Үй құстарының кейбір ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3451. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 26-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) тауықтың инфекциялық бронхитінің алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер;
     2) үйректің вирустық гепатитінің алдын алу және жою бойынша ветеринариялық ережелер бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария департаменті облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтың туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің 
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 66 бұйрығымен бекітілген 

  Құстардың жұқпалы бронхит ауруының
алдын-алу және жою шараларды жүргізудің
ветеринариялық ережесі

     Осы құстардың жұқпалы бронхит ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Тауықтың жұқпалы бронхиты - жас құстардың өкпесіндегі тыныс жолдары мен мекиен тауықтардың кеңірдек тарамдарын зарарлайтын өте жұқпалы вирусты ауру. Мекиеннің жұмыртқалағыштығы кемиді.

     2. Жұқпалы бронхитке барлық құстардың топтары бейімді, бірақ 20-30 күндік жас балапандар жиірек ауырады. Жас және сақа құстарда ауру клиникалық белгісіз де өтеді, бірақ сақа тауықтарда аналық бездегі фолликулдар мен жұмыртқа жолының семіп, аналық бездің дұрыс жетілмегенін байқауға болады. Эмбриондар шар тәрізді болып, өспей қалады. Ауру тауықтардың жұмыртқасы дұрыс қалыптаспай, әктің біркелкі орналаспауына байланысты жұмыртқа қабығы кедір-бұдыр болып, салмақсыз, қорыта келгенде, мұндай жұмыртқалар инкубаторларға жарамайды.

     3. Жұқпалы бронхитпен ауырғанда, құстарда колибактериозге, жұқпалы ларингитке, микоплазмозға, пастереллезге және басқа жұқпалы ауруларға бейімділігі жоғарылайды.

     4. Жұқпалы бронхит вирусы эмбрион аллантоис сұйықтығында 37 градус Цельсий - 3 күн, 20-30 градус Цельсий - 34 күн, 50%-тік глицеринмен консервіленген ұлпаларда 4 градус Цельсий - 80 күнге дейін сақталады. Құс қораның ішінде объекттердің үстінде тауықтардың жұқпалы бронхит вирусінің 2-13, 5 градус Цельсий - 11-12 күн, 17-23 градус Цельсий - 7 күн зардапты қасиеті сақталады. Көң, қабырғаларда және оттықта вирус 50-90 күн тірі қалады. Аэрозольді күй-жағдайда құс қораның ішінде 8 сағатқа дейін өмірге бейімділігі сақталады. Ультракүлгін сәулелер вирусты 3-6 сағатта өлтіреді.

     5. Жұқпалы қоздырғыш көзі ауру және ауырып жазылған құстар вирусты 3 ай ішінде мұрыннан, көзден, сілекей сұйықтарымен аққан және көңмен, жұмыртқамен бөліп шығарады.

     6. Ауру жұқпалы қоздырғышының берілу жолы - ауа, азық-түлік, жем астаушалары, киім, аяқ-киім немесе күтуші адамдар арқылы тарай береді. Жұғудың ең негізгі жолы ауа арқылы, азықпен тарайды. Жасырын кезеңі 3-8 күнге созылады.

     7. Клиникалық белгілері болғанда немесе өлекселердің ағзалары өзгергенде және зертхана зерттеуі бойынша оң қорытынды алғанда, құстың жұқпалы бронхитіне балау қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары

     8. Құстың жұқпалы бронхит вирусынан шаруашылық қожалықтарын қорғау және енгізбеу мақсатында құс фабрикаларының және құс фермаларының басшылары мен мамандары кешенді алдын-алу шараларын қатаң түрде орындауға міндетті.

     9. Құс фабрикаларының және құс фермаларының арасында құс жұқпалы бронхитінен таза емес шаруашылық қожалықтарымен шаруашылықтық байланыс жасауға рұқсат етілмейді.

     10. Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау құстың инкубациялық жұмыртқалары қолданылады.

     11. Барлық құс қораларда, құстар ұстауға ауа алмасу тұрақтылығын бақылау керек. Зиянды газдардың концентрациясы тиісті шамадан аспау керек: аммиак 15 миллиграмм кубтық метрге, күкіртті сутегі 5 миллиграмм кубтық метрге, көмір қышқылы - 0,25 пайыз көлемі бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болу керек.

     12. Құс қораларын жинақтауда, тек қана бір жастағы құстар болу керек.

  3. Құстардың жұқпалы бронхит ауруынан таза
емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін шаралар

     13. Құстардың жұқпалы бронхиті ауруының балауын анықтағанда шаруашылық қожалығының малдәрігер маманы (құс фабрикасының) жедел ауданның малдәрігерлік инспекторына хабарлайды және аурудың өршуіне қарсы шара қолданады. Аудан бас малдәрігерлік инспекторымен бірігіп ауруды жою шаралар жоспарын құрады.

     14. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы анықталған шаруашылық қожалығын (құс фабриканы) құстың жұқпалы бронхитынан таза емес деп жариялап және оған шек қоюды енгізеді.

     15. Таза емес шаруашылықта (құс фабрикасында) жол берілмейді:
     таза шаруашылықтарға инкубациялық жұмыртқаларды және эмбриондарды шығаруға;
     тірі-құсты басқа шаруашылықтарға шығару және оны сатуға;
     құс, азық-түлік және жұмыс құралдары таза емес құс қоралардан таза қораларға ауыспауға;
     құстың жұқпалы бронхитіне бейім құстарды басқа шаруашылық қожалықтарынан, құс қоралардан әкелуге;
     жас құстарды жұқпалы бронхиттан айыққаннан кейін құстарды асыл тұқымды табындарын жинақтауға.

     16. Бөлек құс қорада (бөлектенген залда) ауру және нашар құстарды қансыз әдіспен құртады да, техникалық әдіс бойынша жояды. Қалған құстарды ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес құс өңдеу, құс комбинатына сою үшін тапсырады.

     17. Бірнеше ауру көрінуі жағдайда ауру және әлсіз құстарды сараптайды, күн сайын мұқият тазалау өткізеді, ауру және нашар құстарды ет-сүйек ұнға өңдейді.

     18. Асыл тұқымды шаруашылықта тауықтың жұқпалы бронхиты анықталған жағдайда, ауру сақа құстарды союға тапсырады, ал сау құстарды ет, жұмыртқа алу үшін қолданады, содан союға тапсырады.

     19. Шаруа қожалықтарындағы таза емес құс қораларының жұмыртқаларын өткізу үшін, алдымен формальдегид буымен дезинфекция өткізеді.

     20. Таза емес құс қоралардағы сойған құстың еттерін өнеркәсіптік өңдеуге бағыттайды. Таза құс қоралардағы құс еттерін жалпы сатуға бағыттайды.

     21. Таза емес құс қоралардағы сойған құстарының мамығы, қауырсыны кептіру аспаптарда 85-90 градус Цельсийда 15 минут ішінде кептіреді, немесе 3%-тік формальдегид ерітіндісімен 45-50 градус Цельсийда 30 минут бойынша дезинфекциялайды.

     22. Таза құс қоралардың тауықтарынан алынған инкубатор жұмыртқаларын, шаруашылық ішінде, балапандар өсіруін, екі еселі дезинфекциядан кейін формальдегид буымен (25-30 миллилитр формалин, 17-20 грамм марганец қышқылы калий, 12-15 миллилитр су 1 кубтық метрге камера арқылы) рұқсат беріледі.

     23. Инкубация қалдықтарын құртады.

     24. Шаруашылық инкубациялық жұмыртқалардың шеттен әкелу үшін мұқият дезинфекция өткізгеннен кейін, жекелеген жұмыртқа инкубаторы және балапандар өсіруін рұқсат етеді.

     25. Шаруашылық қожалықтарына сау құс төлдің жекелендіріп өсіруін енгізеді.

     26. Көң және төсеуді көң қоймасына шығарады және биотермиялық тәсілмен зарарсыздандырады. Көліктерді күн сайын дезинфекциялынады.

     27. Инкубаторларды, құс қораларды, жабдықтауларды, 2%-тік ыстық натр күйдіргісінің ыстық ерітіндісімен 2 сағат бойынша мұқият тазалайды және дезинфекция өткізеді. Құс қораларды айнала аумақтарын 3% улы сілті ерітіндісімен 1% формалин ерітіндісінде дезинфекциялайды.

     28. Қораларды әрбір 2-3 күн сайын, ал аумақты аптада 1 рет дезинфекциялайды.

     29. Құс қораларда, құстар барда натрий гипохлорид 2%-тік белсенді хлор (есеп бойынша 0,5 миллилитр 1 кубтық метрге) балапандар арасында - 1,0 грамм хлоризвесті, 0,1 миллилитр скипидар 7 минут, булар туман, 20%-тік сүт қышқылы су ерітіндісі резорцин немесе триэтиленгликоль есеппен 0,025 грамм дәрілермен 1 кубтық метрге ауада 2-3 рет бір күнде әр 2 сағат арқылы дезинфекциялар жүргізеді.

     30. Осы аурудың қоздырғышына қарсы басқада тиімді Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялағыш препараттар қолданады.

     31. Ауада дәрілердің тоңаздатуына аэрозольды қолданады.
     32. Ауру құстардың ақырғы қоздырғыш бөлуінен 3 айдан кейін, шаруашылықты жұқпалы бронхитқа таза деп жариялауға болады. Шек қоюлардың алуының алдында мұқият қорытынды дезинфекция өткізеді.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылық министрінің 
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 66 бұйрығымен бекітілген 

  Үйректердің вирустық гепатитін алдын-алу
және жою бойынша Ветеринариялық ережесі

     Үйректердің вирустық гепатитін алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (кейін - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Вирусты гепатит - сүзінді вируспен тарайтын жұғымтал инфекциялы ауру. Бұл аурумен 1 ден 15 күнге дейінгі, кейде 25 күнге дейінгі балапандар ауырады. Ауру жіті түрде өтеді және үйректердің өлуімен (70-100%-ке дейін) сипатталады.

     2. Инфекция қоздырушысы құрамында рибонуклеин қышқылы бар вирус, Pіkornavіrіdae-тұқымдасына, оның ішінде-Enterovіrus туыстығына жатады. Вирионның көлемі - 22-30 нанометр.

     3. Диагнозды індет танулық деректер, клиникалық белгілер, бауырдағы патологиялық өзгерістер, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер, биосынама қою арқылы анықтайды. Вирусты гепатитке диагноз қойғанда паратиф, грипп (синусит), А-авитаминоздан және уланудан ажырату керек.

  2. Үйректің вирустық гепатитынан
ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
өткізілетін алдын-алу шаралары

     4. Құстың вирустық гепатитінің алдын-алу үшін ең басты шаруа қожалығына инфекция енуінен сақтау керек, зоогигиеналық жағдайды жақсарту керек, азықтандыруды және құстардың орналасқан жерін қалыптастыру және құстардың моционның нормаға сай орындау керек. Алдын-алу үшін тірі және белсенділігін жоятын вакцина қолданылады, оны тұқымдық үйректерге және 1-3 күндік балапандарға егеді. Жұмыртқалағыш-үйректерді де егеді, 2-3 рет еккен соң жұмыртқалағыш-үйректердің иммунитеті ұрыққа жұмыртқадан беріледі.

  3. Үйректің вирустық гепатитынан таза емес
аймақтарда және індетті ошақтарда
өткізілетін шаралар

     5. Құстардың вирустық гепатитпен ауратынын дәлелдеген соң құс шаруашылық қожалығына (жеке меншікті құс фермасын, құс фабрикасын) карантинге жауып, келесі шараларды өткізеді:
     1) барлық ауру және ауруға күмәнді, әлсіреген және арықтаған үйректерді жояды. Басқаларын - белгілі құс қораның сау үйректерін ары қарай өсуге қалдырады, ал жасы үлкен үйректерді - жұмыртқалағанға дейін ұстайды, кейін шаруашылық қожалығындағы барлық құстарды етке союға жібереді;
     2) 2 ден 25 күнге дейінгі шартты сау үйректердің барлығына реконвалесцентті қан сары суын немесе гипериммунды қан сары суын тері астына, мойынның астыңғы бөлігіне, 0,5-1 миллилитр көлемінде бір рет енгізеді;
     3) шартты сау құстарды етке тапсырған соң қорада механикалық тазалау өткізеді, құрал-жабдықтарды, қолданылатын заттарды, құс қораның маңайын залалсыздандырады. Қиды және төсеніштерді жағады немесе биотермиялық залалсыздандыруға шығарады. Залалсыздандыруды формалиннің 3% ыстық ерітіндісімен екі рет өткізеді, аралығын 10 күнге созады. Арнайы киімдерді (халат, т.б) 15-20 минутке қайнап жатқан суға салады немесе формальдегид буымен залалсыздандырады. Аяқ киімді 2% формалин ерітіндісімен залалсыздандырады. Үйректердің жаңа партиясын қайта залалсызданғаннан кейін 7-10 күн өткен соң кіргізуге рұқсат беріледі.

     6. Карантин талаптары бойынша рұқсат етілмейді:
     1) инкубациялы жұмыртқаларды, үйрек пен балапандарды сыртқа шығару, оларды халыққа сату;
     2) құстарды алмастыру, азықтарды шығару, құрал-жабдықтарды және басқа қолданылатын заттарды сау емес қорадан сау қораға шығару;
     3) бөтен адамдарды шаруашылық қожалығына кіргізу;
     4) ауру құстардың қолданылған суларын қолдануға бір жыл бойы рұқсат етілмейді.

     7. Карантин талаптары бойынша рұқсат етіледі:
     1) клиникалық сау үйректер мен балапандарды сою пунктіне жіберуге;
     2) шаруашылық қожалығының ішінде үйректі етке өсіру үшін жұмыртқаларды инкубациялауға;
     3) басқа сау шаруашылық қожалығынан үйрек топтарын құру үшін балапандарды әкелуге.

     8. Егерде шаруашылық қожалығындағы барлық құстар жойылса, сонымен қатар құрал-жабдықтарды, қораны, құстарды күтетін заттарды, маңайды және басқа қораларды соңғы рет залалсызданғаннан кейін шаруашылық қожалығына аурудан таза деп шешім қабылданады және карантин шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады