерттеулер нәтижелерімен қояды.
3. Шошқаның африкалық обасына зертханалық диагноз қоюды жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттейтін арнайы ветеринариялық зертханаларында немесе арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған ветеринариялық ғылыми зерттеу мекемелерінде жүргізеді.
2. Шошқаның африкалық обасы қоздырғышының
енуінің алдын алу іс-шаралары
4. Қазақстан Республикасы аумағында шошқаның африкалық обасы қоздырғышының енуінің алдын алу мақсатында тиым салынады:
1) Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасынан таза емес мемлекеттерден үй және жабайы жануарларды, олардың өнімдерінің барлық түрлерін және жем-шөптік азықтарын әкелуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлік иелеріне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасынан таза емес шет мемлекеттерден сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын өнімдерін (консервілерден басқа) әкелуге;
3) кемеден, әуе көлігінен, поездан, автокөліктерден және басқа да көліктерден, азық қалдықтары мен қоқыстарды теңіз порттары аумағына, темір жол және тас жол бойына төгіп тастауға. Шошқаның африкалық обасымен ауырған таза емес мемлекеттерден келген кемедегі лас су қалдықтары залалсыздандырылады. Ет, ет өнімдерін сақтайтын тоңазытқыш камераларды және теңіз, өзен кемелеріндегі қоймалары жағалауына тоқтап тұру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы тоқтап тұру мезгілі біткенше пломбалап бекітіп қояды;
4) шекара темір жол станциясы, өзен, теңіз аумақтарында және халықаралық әуе қатынасы аумағында шошқаларды ұстап тұруға.
5. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттері жергілікті ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, шет елдерден келген кемеден, әуе көлігінен, поездан, автокөліктерден, вагон-ресторандардан, рефрижераторлардан және басқа да көліктерден, түсірілген азық қалдықтарын жинауды және залалсыздандыруды шошқаның африкалық обасының таралған немесе таралмағанына қарамастан, ұйымдастырылуы тиіс. Бұл қалдықтар, қаланың күл-қоқыс орындарынан бөлек арнайы жабдықталған жерлерде, қаланың (ауданның) бас ветеринариялық инспекторы мен санитариялық-эпидемиялық бақылаушылардың келісімімен өртеу арқылы жойылады.
6. Шет елдерден келген жолаушылардың, экипаждардың жүктерін, қол жүктерін, халықаралық почта-байланыс жүктерін және қол жүктерін (Шошқаның африкалық обасына қолайсыз елдерден) кеден қызметкерлері тексереді, егер сол жүктердің ішінде мемлекеттік ветеринариялық объектілер бар болған жағдайда, тиісті шаралар қолдану үшін, теңіз, өзен және әуе порттарында, шекаралық темір жол станцияларында орналасқан шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінің ветеринариялық мамандарына хабарлайды.
7. Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде шошқаның африкалық обасы шыққан жағдайда және Қазақстан Республикасына вирустың енуіне қауіп төнген кезде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошағы пайда болған кезде, жергілікті облыстық, аудандық (қалалық) атқару органдары шошқаның африкалық обасына қарсы күресу үшін арнайы комиссия құрады. Комиссия құрамына, ауруды жою және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және атқару үшін, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері кіреді.
8. Қазақстан Республикасымен шекаралас елді мекенде, шошқаның африкалық обасы шыға қалған жағдайда облыстық, аудандық (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары шекаралас барлық елді мекендерді, шошқа шаруашылықтарын, мал иелеріне, мал өнімдерін өңдейтін мекемелердің басшыларына және халықты тамақтандыратын мекемелердің басшыларына аурудың қауіпті екендігін және одан құтылудың жолдарын, Қазақстан Республикасы аумағында вирустың енуін болдырмауды кеңінен түсіндіреді.
3. Шошқаның африкалық обасы ауруына күдіктенген
жағдайда атқарылатын іс-шаралар
9. Шаруашылық субъектісінде шошқаның африкалық обасы ауруына күдіктенген жағдайда, сол ауылдық округте, ауылда, қалада қызмет көрсететін ветеринариялық маман, жедел түрде ауылдық округтің ветеринариялық инспекторына және ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына ауру шығуы жөнінде хабарлайды.
10. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, шошқаның африкалық обасына күдік бар деген хабарды алғаннан кейін, сол жерге таза емес пунктке эпизоотиялық тексеріс жүргізуге және эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтауға жедел түрде жетіп, эпизоотияға қарсы келесі шараларды қолдануы тиіс:
1) ауруға күдікті және ауырған шошқаларды сол орнында оқшаулау;
2) жануарларды (құстарды қоса алғанда) етке союды және мал өнімдерін (ет, май, тері, қауырсын, түбіт) сатуға тиым салу;
3) ауру шыққан елді мекеннен, шаруашылықтан көліктерді және жұмысшы қызметкерлерді санитарлық дауалаусыз шығарылмайды, сонымен қатар шаруашылықтың аумағынан жануарларды, құстарды жануарлардан өндірілген заттар мен шикізаттарды, жем-шөптерді және басқа да жүктерді шығаруға болмайды.
11. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның африкалық обасы бар деген күдік хабар түскеннен кейін келесілерге міндетті:
1) ауру шыққан жерге жедел жетіп, аурудың қоздырғышының шығуы және ену жолдарын, күдікті эпизоотиялық аумақтың шекарасын анықтау, індетке шалдыққан объектілердің барын, індеттің таралу жолдарын анықтайды және аурудың таралмауына шаралар қолданады;
2) шошқаның африкалық обасы ауруына күдік болған кезде ауданның (қаланың) атқарушы органның қолданылған шаралар туралы жоғарғы ветеринариялық органға, тиісті шаралар қолдануы үшін көрші аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына шұғыл түрде хабарлауға.
12. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның африкалық обасына күдік туралы мәліметті алғаннан кейін, тез арада Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті мемлекеттік ветеринариялық органына хабарлауға міндетті, сол мезетте облыстық бөлімнің ветеринариялық қызметкерімен зертхана қызметкерін қоса эпизоотологиялық жағдайды мұқият анықтауға, жануарларды клиникалық байқауға, өлген шошқаларды жарып көруге, зертханаға жіберілетін паталогиялық материал алуға, аурудың таралуын алдын алу және жою шараларын өткізуді ұйымдастырады.
13. Алынған патологиялық материалды, патологиялық материалдарды және сынамаларды алу және жөнелту туралы белгіленген тәртіпті сақтай отырып, арнайы маманмен мамандандырылған ветеринариялық лабораторияға немесе тиісті ғылыми зерттеу институтына шошқаның африкалық обасын анықтауға жібереді.
4. Шошқаның африкалық обасын жою туралы іс-шаралар
14. Шошқаның африкалық обасының диагнозы анықталғаннан кейін, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шаруашылық субъектіні, ауданды, облысты шошқаның африкалық обасына эпизоотологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27-ші бабының 1-ші тармағын басшылыққа ала отырып, жергілікті атқару органдарына карантин немесе шектеу қою жөнінде ұсыныс жасайды және эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды, онда тиісті алдын алу және жою шараларын өткізуді ұйымдастырады.
15. Эпизоотиялық ошақтың шекарасын және қауіп төнген аумақты анықтағанда мыналарды басшылыққа алады:
1) шошқаның африкалық обасының эпизоотологиялық ошағына, шошқаның африкалық обасымен ауырған шошқалары бар шошқа шаруашылық субъектілері (ауру деп танылған жануарлары бар бірнеше шошқа қоралары), жекелеген шошқа қоралары, жекеменшік қора аулалары, елді мекендер немесе олардың бір бөлігі жатады;
2) ауру қоздырғышымен ластанған объектілер болып - шошқаның африкалық обасының қоздырғышымен ластанған жануарлардан өндірілген өнімдер мен шикізаттарды өңдейтін, сақтайтын әртүрлі кәсіпорындар (ет комбинаттары, сою пункттері, қоймалар, дүкендер, базарлар, консервілік және тері өңдейтін кәсіпорындар, тоңазытқыштар, ет-сүйектен ұн дайындайтын зауыттар), және көпшілік тамақтанатын мекемелердің ас бөлмелері, биофабрикалар, шошқаларды, ас қалдықтарын және басқа да мал шаруашылығының жүктерін тасымалдайтын көліктер, ауру анықталғанға дейін және анықталған аурулар тұрған аумақтар есептеледі;
3) бірінші қауіпті аумақ - эпизоотикалық ошақпен шекаралас 5-20 шақырым орналасқан шаруашылық, сауда, елді мекендерден шошқаның африкалық обасының эпизоотиялық ошағымен шекаралас аумақ;
4) екінші қауіпті аумақ - бірінші қауіпті аумақты айнала қоршап тұрған, эпизоотиялық ошақтан 100-150 шақырымға дейінгі аумақ.
16. Карантин салынған шаруашылықта, ауданда және облыста мыналарға тиым салынады:
1) жануарлардың барлық түрлерін, сонымен қоса құстарды осы аумаққа енгізуге және одан шығаруға;
2) осы аумақта жануарлардың өнімі мен шикізаттарын дайындауға және шығаруға;
3) аумақтан өсімдіктер өнімдерін шығаруға;
4) карантин қойылған шошқа шаруашылығында бөтен адамдардың, автокөліктердің енуіне және шаруашылықтағы шошқаларды қайтадан топтастыруға;
5) жануарларды және оның өнімдерін базарларда және басқа орындарда сатуға, сатып алуға, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін, көрмелерді (аукциондарды), басқа да адамдар мен жануарларды шоғырландырып өткізетін қоғамдық іс-шараларды.
5. Эпизоотологиялық ошақтағы іс-шаралар
17. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қаншығармау әдісімен жояды. Өлген, сойылған малдың өлексесін, көңін, жем-шөп қалдықтарын, қораптарды және арзан құнды құрал-жабдықтарды және тозған қораларды, ағаш едендерді, астауларды, бөлімдерді сол жерде өртейді. Өртенбей қалған қалдықтарды тереңдігі 2 метрден кем емес шұңқырға көмеді.
18. Өртеуге мүмкіншілік болмаған жағдайда, өлекселерді, қалған қалдықтарымен қоса, кемінде 2 метр терең ор қазып соған көмеді. Көмер алдында өлекселердің іштерін жарып, оған хлорлы известь себеді. Өлекселерді көмген жерде бір жылға дейін жермен байланысты жұмыстар жүргізілмейді.
19. Ауру мал орналасқан қораларды алаңдарды 3 рет келесі тәртіпте дезинфекция жасайды: бірінші - жануарларды жойғаннан кейін бірден жасайды; екінші - ағаш едендерді алғаннан кейін, астауларды, бөлімдерді алып, тиянақты механикалық тазарту жұмыстарынан кейін; үшінші - карантинді алардың алдында жасайды. Бірінші дезинфекция жасау кезінде дезинфекциямен қоса дератизация, дезинсекция жасалынады.
20. Дератизация жасағаннан кейін өлген кеміргіштерді жинап, өртеп жібереді.
21. Мал қораларына, құрал-жабдықтарға мал сою бекеттерінде, мал тұрған орындарда механикалық тазарту жұмыстарын жасамас бұрын, келесі ерітінділер қолданылады: құрамында 1,5% формальдегиді бар формалин ерітіндісін; 0,5% күйдіргіш натрий ерітіндісінде дайындалған 1,5% пароформ ерітіндісін; гипохлорид кальцийдің ерітінділерімен; 5% хлорамин ерітіндісімен.
Сонымен қатар, құрамында кемінде 25% активті хлоры бар құрғақ хлорлы известі, оны бір тегіс қылып себеді және үстінен су құяды.
Дезинфекция алдында едендерді, жақтауларды, есіктерді, терезелерді ыстық сумен 2-3% сульфонат немесе кальцийленген содамен немесе күйдіргіш натриймен және басқа заттармен міндетті түрде жуу керек.
22. Мал қораларына, құрал-жабдықтарға мал сою бекеттерінде, мал тұрған орындарда күнделікті және қорытынды дезинфекция жасау үшін осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген ерітінділерді қолданылады. Дезинфекция жасалатын 1 шаршы метр аумаққа 1 литр ерітінді жұмсайды. Зарарсыздандыру уақыты 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, құрамында 4% белсенді хлоры бар хлорлы известі, құрамында 3% белсенді хлоры бар натрийдің (кальцийдің) гипохлоридын немесе құрамында 0,5% формальдегиді бар формалинді қолданады. Орта есеппен, дезинфекцияланатын 1 шаршы метр жер бетіне 1,5 литр дезинфекциялық ерітінді себеді.
23. Өлген жануарлардың өлекселері жатқан мал қоралардың жерлерін (ағаш едендерді алғаннан кейін), құрғақ 25% активті хлоры бар хлорлы известі 1 шаршы метрге 2 килограмм себеді, бұдан кейінгі сулауға 1 шаршы метрге 10 литр су жұмсайды. 24 сағат өткеннен кейін 10-15 сантиметр жердің бетін қопарып алып, арнайы қазылған, тереңдігі кемінде 2 метр орға көмеді. Топырақ бетіне біркелкі қылып хлорлы известь сеуіп, үстінен су құяды.
Ферманың ауласын, жердің жоғарғы қабатын алмай-ақ дезинфекция жасайды.
24. Нәжіс жинайтын жердегі сұйық нәжісті құрғақ, құрамында 25% белсенді хлоры бар хлорлы известпен араластырады, 10 литр сұйық нәжіске 1,5 килограмм известь жұмсайды.
25. Жануарлардың қи қоймасындағы қиларды құрғақ, құрамында 25% белсенді хлоры бар хлорлы извеспен 0,5 килограмм/метр есеппен сеуіп араластырады, сосын 1,5 метр тереңдікке көміп тастайды.
Аумағы көп қиларды биотермиялық жолмен 1 жыл бойы залалсыздандырады. Ол үшін, ордың жиегіне 1 шаршы метрге 2 килограмм хлорлы извес сеуіп, айналасын қоршап, айналдыра ор қазып тастайды.
26. Көліктерді және басқа да техникаларды (бульдозерлер, эксковаторлар және басқалар) сол эпизоотиялық ошақта, оқшаулау алаңқайда мұқият жуып, дезинфекциялайды, ол үшін осы Ветеринариялық нұсқаудағы 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттардың біреуін қолданады.
27. Дезинфекциялық тосқауылдарды, төсеніштерді дезванналарды осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттармен толтырады.
28. Эпизоотологиялық ошақта міндетті түрде душ қабылдайтын кабиналар орнатады және онда барлық мамандар, мал иелері және басқа қатысы бар адамдар міндетті түрде гигиеналық душта санитариялық дауалаудан өтеді. Сонымен қатар, сыртқы, ішкі киімдерді, баскиімдерді, арнайы жұмыс киімдерді және аяқ киімдерді формалинді бу камерасында формальдегидтің буымен 57-60 о С ыстықтықпен 1 сағат бойы, залалсыздандырады, бұнда формалиннің шығыны 1 метрге 75 миллилитр болуы тиіс. Камераға салу нормасы, 1 метріне 42 килограмм. Ошақтағы жұмыс аяқталғаннан кейін қолданылған арнайы киімдерді отқа жағып жібереді.
29. Сонымен қатар, арнайы киімдерді, бас, іш киімдері, резеңке етіктерді 5% хлораминнің Б 1:9 қатынас ерітіндісіне 3 сағат бойы батырып қою арқылы залалсыздандыруға болады (1 килограмм арнайы киімге 9 өлшем дезерітінді) немесе глутаральдегидте 24 сағат ұстау керек.
Шошқаның африкалық обасының вирусы жұққан зертханалық барлық құрал-жабдықтарды ыдыс аяқтарды да (колбалар, пробиркалар, пипеткалар және басқаларды) осындай жолмен залалсыздандырады, осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттар қолданылады.
30. Ауаның жылуы 0 о С төмен болған жағдайда дезинфекция жасар алдында механикалық тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттардың дезинфекция жасалынатын жер біреуімен ылғалдандырады, сонан кейін мұздан, қардан аршиды да көңнен және қоқыстан босатады.
Дезинфекциялық заттарды объектілерге, ас тұзын қосып, қыздырып ыстықтай (50-60 о С) қолданады.
Дезинфекциялық ерітіндіні ыстық суда (60-70 о С) дайындау үшін ас тұзын азғантай мөлшерде (15-20%) қосады, сонан соң дезинфекциялық затты қосады.
31. Дезинфекция жасалғаннан кейін, 24 сағат өткесін, жалпылай қабылданған әдістемемен дезинфекцияның сапасын тексереді.
32. Шошқаның африкалық обасынан қолайсыз пункттерден, эпизоотиялық ошақтардан және ластанған объектілерден ауруды таратпау іс-шараларын орындауды, шошқаның африкалық обасын алдын алу және жою іс-шаралары туралы Ветеринариялық нұсқаудың 4-5 тарауларын басшылыққа алып іске асырады.
6. Бірінші қауіпті аумақта қолданылатын іс-шаралар
33. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шаруашылық субъектілеріндегі барлық шошқаларды дереу есепке алады, шаруашылық субъектілерге шошқаларды сатуға, ауыстыруға, қорадан шығармауға, жануарларды союға болмайтындығы жөнінде жазбаша түрде ескертеді.
34. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Жануарлар және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнім мен шикізаттарды міндетті түрде алу және жою, немесе оларды алып қоймай міндетті түрде қайта өңдеу, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) туралы Ережеге қаулысына сәйкес, ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қысқа мерзімде барлық ауырған және ауруға күдікті шошқаларды мал иелерінен алып, комиссия анықтаған арнайы мал сою пункттеріне союға жібереді. Тасымалдау кезінде жолшыбай қоршаған ортаны вируспен ластамау үшін, тасымалдау көліктері мен тіркемелердің кузовтарын жабдықтайды.
Жануарларды тиеген автокөліктермен бірге шошқаларды тапсыруға жауапты адам, ветеринариялық маман және полиция қызметкерлері бірге жүреді.
Егер мал соятын мекеме екінші қауіпті зона да орналасқан болса, онда оның айналасына, 0,5 шақырым шеңберінде бірінші қауіпті зонаның режимі қолданылады. Бұл зонадағы барлық шошқаларды, белгіленген жалпы тәртіптегідей союға жібереді.
35. Автокөліктерден шошқаларды түсіргеннен кейін, оны арнайы оқшауланған орында механикалық әдіспен тазалап, дезинфекция жүргізеді. Автокөлікті санитариялық дауалауды өткізгені туралы бұл жұмысты тіркейтін журналға жазады.
36. Бірінші қауіпті аумақта шошқаларды, вирустарды таратпау мақсатында, ветеринариялық-санитариялық тәртіптерді сақтай отырып сояды.
37. Сойылған шошқалардың терілерін 26% астұзының ерітіндісінде залалсыздандырады, оған 1% тұз қышқылын араластырады, ерітіндінің температурасы 20-22 о болуы тиіс. Ерітінді коэффициенті 1 өлшем тері 4 өлшем дезерітінді болуы тиіс. Теріні 48 сағат ерітіндіде ұстайды.
38. Сойылған шошқадан алынған ет және оның өнімдерін пісірілген немесе пісіріліп қақталған шұжықтар жасауға жіберіледі.
Егер, еттерді және басқа өнімдерді жоғарыда көрсетілген өнімдер шығару мүмкін болмаса, онда оларды пісіру арқылы залалсыздандырады. Өндірілген өнімдер сол қолайсыз әкімшілік аумақта пайдаланылады.
39. Сүйектерді, қанды екінші категориялы ішкі құрылыс мүшелерін (сирақ, ішек-қарын), сонымен қатар, сою кезінде шыққан конфескаттарды ет-сүйек ұнын жасауға жіберіледі.
40. Егер ұшаларда, ішкі құрылыс мүшелерінде қанталау немесе бұлшық еттерінде, ішкі құрылысмүшелерінде және терісінде дегенеративтік өзгерістер болса, онда оларды ет-сүйек ұнын дайындауға жібереді немесе өртеу арқылы жояды.
41. Жануарлардың барлық түрлерін, құстарды қоса алғанда, базарларда сатуға тиым салынады. Шаруашылық субъектілерді жануарларының өнімдерімен қамтамасыз ету, сол аумақтың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органының бақылауымен атқарылады.
42. Жәрмеңке, көрме және басқа да жануарларды шоғырландыру немесе тасымалдаумен байланысты іс-шараларды өткізуге тиым салынады, көліктердің және адамдардың жүріп тұруын шектейді.
43. Шошқаның африкалық обасынан таза емес пункттерден және эпизоотиялық ошақтардан бірінші қауіпті аумаққа келетін, сонымен қатар бірінші және екінші қауіпті аумақтың сыртқы шекарасына баратын барлық жолдарға күндіз-түні жұмыс істейтін карантиндік-күзеттік полициялық бекеттер орнатылады.
44. Бекеттерді шлагбауммен, дезтосқауылмен және кезекшілерге арналған үйшіктермен қамтамасыз етеді.
7. Екінші қауіпті аумақта қолданылатын іс-шаралар
45. Базарларда шошқаларды және олардың өнімдерін сатуға тиым салынады.
46. Шаруашылық субъектілердегі барлық шошқаларды есепке алады. Оларды жайылымға жаюға тиым салынады. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша, шошқаның классикалық обасына және шошқа тілмесіне қарсы профилактикалық вакцина егу жұмыстары атқарылады.
47. Шаруашылық субъектілерінде шошқалардың денсаулығын қатаң бақылау үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылауды күшейтеді. Зертханаға, шошқалардың өлекселерін немесе олардан алынған патологиялық материалдарды пошта арқылы жіберуге тиым салынады. Патологиялық материалдарды, тиісті талаптарды сақтай отырып, адамдар өз қолымен апарып тапсыруына болады.
8. Карантинді және шектеуді алу
48. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқалар жойылғаннан соң және бірінші қауіпті аумақтағы шошқалар сойылғаннан кейін, осы Ветеринариялық нұсқауда белгіленген іс-шаралардың орындалғаннан соң, шаруашылықтан, ауданнан (қаладан), облыстан Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3-ші тармағына сәйкес, 30 күннен кейін карантин алынады.
49. Карантин алынғаннан кейін, 12 ай бойы шошқаларды және оның өнімдері мен шикізаттарын таза емес ауданнан, облыстан шығаруға тиым салынады.
50. Шошқаның африкалық обасына таза емес аудандардың (қалалардың), облыстың базарларында және шаруашылық субъектілерінде шошқаны сатуға және жеке меншіктен сатып алуға тиым салынады.
51. Шошқаның африкалық обасына таза емес аудандарда, облыста поштаның байланыс бөлімшелерінде, азаматтардан жануарлардан алынатын өнімді және шикізаттар бар сәлемдемелерді қабылдауға тиым салынады.
52. Шошқаның африкалық обасына таза емес аумақтағы шектеу көрші екінші қауіпті аумаққа да жатады.
53. Карантиндік шектеуі аяқталғанша, таза емес аудандардан шығатын жолдарда ветеринариялық және полициялық бекеттер жұмыстарын атқаруы тиіс.
54. Шошқаның африкалық обасына таза емес эпизоотиялық ошақтарда және бірінші қауіпті аумақтарда карантин алынғаннан кейін бір жылдан кейін, шаруашылықтарды шошқалармен толықтыруға рұқсат беріледі.
55. Шошқаның үлкен шоғырланған кешендерінде карантин алынғаннан кейін, 12 ай өткесін, ветеринария саласының өкілетті органының бақылауымен және рұқсатымен малдарды шоғырландыруға болады. Басқа жануарларды (құстарды қоса алғанда) карантин алынғаннан кейін, орналастыруға рұқсат беріледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2005 жылғы 10 қаңтардағы
N 7 бұйрығымен бекітілген
Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын
(Тешен ауруы) алдын алдын-алу және жою бойынша
іс-шараларды жүргізудің Ветеринариялық ережесі
Осы Ветеринариялық ереже, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын (Тешен ауруы) алдын алу және жою шаралары туралы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ветеринариялық ереже) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруы, (Тешен ауруы, шошқаның полиомиолиті) - жүріс-тұрыстың бұзылуымен, аяқтарының жансыздануының өршуімен сипатталатын, вирустық ауру.
2. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруының қоздырушысы - құрамында рибонуклеин қышқылы бар, вирустың Picornavirdае тұқымды.
Вирус ыстыққа біршама төзімді, көптеген дезинфекциялық заттарға төзімді және сыртқы ортада көпке дейін сақталады. Қатырылған күйінде ол бірнеше жылдарға дейін сақталады, ал тұздалған етте, қида және инфекцияланған бөлмелерде 6-8 аптаға дейін сақталады.
3. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына табиғи жағдайда тек қана сүт еметін және сүттен жаңа арылған торайлар бейім келеді.
4. Ауру қоздырушысының бастауы болып ауру және вирусты сілекеймен, сорамен және зәрімен шығаратын аурудан жазылған вирустасымалдаушы шошқалар болып табылады. Вирусты бірін-біріне беретін факторларға - өлекселер, ауру және ауырған шошқалардың сойғаннан кейінгі өнімдері, инфекцияланған жем-шөп, су, төсеніш, күту құрал-саймандар, арнайы киімдер жатады.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде болуы мүмкін, бірақ көбінесе көктем, күзгі мезгілдерде жиірек кездеседі. Жасырын кезеңі 7 күннен 35 күнге дейін болады. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы түрде өтеді, дене қызуының көтерілуі байқалмайды. Ауру жітіден жоғары, жітіден төмен және созылмалы түріде, дене қызуы көтерілмей өтеді. Созылмалы түрінен басқалары ауру салмен аяқталып, өлімі 30-90% болады. Аурудан жазылған шошқалардың көбі вирусты тасымалдаушы болады.
5. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына диагнозды эпизоотиялық мәліметтер, аурудың клиникалық белгілері, патологиялық анатомиялық өзгерістері және зертханалық зерттеулер нәтижелері арқылы қойылады.
Диагноз қойғанда, Ауеске ауруының, шошқаның классикалық обасының, листериоздың, құтыру және уланудың жоқтығына көз жеткізу керек.
6. Зертханалық вирусологиялық зерттеулер жасау үшін, өлген немесе сал болған ауру шошқаларды әдейі өлтіріп олардың мишығының, сопақша мидының, жұлынның бір бөлегін (салмағы 5-10 грамм) алады. Ретроспективтік диагностикалауға (серологиялық зерттеу жасау үшін) таза пробиркалармен (5-10 миллилитр) ауру және ауырып болған шошқалардың қан сары суын жібереді. Сынамаларды зертханаға таза ыдысқа салып, мұз салынған термоспен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтап жібереді.
7. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын зертханалық зерттеулер келесілерге негізделген: жіті өтетін кездерде - вирусты табу және оны бірдейлестіру; жітіден төмен немесе ауру жасырын өткен кезде - ретроспектік түрде арнайы антиденелердің деңгейін анықтау.
2. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит
ауруының енуінің алдын алу шаралары
8. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын профилактикалық іс-шараларының негізінде аурудың қоздырғышының сау шаруашылыққа енуінің алдын алу және шаруашылықта, ауданда, облыста шошқалардың тасымалдануын қадағалау болады.
9. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруының енуінің алдын алу үшін жануарлардың иелері келесі іс-шараларды жүргізеді:
1) шошқа шаруашылықтарын тек қана шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруынан сау шаруашылықтардан алынған, ветеринариялық құжаттармен расталған шошқалармен толықтыру керек;
2) Шаруашылыққа әкелінген шошқалар 30 күндік карантинге қойылады. Карантин кезінде шошқаларды шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына қарсы серологиялық тәсілмен тексеріледі;
3) Егер, аурудың клиникалық белгілері байқалса, немесе Тешен ауруы зертханалық тәсілмен зерттегенде қан сарысуына оң нәтиже бергені анықталса, немесе шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруының қоздырғышына серопозитивті шошқалар бары анықталса онда барлық әкелінген (партия) шошқаларды арнайы жабдықталған сою пункттерінде немесе ет комбинаттардың санитариялық сою бөлімдерінде, вирус тарап кетпеудің алдын алу мақсатында барлық санитариялық-ветеринариялық шараларды сақтап сояды;
4) Тамақ қалдықтарын шошқаларға, тек ыстықпен залалсыздандырылғаннан кейін беріледі.
3. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына
күдік туған кезде өткізілетін іс-шаралар
10. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына күдік туған кезде шаруашылық субъектісінің басшысы және сол шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маман, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлап, ауру және ауруға күдікті шошқаларды оқшаулап, оларға арнайы күтуші тағайындайды, сонымен қатар басқа сақтану шараларын қолданады.
11. Тиісті әкімшілік аумақтың Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына күдікті деген хабар алғаннан соң, міндетті түрде сол жерге келіп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, оның диагнозын анықтауға шара қолданып және аурудың әрі қарай тарап кетпеуіне жол бермеуі тиіс.
12. Ол үшін:
1) аурудың қоздырғышының ену жолдарын анықтау үшін, шаруашылық субъектісіне мұқият эпизоотиялық талдау жүргізеді;
2) көрші шаруашылықтарда, елді мекендерде инфекциялық энцефаломиолит және шошқаның басқа да ауруларының эпизоотиялық жағдайын анықтайды;
3) оқшауланған шошқалардың клиникалық қалпын анықтайды, оның ішінде шошқалардың аурудың әр сатысында болатын дене қызуына назар аударады;
4) патологиялық материалды алып, ветеринариялық зертханаға жібереді.
4. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит
ауруын жою туралы іс-шаралар
13. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруына диагноз қойылғаннан кейін, "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1-ші тармағын басшылыққа ала отырып аудан (қала) әкімшілігі, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен, шаруашылық субъектіге, ауданға, облысқа шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруынан таза емес шаруашылық деп шешім шығарып, оған шектеу іс-шараларын немесе карантин қояды, ошақтағы ауруды жоюдың және қауіпті аумақтағы алдын алу шараларының жалпы іс-шараларын анықтайды.
14. Карантин қойылған шаруашылық субъектілеріне келесілерге тиым салынады:
1) карантинді аумаққа шошқаларды алып кіруге немесе алып шығуға (тек, жануарларды ет комбинаттарын немесе сою пункттеріне апарудан басқа);
2) аурудан таза емес пункттерден шошқадан өндірілген өнімдерді шикідей алып шығуға, тек ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне өңдеуге апарғаннан басқа, сонымен қатар жем-шөптерді, құрал-жабдықтарды және құрал-саймандарды да алып шығуға;
3) ветеринариялық маманның шешімісіз шошқаларды топтастыруға және союға;
4) дезинфекциялық өңдеусіз автокөліктерді карантинді аумақтан шығаруға;
5) күтуші жұмысшылардың эпизоотиялық ошақтан санитариялық дауалаусыз шығуына;
6) шошқаларды күтуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қораларына енуіне;
7) шошқаларды және олардан өндірілген шикі өнімдерді (ет, май, өкпе-бауыр) базарларда сатуға;
8) жәрмеңкелер және басқа да шараларға байланысты ауруға сезімтал жануарларды шоғырландыруға.
15. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруын жою іс-шараларын жүргізгенде шаруашылықтың өндірістік бағытын, аумағын және ауруға шалдыққан жануарлардың көлемін есепке алу керек.
16. Егер, шошқа комплекстерінде және репродуктивті шаруашылықтарда, асыл тұқымды зауыттарда аурудан бос емес фермаларда жануарларды сою тиімді болмаса, күнделікті клиникалық бақылау жасайды, шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруымен ауырған және ауруға күдікті барлық жануарларды, сонымен қатар өсіп-дамуы төмендеген шошқаларды союға жібереді, бөлмелер дезинфекцияланады. Аурудан бос емес шаруашылықтардағы (фермалардағы) клиникалық сау шошқаларды және елді мекендердегі шошқаларға вакцина егіледі. Торайларға 2 айлығында вакцина егілсе, оларды 3 айға толған кезінде қайталап вакцина егіледі. Вакцина егуді карантин алынғаннан кейін 2 жылдай өткізеді.
17. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруымен ауру және оған күдікті шошқаларды союды ет комбинаттардың арнайы санитариялық сою цехтарында немесе жеке ауысымда жалпы конвейерде, сонымен қатар шаруашылықтың арнайы жабдықталған сою пункттерінде (аулаларда) вирустың тарап кетпеуі туралы ережесін сақтап союды ұйымдастырады.
18. Шошқаларды союға немесе олардан өндірілген өнімдерді автокөлікпен тасымалдау кезінде, автокөліктердің кузовалары бүтін, су ақпайтын болуы тиіс. Жолшыбай елді мекендерде тұрақтап тоқтауға тиым салынады.
Шаруашылық субъектісінен, онымен қатар ет комбинаттың немесе сою пунктінен шығатын автокөліктер мұқият тазартылып, 2% формальдегид ерітіндісімен, 1 шаршы метрге 1 литр есеппен дезинфекцияланады, жануарларды түсіргеннен кейін экспозициялау уақыты 3 сағат. Жануарларды арту және түсіру кезінде және жануарларды тасымалдағанда жолшыбай шошқаларды қарайтын жұмысшылардың арнайы киімдерін дезинфекциялайды.
Шошқаларды сойғанда пайдаланған құрал-жабдықтарды, жұмыс біткеннен соң 5% хлораминнің ерітіндісімен немесе 3% күйдіргі натрийдің ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды. Құндылығы төмен ағаштан жасалынған құрал-саймандарды өртеп жібереді. Сою пункттерін (аулаларды), әрбір шошқа сойылғаннан кейін тазалайды және 3% күйдіргі натрийдің ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды.
19. Етті, майды және іш-құрылыс мүшелерін пісірілген немесе пісіріліп қақталған шұжықтар немесе консерві жасауға жібереді, немесе пісіруге жібереді.
Арық ұшаларды ішкі құрылыс мүшелерімен бірге және өлекселерді ветеринариялық мамандардың бақылауымен өртеуге немесе техникалық қайта өңдеуге жібереді.
20. Бас, сирақтары мен құйрықтарын қарапайым технологиялық режиммен өңдеп тағамға жаратуға болады.
21. Жануарлардың терісін алмайды, оларды ұйытады немесе ыстық сумен жидітеді. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерінде жануарлардың терісін алып залалсыздандыруға болады.
5. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруы
таза емес аумақта атқарылатын іс-шаралар
22. Қауіпті аумаққа - шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруынан бос емес шаруашылық субъектілері мен елді мекендерге шекаралас аумақтар жатады, сонымен қатар ол аумаққа соңғы 4 ай бойы шошқаларды, жем-шөптерді әкелу немесе шығару және тағы басқадай жағдайда қатынас болған шаруашылық субъектілері жатады.
23. Қауіпті аумақта келесі іс-шаралар атқарылады:
1) жергілікті тұрғындарды, аурудың тарау қауіпі бар және оны болдырмау іс-шаралары туралы хабардар етеді. Аурудан бос емес аумаққа шекаралас орналасқан барлық шаруашылық субъектілерінде шошқаларға профилактикалық вакцина егіледі. Бұрынғы егілуін еске алып, аурудан бос емес аумақтан карантин алынғаннан кейін де 2 жыл бойы вакцина егеді;
2) базарларда, ет комбинаттарында, шошқалардан өндірілген өнімдерді өңдейтін, дайындайтын кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды күшейтеді;
3) қауіпті аумақтан шошқаларды енгізуге немесе алып шығуға (ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне апарудан басқа) тиым салынады. Вакцина егілген шошқаларды тірідей, тек 14 күннен кейін ғана базарларда сатуға рұқсат беріледі;
4) шошқаларды бағып-күтуге және азықтандыру кезіне қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады;
5) шошқа фермаларына тұрақты көліктер мен күтуші адамдар бекітіледі.
24. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруынан бос емес шаруашылық субъектілерінен карантинді "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3-ші тармағына сәйкес жергілікті әкімшілік, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуымен, барлық ауырған және ауыруға күдікті, сонымен қатар өсу барысы төмен шошқаларды сойғасын, барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізгеннен соң 60 күннен кейін карантин алынады.
Егер, аурудан бос емес шаруашылық субъектідегі барлық шошқалар сойылса, онда ол шаруашылық субъектіден карантин, тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар орындалғаннан соң және қорытынды дезинфекция жасалғаннан кейін алынады.
25. Барлық іс-шаралар орындалып біткесін, карантинді алар алдында екі рет, арасы 24 сағаттан 5% хлораминнің ерітіндісімен, немесе 3% ыстық күйдіргі натриймен қорытынды дезинфекция жасалады.
26. Шаруашылық субъектіге карантин алынғаннан кейін, 6 ай мерзімге шектеу қойылады, сол аралықта шошқаларды және оның өнімдерін бұрынғы шошқаның энзоотиялық энцефаломеолиті болған аумақтан алып шығуға болмайды, тек ет комбинатынан басқа.
27. Шошқаларды союды бөлек партиялармен санитариялық сою цехында немесе ет комбинатында жеке ауысымда атқарылады. Ветеринариялық куәлікте карантин алынған айы, күні көрсетіледі.
28. Жануарлардан өндірілген өнімдерді, шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруымен ауырған шошқалардың өнімін өңдеген әдіспен өңдейді.
29. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелит ауруынан сауықтырылған шаруашылық субъектілерінде, елді мекендерде шошқаларды 2 жыл бойы, осы аурудың вакцинасын пайдалану туралы нұсқамасына сәйкес егіледі.