Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
1) шошқаның қан тышқағын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелердi;
2) шошқаның атрофиялық ринитiн алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелердi.
2. Ветеринария департаментi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бiрге, заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылық Министрінің
2005 жылғы 24 қаңтардағы N 65
бұйрығымен бекітілген
Шошқаның дизентерия ауруының алдын-алу
және жою бойынша Ветеринарлық ережесі
Шошқаның дизентерия ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (кейін - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен міндетті түрде ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Шошқа дизентериясы жұқпалы ауру мен сипатталатын нәжісінде қан және шырыш араласуымен, тоқтамай іштері өтумен, сонымен бірге тоқ ішектің шырышты катаральды-геморрагиялық қабынады және жансыздау өзгерістер байқалады.
2. Дизентерияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыру кезінде қоздырғышы спирохета екендігін есте ұстау қажет.
3. Балау, індетті мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, патолого-анатомиялық өзгерістерге, материалдың микроскопиялық зерттеуіне сүйеніп қойылады.
4. Шошқа дизентериясын міндетті түрде мына аурулардан ажырату қажет; обадан, сальмонеллезден (паратиф), вирусты (трансмиссивті) гастроэнтериттан, анаэробты энтеротоксемиядан, колибактериоздан, гельминтоздардан жаңа туған төлдердің, диспепсиясынан сондай-ақ токсикоздардан және жануарларды сапасыз азықпен азықтандырумен байланысты әртүрлі аурулар.
2. Дизентерияға ветеринариялы-санитарлы таза
аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары
5. Инфекция қоздырғышының жағдайы таза шаруа қожалыққа енуі және дизентерияның шошқа фермаларында таралуына жол бермеу мақсатында шаруа қожалықтың жетекшілері мен мал шаруашылық қожалығының мамандары міндетті:
1) ветеринарлы-санитарлы ережелерді және шошқаларды азықтандыру мен жабдықтау технологиясы талаптарын қатаң түрде орындау;
2) жабық түрдегі шошқа кешендеріндегі мал басын өз төлі есебінен толықтырып, ал бордақылау кешендеріндегі малдарды шаруашылық қожалығына бекітілген қолайлы (2-3 жылдан кем емес аралығында) шошқа дизентерия ауруынан таза шаруашылық, сонымен қатар шошқаларды дизентерлеу қожалығынан әкелу арқылы толықтырылады;
3) шошқа дизентериясы жоқ, нашар шаруашылық қожалығымен фермамен шаруашылық байланысына жол бермеу;
4) шошқа бордақылау кешенінде жас аналық торай мен қабандарды тұқымдыққа пайдалануға қатаң түрде тиым салынады.
6. Жағдайы қолайлы шаруашылық қожалығына әкелген жануарларды карантин қойылған бар фермада 30 күннен кем ұстамайды. Осы уақыт ішінде әрбір шошқаға жан-жақты диагностикалық зерттеулер (сонымен қатар дизентерияға да) алдын-алу шараларын жүргізеді.
7. Басқа шаруашылық қожалығынан ауру жас малды әкеткен кезде, оның карантиялы кезеңінде осындай шамадағы 5-10 сау жас малды топқа қосады (биосынама). Күйіктен өткен малдарды егер карантия кезеңінде ауру белгілері байқалмаса және лабораторлы зерттеулер теріс нәтижелі болса сау мал деп есептейді.
8. Карантин қойылған фермада шошқада дизентерияға күдікті гастроэнтерит дамыса малдың, бар тобын союға жібереді де мұқият санациядан өткізеді (секция, клетка қора).
9. Ауру малды негізгі фермаға бір цехтан екінші цехқа ауыстырған кезде торайдың, жабынын 0,5 процент күйдіргіш натри мен 1 процент формальдегид бар формальдегидтің сілтілік ерітіндісімен өңдейді.
3. Дизентериядан таза емес аймақтарда және
індеттік ошақтарда өткізілетін шаралар
10. Ауру бөлінген ауылға (шошқа қорасына) шектеулер қойылады: малдарды орнын ауыстыруға, бөтен адамдар келуге рұқсат етілмейді және дезинфекция (дәрілеу) жүргізіледі.
11. Емдеу үшін Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға рұқсат етілген препараттар қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрiнiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы N 65
бұйрығымен бекiтiлген
Шошқаның атрофиялық ринитiн алдын-алу
және жою бойынша Ветеринарлық ережесi
Шошқаның атрофиялық ринитiн алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргiзудiң ветеринарлық ережесi (кейiн - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде ветеринарлық шараларды мiндеттi түрде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Шошқаның атрофиялық ринитi - шошқалардың жұқпалы ауруы, ауру торайлардың танау маңайындағы қойнаулардың, өкпенiң, ортаңғы және iшкi құлақтың, ми қабатының асқынуымен сипатталады, оған жас және үлкен шошқалар шалдығады. Көбiнесе ауруға торайлар бейiм келедi, оларға туғаннан бастап 3-4 айлық жасына дейiн жұғады.
2. Дерттің қоздырушы - Bordetella bronchiseptica - жылжымайтын спорамен, қабықша құрамайтын, көлемi орташа (0,4-0,5; 1,5-2,5 микрометр) граммтерiс таяқша.
3. Шошқаның атрофиялық ринитiне диагнозды қоярда клиникалық-iндеттiк мәлiметтерге және керек жағдайда патогистологиялық зерттеулерге сүйенедi. Диагнозды дәлелдеу үшiн мiндеттi түрде 3-4 ауру немесе ауруға күмәндi торайларды сояды, кейiн бас сүйегiн аралап танау қуысын қарайды.
2. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитiн
ветеринарлы-санитарлық таза аймақтарда
өткiзiлетiн алдын-алу шаралары
4. Шошқаның жұқпалы атрофиялық ринитiнiң алдын-алуы келесiге негiзделген:
1) шаруашылық қожалығын инфекцияның енуiнен сақтау, шошқаларды азықтандырғанда және баққанда жалпы ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптарды орындайды;
2) ветеринариялық куәлiкпен бекiтiлген инфекциялық атрофиялық ринитiн ветиринарлы-санитарлы таза аймақтардағы сау шаруашылық қожалықтарынан әкелiп шошқалардың тобын құрады;
3) жаңа әкелiнген шошқаларды 30-күндiк карантинде ұстау және аналық шошқаларды торайлағаннан кейiн оқшауханада 1,5-ай ұстау. Жалпы топқа тек қана мегежiн мен торайлардын арасында ауруға күмәндi торай болмағанда кiргiзедi;
4) жасына байланысты шошқаларды бөлек ұстайды;
5) мегежiндердiң торайлануға және шағылысуға дайындағанда керектi протейннiң, минералдық заттардың және витаминдердiң балансыланған қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сонымен қатар шошқаларды жабдықталған жазғы лагерьлерде ұстау;
6) торайлау кезiнде мегежiндердi жасы бойынша бөлiнген топтардан бөлек ұстайды;
7) шошқа фермасының маңайын және қораларын көктем мен күзде механикалық тазалау, кейiн дезинфекциялап және қиды биотермиялық зарарсыздандырады;
8) шошқа қорасының кiре берсiне дезерiтiндiсi бар жәшiктердi қояды және уақытымен дератизация өткiзедi;
9) жеке меншiк шошқаларын жұқпалы атрофиялық риниттен сау емес шаруашылық қожалықтарының шошқаларымен бiрге қосуға болмайды;
10) шошқа тұрған қораларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмау;
11) айына бiр реттен сирек емес барлық шошқа басын ветеринар маманымен клиникалық қараудан өткiзедi;
12) шошқаны күтуге қолданылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалау және дезерiтiндiлермен тазалайды;
13) әр шошқа қорасына сабын мен қол жуғыш қояды және олардан арнайы киiмдi шығаруға тыйым салынады;
14) әр 10-15 күн сайын барлық шошқа шаруашылық қожалықтарында санитарлық күн өткiзедi;
15) мiндеттi түрде ветеринариялық зертханаға түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын ашу және жұқпалы атрофиялық ринитке байланысты өзгерiстердi табу.
3. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитiн
таза емес аймақтарда және iндеттi ошақтарда
өткiзiлетiн шаралар
5. Ауруды дәлелдеген соң барлық шаруашылық қожалығындағы шошқа басын клиникалық қараудан өткiзедi, нәтижесiне қарай үш топқа бөледi және келесi iс-шаралар өткiзiледi:
1) ауру шошқалар тобы, аурудың белгiлерi айқын көрiнетiн шошқаларды жалпы шошқа қорасынан оқшаулайды және етке тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс семiртуге қояды;
2) шартты сау шошқа тобы арасынан аурғандар бөлiнсе, оларды әр 5-6 күн арасында жеке клиникалық қараудан өткiзедi және ауру шыққан барлық шошқаларды оқшаулайды және етке тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс семiртуге қояды. Егер де мегежiн тобынан инфекциялық атрофиялық ринитпен ауырған бiр торай болсада, осы мегежiн тобындағы барлық торайларды аналық шошқамен бiрге фермадан тыс жерге оқшаулайды, семiртуге қояды және семiртiп болған соң союға жiбередi;
3) сау шошқа тобына барлық қалған шошқа бастарын, клиникалық қарауда ауру белгiлерi байқалмағандарды кiргiзедi, оларға аурудан сақтау шараларын қолданады.
6. Жеке шаруашылық қожалығының басшылары ферманы сауықтыруды жоспар бойынша орындау керек, онда негiзiнен келесiлер қарастырылады:
1) клиникалық сау шошқа қораларынан таңдалған үш немесе оданда көп торайлары бар аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру, оларды шаруашылық қожалығы сауыққанша жеке ұстап, құрғақ жақсы желдетiлетiн қораларда оқшаулайды;
2) осы топтар тұратын шошқа қораларында тазалау, ондау жұмыстарын өткiзу, қора маңайында және iшiнде дезинфекция және дератизация өткiзедi;
3) клиникалық сау шошқа топтарын оқшау бағылатын жазғы лагерьлерге шығарады, оларды күту үшiн бөлек жұмысшылар бөледi;
4) сау емес шошқа бастарын етке тапсыру, оларды инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан таза аймақтардағы сау шошқа тобында өсiрiлген аналық шошқа басына айырбастау немесе басқа шаруашылық қожалығынан сау шошқа бастарымен ауыстырылады.
7. Ауру анықталған шаруашылық қожалығын iндеттi ошақ деп шығарады, оны тiркеуге алып iшiнде шектеу енгiзедi.
8. Шектеу талаптары бойынша, рұқсат берiлмейдi:
1) шаруашылық қожалығы түгелiмен сауыққанша шошқа басын көбейту үшiн басқа шаруа қожалығына (бөлiмге, фермаға) шығаруға;
2) клиникалық сау емес шошқаларды семiртуге басқа шаруашылық қожалығына шығаруға.
9. Бiр жыл iшiнде ауру байқалмаса және сау торайлар алынса, шартты сау мегежiн тобынан соңғы екi рет торайлағанында сау торай шыққанда, сонымен қатар осы ветеринариялық ережедегi барлық шаралар орындалса шаруашылық қожалығын аурудан таза деп шығарады.