Лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 31-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3453.

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.03.2021 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Лоцмандық қызмет туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



  Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы
N 31-І бұйрығымен
бекітілген

Лоцмандық қызмет туралы ереже

      1. Лоцмандық қызмет туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) ішкі су жолдарында жүзетін кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кемелердегі көліктік оқиғалардың алдын алу мақсатында және кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру бойынша лоцмандық қызметтің және лоцмандардың құрылуын жұмысын реттейді.

      2. Лоцмандық қызметтер негізгі міндеті қызмет көрсету шекаралары шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын тиісінше ұстау және дамыту үшін өндірістік әрекетті жүзеге асыру болып табылатын, меншік нысанына қарамастан ұйымының құрамында құрылады.

      3. Лоцмандық қызмет ұйымның есебінен ұсталады. Лоцмандық қызмет жұмысын ұйымдастыру берілген ауданның нақты жағдайларына байланысты белгіленеді.

      4. Орта немесе жоғары кеме жүргізушілік білімі, бассейнде (ауданда) ішкі суларда өздігінен жүзетін немесе буксирлік жүк кемелерінің жоғары тобының капитаны дипломы, не жолаушылар кемелерінің осындай немесе жоғары тобының капитаны дипломы, сондай-ақ кемелерді жұмыс істеу үшін денсаулығының жай-күйі бойынша жарамдылығы туралы медициналық куәландыруы бар Қазақстан Республикасының азаматы лоцман болуы тиіс. Лоцмандық қызметтің лоцмандарды дайындау үшін лоцмандық қызмет жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге қажетті тағылымдамашылары болуы мүмкін.

      5. Лоцмандық қызмет кеме жүретін кеме жолдарының және навигациялық жағдай құралдарының жай-күйін қарайды және кеме жолдарындағы тереңдікті өлшеуді жүргізеді.

      6. Лоцмандық қызмет барлық ішкі су жолдарындағы навигациялық жағдай құралдарының ақаулықтары мен кемшіліктері жөнінде мемлекеттік бақылауды және ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қадағалауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тез хабарлайды. Лоцмандық қызмет, сондай-ақ өткізілудегі кемелермен немесе жолда кезіккен басқа кемелермен болған барлық апаттық жағдайлар жөнінде хабарлайды. Лоцман өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кемелік радиостанцияны және байланыстың басқа құралдарын қолдануға құқығы бар.

      7. Лоцмандық қызмет кеме жүргізушілердің ішкі су жолдарының кемеден аққан ағынды және құрамында мұнай бар сулармен ластанудың алдын алу талаптарын, сондай-ақ санитарлық ережелерді сақтауын бақылайды. Кемені алып өтуді жүзеге асыратын лоцманның талаптары өткізілудегі кеменің қозғалыс және маневрлік міндеттеріне қатысты міндеттері бойынша кеменің барлық вахталық персоналы үшін міндетті.

      Бірақ лоцман кемедегі ішкі тәртіпке араласуға немесе оны өзгертуге құқылы емес.

      8. Лоцмандық қызмет кеме қатынасы ережелерін және басқа іс жүзіндегі ережелерді сақтауда анықталған бұзушылықтар жөнінде өткізілудегі кемелердің капитандарына хабарлайды және анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді, ал лоцманның көрсетілген және өзге де заңды талаптарын капитан орындамаған жағдайда, бұл жөнінде аумақтық бөлімшеге тез арада хабарлайды.

      9. Лоцмандық қызмет қажет болғанда жүзу ауданына сәйкес разрядтары бар катермен жабдықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады