Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008.01.09. N 02-01-02/5 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"
Заңының
5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2697 тіркелген, 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 30 "Казахстанская правда" және 2004 жылғы 13 және 14 қаңтардағы NN 33-34, 35 "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 ақпандағы N 02-01-02/21
бұйрығымен
өзгеріс енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2719 тіркелген, 2004 жылғы 6 наурыздағы N 45 "Казахстанская правда" және 2004 жылғы 6 наурыздағы N 53-54 "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
жоғары аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптары:
1) "келесі төменгі санаттағы лауазымдарда" сөздерінен кейін "немесе мемлекеттік органның штат кестесінде қарастырылған келесі төменгі лауазымда" сөздермен толықтырылсын;
2) 7 тармақта:
6) тармақшадағы ", С-9" сөздері алынып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай мазмұнымен толықтырылсын:
"6-1) С-9 санаты үшін:
білімі - жоғары кәсіптік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер;".
2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға