Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;
2) күзеннің вирустық энтеритін алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 69 бұйрығымен бекітілген
Күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою
бойынша Ветеринарлық ережесі
Осы күзеннің Алеут ауруын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Күзеннің Алеут ауруы - (вирустық плазмацитоз) созылмалы түрде өтетін аса жұғымтал ауру, плазматикалық торшалардың (плазмацитоз) көбейіп, организм бойына таралып, осының нәтижесінде иммуноглобулиндардың мөлшері жоғары дәрежеге көтеріліп, тез арада жануардың арықтауымен, ауыз-тұмсық қуысынан қан ағуымен, сонымен бірге сусауымен гломерулонефритпен және гепатитпен сипатталады.
2. Инфекция қоздырушысы - құрамында дезоксирибонуклеин қышқылы бар вирус, Parvovіrіdae тұқымдасына жатады. Виронның көлемі 20-25 нанометр.
3. Диагнозды індеттік мәліметке, клиникалық белгілеріне және патологоанатомиялық өзгерістерге, міндетті түрде серологиялық нәтижелеріне сүйеніп қояды. Гистологиялық тәсілдерді де қолдану керек, ол үшін мүшелердің бөлшектерін алып 10%-ті формалин ерітіндісінде бекітеді.
2. Күзеннің Алеут ауруынан ветеринарлы-санитарлық
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
4. Таза аң шаруашылықтарында Алеут ауруының алдын-алу күзендерді әкелу ережелерін қатал орындалуына, қан сарысуының сынамаларын таңдамалы және жоспарлы түрде зерттелуіне, ветеринариялық-санитарлық және шаруашылық шаралардың орындалуы негіздеген.
5. Таза аң шаруашылықтарына күзенді тек аурудан таза шаруашылықтардан қан сарысуын зерттегеннен және теріс нәтиже алынғаннан кейін әкелуге рұқсат етіледі.
6. Әкелінген күзендерді алдын-алу карантинінде 30 күн ұстайды және күзендердің Алеут ауруын жоққа шығару үшін зертханалық зерттеуді өткізу қажет. Теріс нәтиже болғанда барлық клиникалық сау аңдарды фермаға көшіреді. Егер ауру жануарлар байқалса карантиннің мерзімін олар сауыққанға дейін ұзартады.
7. Iндетті жағдайды бақылау мақсатымен, аурудан таза шаруашылық субъектілерінде күзендерден зертханалық зерттеулер үшін таңдап қан сарысуын алады.
8. Індеттен сақтану мақсатында, мезгілімен зарарсыздандыруды өткізу (аз дегенде аптасына 1-рет) торларға, үйшіктерге, лапастарға, мүліктерге, ыдыстарға және басқа ағашпен жасалған заттарға формалиннің 2% ерітіндісімен немесе күйдіргіш натрийдің ыстық түрде (70-80 о С) ерітіндісімен кезеңді дезинфекциялау жүргізіледі. Торларды механикалық тазартқаннан кейін, оттың жалынымен күйдіреді.
3. Күзеннің Алеут ауруынан таза емес пункттарда
және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар
9. Шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринария маманы күзеннің Алеут ауруына күдік туғанда, ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторына хабарлайды және диагнозды анықтау үшін шаралар қолданады.
10. Алеут ауруына диагнозды дәлелдегеннен кейін аң шаруашылығы субъектісінде белгіленген тәртіпте шектеу енгізіледі және сауықтыру шараларының жоспары бекітіледі.
11. Аурудан таза емес аң шаруашылығы субъектілерінде ауруды жою шараларына қан сынамасын жоспарлы және жоспарлы емес зерттеулер, оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және іріктеу, аңдарды топтастыру, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу енеді.
Сонымен қатар күзендер көрмеге жіберілмейді, күзендерді сау шаруашылыққа шығаруға, өлген күзендермен азықтандыруға, күзен майын және қалдық азығын қолдануға тиым салынады.
12. Аурудан таза емес аң шаруашылық субъектілерінде жоспар бойынша Алеут ауруына қанды зерттеу негізгі табынды топтастыру кезеңінде, күйлеу алдында, енесінен бөлу алдында, сатуға арналған күзендерді, сондай-ақ тумайтын ұрғашыларды (ауруға күдікті) тексереді. Зерттеу нәтижелерін әрбір тор бойынша есептейді. Жоспарсыз зерттеу, серологиялық реакциялар оң нәтиже берген, ауруға күдікті немесе өлген және еріксіз өлген күзендер байқалған торларда жүргізіледі.
13. Негізгі табынды топтастыру кезеңінде асыл тұқымды, үлкен күзендерді, сондай-ақ теріс нәтиже берген аналықтардан алынған төлдер зерттеледі. Оң нәтиже берген аңдарды жүн терісі шыққанша оқшауханада ұстайды, кейін терісін алу үшін сояды. Теріс нәтиже берген енелердің күшіктерін топтан брактап кейін өлтіреді. Кей жағдайда күзендердің көпшілік басы аңғарса, бас ветеринар маманының рұқсатымен бір жыл ішінде тек қана оң нәтиже берген күзендерді сояды.
14. Күзгі уақытта оң нәтиже беретін күзеннің процентті ортадан жоғары болған шаруашылықтарда негізгі тобында және ұрыққа қалдырылған тұқымның арасында сою кезеңі біткенше қосымша зерттеулер өткізіледі.
15. Қаңтар-ақпанда, күйлеуге 10-15 күн қалғанда барлық күзендерді зерттеуден өткізеді, оң нәтиже бергендерін сояды және теріс нәтиже берген төлдермен толықтырады.
16. Күйлеу біткен уақытынан бастап және төлді енесінен бөлу алдында барлық негізгі табынды тексереді. Қанды зерттеуді наурыздың ортасына дейін бітіреді, сауылатын аналықтар мен еркектерді - енесінен айырылғанша тексереді. Оң нәтиже берген тұқымдарды оқшаулайды және жүні шыққанша ұстайды.
17. Серологиялық зерттеу нәтижесіне қарап күзендерді тасымалдау жөніндегі сұрақтары, шаруашылық субъектілерінің ішінде топтастыруы туралы, шаруашылықтар арасында, қала, елдер арасында тасымалдау сұрақтары шешіледі, келесі түрде:
1) аурудан тазадан - шектеусіз;
2) аурудан таза еместен - теріс нәтижелі аңдарды індеттік жағдайы ұқсас немесе одан жақсы торларға, оң нәтижелі аңдардың пайызына қарай көшіреді;
3) оң нәтижелі және олармен бірге бір торда тұрған күзендерді оқшауханаға көшіреді немесе сояр алдында ұстайтын, арнайы сау емес тобына қосады.
18. Сыртқа шығарылатын күзендердің тобын 30 күн карантинінде ұстап, күнделікті клиникалық бақылаудан және серологиялық зерттеуден өткізеді.
19. Аурудан таза емес шаруашылықтардан әкелінген күзендерді алдын-алу карантинінде 30 күн ұстайды және зерттеулер өткізеді. Серпозитивті тұқымдарды сояды, ал теріс нәтиже беретін клиникалық сау күзендерді басқа күзендерден жеке ұстайды. Кезекті жоспарлы зерттеу нәтижесіне сүйеніп, күзендерді фермаларға және бригадаларға бөліп орналастырады.
20. Ретті және міндетті түрде орындалатын торлардың залалсыздануын 4% ыстық формалин ерітіндісімен және 2% глутаральдегидінің ерітіндісімен өткізеді, ал ағаш және темірлі емес быламық бөлшектерін күйдіргіш сілтінің 2% ыстық ерітіндісімен немесе 4% формалин ерітіндісімен өткізеді. Алдын-ала торларды механикалық тазалау өткізеді және тор астыларынан міндетті түрде қиды шығарады. Халаттарды, қолғаптарды және басқа да жұмыста қолданылатын заттарды параформалинді камерада, автоклавта, 4% формалин ерітіндісінде, 5% кальций тұз ерітіндісінде немесе 2% күйдіргіш сілті ерітіндісінде аптасына бір рет және жұмысты орындағаннан кейін (вакцинация, витаминдерді енгізгенде т.б.) залалсыздайды. Аңдарды ұстағанда қолғапты бір тордан екіншісіне көшіргенде айырбастайды, ол үшін аурудан таза емес шаруашылықта әр аңшыда 2-3 қолғаптан болу керек.
21. Ауру және ауруға күдікті күзендерді сойғаннан кейін сою пунктін көрсетілген залалсыздағыш ерітінділерімен дезинфекциялайды.
22. Сою орынында жұмыс істейтін және сойылған аңдардың ұшаларын өңдеп тасымалдайтын жұмыскерлерді арнайы киімдермен жабдықтайды, ол киімдерді жұмыс орнынан шығаруға рұқсат етілмейді.
23. Негізгі топта қан зерттеуінен 3 рет теріс нәтиже шыққанда Алеут ауруынан шаруашылық субъектісін таза деп есептейді. Бұндай аң шаруашылығы субъектілерінде күзеннің қанын жоспар бойынша зерттейді, осы Ветеринариялық ережеге сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 69 бұйрығымен бекітілген
Күзеннің вирустық энтеритін алдын-алу және жою
бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Күзеннің энтеритін алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Вирусты энтерит - (жұқпалы энтерит, Ферба - Уильям ауруы) жіті, жанасу арқылы өтетін, іш өту күйінде кездесетін ауру. Аурумен күзеннің барлық жасы қамтылған, көптеген жағдайда олардың күшіктері ауруға бейім.
2. Ауру және сауығып келе жатқан мал індет жұқтырудың көзі болып табылады, сонымен бірге, індет жұққан азық, су, төсеніш, пайдалану құралдары, кеміргіштер, жәндіктер, киім, аяқ киім, транспорт құралдары. Ауру жылдың барлық кезінде кездеседі.
3. Вирустық энтеритке балау клиникалық белгілері, патоморфологиялық және вирустік тексерулер, эпизоотикалық жағдай негізінде қойылады.
2. Вирустық энтеритке ветеринариялық-санитарлық
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
4. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай шаралар жүргізіледі: вирустық энтеритке таза емес аймақтан күзен шаруашылығына азық, төсеніш, транспорттық құралдар әкелуге рұқсат берілмейді. Аурудан қолайсыз пункттерден күзенді күтетін қызметкерлерге, ауруға қолайсыз шаруашылық субъектісіне баруға тыйым салынады.
3. Вирустық энтеритке таза емес аймақтарда
және індетті ошақтарда өткізілетін шаралар
5. Күзеннің вирустық энтериті ауруына күдік болған жағдайда (азықтан тартыну, іш өткенде нәжістер әр түрлі-түсті болған кезде, нәжістерде кілегейлі түтік тәрізділер байқалғанда және басқалар) шаруашылық субъектілерінде жұмыс істейтін ветеринар маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжісі бар кілегейлі түтіктер немесе ішек кесінділері) жіберуі тиіс.
6. Аурудың шыққаны туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринар инспекторына хабарлауға тиіс.
7. Барлық ауру және ауруға күдікті деген күзендерді оқшау жерге бөліп алады.
8. Аймаққа кіретін жерде формалин немесе күйдірілген натрдық 2% ерітіндісі бар дезинфекциялық кедергі қою керек.
9. Күзен өлген үйшікті, торды, су, азық беретін құралдарды 2% формалин ерітіндісімен сулы дезинфекция жүргізіп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргізеді. Күтуші адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдерін булы формалин камерасында дезинфекциялайды.
10. Көң, төсеніш және азық қалдықтарын күн сайын жинап, биотермикалық әдіспен зарарсыздандыруға үйіп, дайындайды.
11. Тор астындағы топыраққа хлордың күштілігі 2% құрайтын 2% ыстық күйдіргіш натр не формалин не хлорлы әк ерітіндісін құяды.
12. Күзен ауруына күдікті деген малды қарауға бөлек адамдар бөлінеді; оларды басқа аурудан таза шаруашылық субъектілеріндегі адамдармен қатынасуына жол бермейді.
13. Диагноз зертханалық тәсілмен расталғанда, шаруашылық субъектіні күзеннің вирустық энтеритінен таза емес деп жариялайды және келесі шектеулер қойылады:
1) шаруашылық ішінде күзендердің ауыстыруына тыйым салынады, сондай-ақ аңды қолға ұстап орындалатын іс-шараларды тоқтатады (өлшеу, бонитировка жасау);
2) ауруға таза емес шаруашылық субъекті аумағына басқа адамдардың келуіне тиым салынады, таза емес және таза аң шаруашылықтар арасындағы байланысты тоқтатады;
3) шаруашылық субъектіден күзендерді, сондай-ақ аңды күтуге қолданған құралдарды басқа жаққа шығаруға тыйым салынады;
4) таза емес шаруашылықта жұмыс істейтін адамдарға аумаққа кіруге және одан шығуға тек қана, арнайы киім мен аяқ киімдерін ауыстырғаннан кейін рұқсат етіледі.
14. Аурудан таза емес шаруашылық субъектіге (пунктке) жем шөп, төсеніш, жабдық, мүлік және малды күтетін басқа құрал саймандарды аумақтың шекарасында орналасқан алмасу алаңы арқылы әкелінеді, соңынан көлік құралдарын арнайы дезинфекция жасайтын алаңдарда дезинфекциялайды.
15. Жабайы құстарды үркіту, кеміргіштер мен жәндіктерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аң өсіретін фермаға ит, мысық және тағы да басқа жануарлардың кіріп кетпеуіне шараларын жүргізеді.
16. Күн сайын жануарларды клиникалық бақылайды, ауру және ауруға күдікті күзендерді оқшаулап бөледі. Осы Ереженің 9 тармағына сәйкес дезинфекциялық іс-шараларын жүргізеді.
17. Ауру және ауырып болған аңдарды жүні өсіп болғаннан кейін вирус алып жүруші ретінде деп союға жатады.
18. Шаруашылық субъектідегі күзендерді вирустық энтеритіне қарсы вакциналайды.
19. Егу жұмыстары күзеннің бір бөлігінде болып, екіншісіне ауысқан кезде қызмет жасайтын адамдар алжапқышын 2% формалин немесе күйдіргіш натр ерітіндісімен сүртеді және осы ерітіндімен қолғабын, күзен ұстайтын торды өңдейді.
20. Күн сайын аңдарды күтетін құралдарды, сондай-ақ жетісіне бір рет олар тұратын тор мен үйшіктерді 2% ыстық формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды.
21. Энтериттен өлген күзендердің терісін алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлінген жұмыскерлермен жүргізеді.
22. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін өлекселерді, пайдаланған ағаш жаңқаларын және майлар өртеледі, ал орын, құрал-саймандар мен жабдықтар тазартылып 2% формалинмен немесе күйдіргіш натр ерітіндісімен дезинфекцияланады.
23. Шаруашылық субъектісінен өлген күзендердің терілерін, ауаның температурасы 30-35 градус Цельсий және салыстырмалық дымқылдығы 50-60% болған кезде кептіру арқылы зарарсыздандырады. Бұдан кейін оларды 10 күн бойы бөлме температурасында ұстайды.
24. Аурудан таза емес шаруашылық субъектісінен шектеуді соңғы өлім тіркелгеннен 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердің вирустық энтеритінен сауыққаннан кейін және осы Ережеде анықталған барлық ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізілгеннен соң алынады.
25. Күзендерді, шектеу алынғаннан кейін бір жыл уақыт мерзім бойы шаруашылық субъектіден, сонымен қатар, бұрынғы аурудан таза емес пункттерден шығаруға болмайды.