Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3467

     Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасындағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері немесе "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі N 98 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3033 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
     1-тармақтағы "5" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
     3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.
     4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады