Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 (2011.07.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 9-22 қыркүйекте жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 326 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2519 тіркелген) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тарауда:
7-тармақта:
1320 шоттар тобының атауында "заемдар" деген сөзден кейін "және қаржы лизингі" деген сөздермен толықтырылсын;
"1455" деген шот тобының нөмірі "1458" деген нөмірмен ауыстырылсын;
1320 шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингтері";
"1800 Бағалы қағаздардың номиналдық құны мен оларды сатып алу/сату бағасы арасындағы айырма" шоттар тобы алынып тасталсын;
8-тармақта:
2700 шоттар тобынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
"2770 Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар";
"2800 Бағалы қағаздардың номиналдық құны мен оларды сатып алу/сату бағасының арасындағы айырма" шоттар тобы алынып тасталсын;
9-тармақта:
3100 шоттар тобынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
"3120 Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары";
7500 шоттар тобының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақта:
6180-6680 шоттар топтарының атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
"6180-6680 Вексельдер бойынша ықтимал талаптар (міндеттемелер)";
2-тарауда:
1005 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1006 Жолдағы жол жүру чектеріндегі ақша";
1008 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1009 Қымбат емес металдардан дайындалған, кассадағы коллекциялық монеталар";
1052 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1054 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар)";
1104 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1105 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт
1106 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы";
1264 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
1264 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1265 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша дисконт
1266 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы
1267 Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қадарлық) ретінде берілген ақшаны сақтау шоты";
1311 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1312 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт
1313 Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1329 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1330 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконт
1331 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1405 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1406 Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша бұрынғы ұстаушылар есептеген сыйақы";
1433 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"1434 Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт
1435 Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы";
1445 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1603 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1604 Қымбат емес металдардан дайындалған, қоймадағы коллекциялық монеталар";
1728 шотының атауындағы "кепілзат, кепілдік, кепіл" деген сөздер алынып тасталсын;
1755 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1755 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1756 Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер";
1792 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1793 Болашақ кезеңдер шығыстары";
1815 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1835 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1878 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"1879 Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)";
"1896 Сатылған опциондар үшін сыйлықақы бойынша талаптар" шотының нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
2016 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2016 Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары";
2068 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2069 Алынған заемдар бойынша сыйлықақы
2070 Алынған заемдар бойынша дисконт";
2130 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2130 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2131 Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты";
2138 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2139 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы
2140 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт";
2210 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2211 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2212 Клиенттердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары
2213 Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ететін (кепілдік беретін) салым";
2223 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2237 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2238 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы
2239 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт
2240 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қадарлық) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты";
2305 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2306 Сатып алынған облигациялар";
2402 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"2403 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы
2404 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт
2405 Сатып алынған реттелген облигациялар
2406 Реттелген облигациялар";
2700 шоттары тобынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2701 Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар";
2708 шотының атауы мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар";
2713 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер алынып тасталсын;
"2716 Аудит және консультациялық қызметтер бойынша есептелген шығыстар" шотының нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
2715 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2717 Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар";
2723 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2730 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2731 Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар";
2747 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2755 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2755 шотынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
"2770 Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар";
2793 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2794 Болашақ кезеңдер кірістері";
2815 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2819 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2820 Аудит және консультациялық қызмет көрсету бойынша есептелген комиссиялық шығыстар";
2835 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2860 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"2861 Демалыс төлемақыларына арналған резерв";
"2896 Сатып алынған опцион үшін сыйлықақы бойынша міндеттемелер" шотының нөмірі және атауы алынып тасталсын;
3001, 3025 және 3051 шоттарының атауларындағы "Жарияланған жарғылық" деген сөздер "Жарғылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3101 шотынан кейін мынадай шоттар тобымен толықтырылсын:
"3120 Кредиттік серіктестіктер қатысушыларының қосымша жарналары";
3589 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"3590 Гиперинфляцияға арналған түзету шоты";
4104 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4105 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер";
4265 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
4265 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4266 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер
4270 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер";
4311 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4312 Басқа банктер берген заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер";
4326 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4327 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заемдар бойынша мерзімі өткен берешектері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4328 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарына берілген қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешектері бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер
4330 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берген заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер
4331 Алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер";
4433 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4430 Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер
4440 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер";
4445 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
4454 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4455 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер
4456 Сатып алынған облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша кірістер";
4605 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
4703 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4703 Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кіріс";
4704 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4704 Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кіріс";
4709 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4709 Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын өзгертуден түскен жұмсалмаған кіріс";
4710 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4710 Басқа да қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кіріс";
4710 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"4711 Негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануынан түскен шығындарды қалпына келтіруден болған кірістер
4712 Материалдық емес активтердің құнсыздануынан түскен шығындарды қалпына келтіруден болған кірістер
4713 Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан түскен шығындарды қалпына келтіруден болған кірістер";
4922 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"4923 Акциялар бойынша дивидендтерді алуға байланысты кірістер";
5026 шотының атауы мемлекеттік тілдегі мәтінінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқа банктердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5052 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5053 Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5060 шоттар тобынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5063 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5068 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5069 Алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар
5070 Басқа банктер берген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар
5071 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар";
5128 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5129 Басқа банктерден тартылған салымдары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5130 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
5137 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
5138 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар
5140 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар
5141 Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар";
5204 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
5211 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5212 Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5223 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
"5229 Клиенттердің өзге де салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар" шотының нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
5235 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5236 Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар
5240 Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар";
5307 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5308 Сатып алынған облигациялар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар";
5402 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5404 Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар
5406 Реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";
5465 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"5466 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге "(провизияларға) қаржы бөлу";
5605 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
5703 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5703 Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған шығыс";
5704 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5704 Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған шығыс";
5709 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5709 Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын өзгертуден түскен жұмсалмаған шығыс";
5710 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5710 Басқа да қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған шығыс";
5710 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"5711 Негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануынан түскен шығыстар
5712 Материалдық емес активтердің құнсыздануынан түскен шығыстар
5713 Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздануынан түскен шығыстар";
6180 шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"6180 Вексельдер бойынша ықтимал талаптар";
6680 шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"6680 Вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелер";
6025 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"6030 Жабылмаған аккредитивтер бойынша бенефициар банктің ықтимал талаптары";
6525 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"6530 Жабылмаған аккредитивтер бойынша бенефициар банктің ықтимал міндеттемелері";
6915 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"6991 Фьючерс операциялары бойынша позиция
6992 Форвард операциялары бойынша позиция
6993 Опцион операциялары бойынша позиция
6994 Спот операциялары бойынша позиция
6995 Своп операциялары бойынша позиция
6996 Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша позиция
6997 Бағалы қағаздармен операциялар бойынша позиция";
7321 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"7330 Агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдар
7331 Агенттік заемдар бойынша есептелген сыйақы";
7415 шотынан кейін мынадай шоттармен толықтырылсын:
"7416 Зейнетақы активтері орналасқан бағалы қағаздары бар "кері РЕПО" операциялары";
7500 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7500 шоттар тобынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"7510 Сенімгерлік басқарудағы ақша";
7520 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7530 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7530 шотынан кейін мынадай шотпен толықтырылсын:
"7535 Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар";
7540 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7542 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7543 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
3-тарауда:
1005 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1006 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1006 Жолдағы жол жүру чектеріндегі ақша (актив).
Шоттың мақсаты: Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның бір бөлімшесінен екіншісі бөлімшесіне жіберілген жол жүру чектеріндегі ақша сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның бір бөлімшесінен екіншісіне жіберілген жол жүру чектеріндегі ақша сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жол жүру чектерін алу туралы растаманы алғаннан кейін жол жүру чектеріндегі жіберілген ақша сомалары есептен шығарылады.";
1008 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1009 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"1009. Қымбат емес металдардан дайындалған кассадағы коллекциялық монеталар (актив).
Шоттың мақсаты: Қымбат емес металдардан дайындалған кассадағы коллекциялық монеталардың сомаларын есепке алу. Осы монеталар сатып алу құны бойынша есептеледі.
Шоттың дебеті бойынша кассаға түскен қымбат емес металдардан дайындалған коллекциялық монеталардың сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды сату және үшінші тұлғаларға сыйға тарту кезінде кассадан берілген қымбат емес металдардан дайындалған коллекциялық монеталардың сомалары есептен шығарылады.";
1052 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1054 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"1054. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар) (контрактив).
Шоттың мақсаты: Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар) сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар) сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды жою немесе баланстан есептен шығару кезінде басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (провизиялар) сомалары есептен шығарылады.";
1104 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1105 және 1106 шоттарының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"1105. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт (контрактив).
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне орналастырылған салымдар бойынша ақшаның қайтарылатын сомасының салымдар бойынша (дисконт) орналастырылған нақты сомадан асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша салым бойынша қайтарылатын соманың салым бойынша (дисконт) нақты орналастырылған сомадан асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4105 баланстық шоты бар корреспонденцияда орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
1106. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы (актив).
Шоттың мақсаты: Салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) сомасының Қазақстан республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылатын сомасынан асып түскен сомасын (сыйлықақы) есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан (сыйлықақы) асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5140 баланстық шоты бар корреспонденцияда орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.";
1208 шотының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1208. Саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты (актив).
Шоттың мақсаты: Саудаға арналған бағалы қағаздарды бағалаудан түскен жұмсалмаған кірістер сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздардың әділ құнын көтеруден түскен жұмсалмаған кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды өтеу, сату немесе баланстан есептен шығару кезінде бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомалары есептен шығарылады.";
1264 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
1264 шоттың бірінші абзацы мемлекеттік мәтінінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Шоттың мақсаты: Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде банктік салым шарты және/немесе кепіл жөніндегі шарт бойынша берілген ақша сомаларын (салымды) есепке алу";
"(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1264 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1265, 1266 және 1267 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1265. Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша дисконт (контрактив).
Шоттың мақсаты: басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған ақша сомаларының салымдар бойынша (дисконт) нақты орналастырылған ақша сомасынан асып түскен соманы есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша салым бойынша қайтарылған соманың салым бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан (дисконт) асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4266 баланстық шоты бар корреспонденцияда орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
1266. Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы (актив).
Шоттың мақсаты: Салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша (сыйлықақы) қайтарылатын сомадан асып түскен соманы есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салым бойынша қайтарылған ақша сомасынан (сыйлықақы) асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5141 баланстық шоты бар корреспонденцияда орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.
1267. Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілдік) ретінде берілген ақшаларын сақтау шоты (актив).
Шоттың мақсаты: Банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілдік) ретінде кепілдік шарты бойынша берілген ақша сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілдік) ретінде берілген ақша сомалары жүргізіледі.
Шоттың кредиті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, кредиттік серіктестіктің және ипотекалық компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілдік) ретінде берілген ақша сомалары есептен шығарылады.";
1311 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1312 және 1313 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1312. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт (контрактив).
Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасын (дисконт) есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасы (дисконт) жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4312 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
1313. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы (актив).
Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша өтелетін заем сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5070 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.";
1329 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1330 және 1331 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1330. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконт (контрактив).
Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасын (дисконт) есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасы (дисконт) жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4327 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
1331. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйлықақы (актив).
Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5071 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.";
1405 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1406 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1406. Клиенттердің нақтыланған вексельдері бойынша бұрынғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы (актив).
Шоттың мақсаты: Клиенттердің нақтыланған вексельдері бойынша бұрынғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомаларын оларды сатып алғанға дейінгі сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша клиенттердің нақтыланған вексельдері бойынша бұрынғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомаларын оларды сатып алғанға дейінгі сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша клиенттердің нақтыланған вексельдері бойынша бұрынғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомаларын есептен шығарады.";
1432 шоты атауы мен сипаттамасының бірінші абзацында "(пассив)" деген сөз "(контрактив)" деген сөзбен ауыстырылсын.
1433 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1434 және 1435 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1434. Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт (контрактив).
Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасын (дисконт) есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасы (дисконт) жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4434 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
1435. Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы (актив).
Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты берілген заем (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) сомасының асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5240 баланстық шоты бар корреспонденцияда берілген заем бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.";
1445 шотының атауы мен сипаттамасындағы "(трасттық") деген сөз алынып тасталсын;
1456 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1456. Басқа да бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты (актив).
Шоттың мақсаты: Басқа да бағалы қағаздар құнын қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кірістер сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздардың әділ құнын көтеруден түскен жұмсалмаған кірістер сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша өтеу, сату және баланстан шығару кезінде басқа да бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомаларын есептен шығарады.";
1603 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1604 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1604. Қымбат емес металдардан дайындалған қоймадағы коллекциялық монеталар (актив).
Шоттың мақсаты: Қымбат емес металдардан дайындалған кассадағы коллекциялық монеталар сомаларын есепке алу. Осы монеталар сатып алу құны бойынша есепке алынады.
Шоттың дебеті бойынша қымбат емес металдардан дайындалған кассаға түскен коллекциялық монеталардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды кассаға беру, сату немесе үшінші тұлғаларға сыйлыққа тарту кезінде қоймадан берілген қымбат емес металдардан дайындалған коллекциялық монеталар сомалары есептен шығарылады.";
1728 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
1728 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1755 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1755 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1756 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1756. Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).
Шоттың мақсаты: Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды алу және баланстан есептен шығару кезінде басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер сомалары есептен шығарылады.";
1792 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1793 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1793. Болашақ кезеңдер шығыстары (актив).
Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдер шығыстары сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдер шығыстарының сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша есептеу әдісі бойынша нақты шығыстарға болашақ кезеңдер шығыстарының сомалары есептен шығарылады.";
1815 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1835 шотының атауында "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
1878 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 1879 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"1879. Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) (актив).
Шоттың мақсаты: Есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша оларды алу немесе баланстан есептен шығару кезінде есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомалары есептен шығарылады.";
1891 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1891. Фьючерс операциялары бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша клиент ақы төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кездегі фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
1892 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1892. Форвард операциялары бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша клиент ақы төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кездегі форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
1893 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1893. Опцион операциялары бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша клиент ақы төлеген немесе баланстан есептен шығарылған кездегі опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
1894 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1894. Спот операциялары бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Спот операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша қарсы әріптес ақы төлеген немесе спот операцияларын жойған кезде спот операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
1895 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1895. Своп операциялары бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Своп операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша қарсы әріптес ақы төлеген немесе своп операцияларын жойған кезде своп операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
1896 шотының нөмірі, атауы және сипаттамасы алынып тасталсын;
1899 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1899. Басқа да операциялар бойынша талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ оң бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша қарсы әріптес ақы төлеген немесе басқа да туынды қаржы құралдармен операцияларды жойған кезде операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болған талаптар сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары есептен шығарылады.";
2016 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2016. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары (пассив).";
2016 шотының сипаттамасында "клиенттерге" және "клиенттің" деген сөздер "басқа банктерге" және "басқа банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2068 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2069 және 2070 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"2069. Алынған заемдар бойынша сыйлықақы (пассив).
Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша заемды өтеу сомасынан (сыйлықақы) мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 4330 баланстық шоты бар корреспонденцияда алынған заем бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.
2070. Алынған заемдар бойынша дисконт (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда нақты алынған заем сомасынан заемды өтеу сомасының асып түскен сомасын (дисконт) есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) заемды өтеу сомасының асып түскен сомасы (дисконт) жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 5069 баланстық шоты бар корреспонденцияда алынған заем бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.";
2130 шотының атауы мен сипаттамасында "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2130 шоты сипаттамасының екінші абзацында "банктік салым шарты" деген сөздерден кейін "және/немесе кепіл туралы шарт" деген сөздермен толықтырылсын;
"(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2130 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2131 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"2131. Басқа банктердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты (пассив).
Шоттың мақсаты: Олардың міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған басқа банктердің ақша сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша оның міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған басқа банктердің ақша сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған басқа банктердің ақша сомалары есептен шығарылады.";
2138 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2139 және 2140 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"2139. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы (пассив).
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) нақты алынған соманың салымның (сыйлықақы) қайтарылатын сомасынан асып түскен сомасын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша салым бойынша нақты алынған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымның (сыйлықақы) қайтарылатын сомаларының асып түскен сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4270 баланстық шоты бар корреспонденцияда тартылған салым бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.
2140. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдің орталық банктерінен және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша қайтарылатын соманың (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша нақты алынған сомалардың (дисконт) асып түскен сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша (дисконт) нақты алынған ақша сомасынан асып түскен сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5138 баланстық шоты бар корреспонденцияда тартылған салым бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.";
2210 шотының атауы мен сипаттамасынан "(трасттық") деген сөз алынып тасталсын;
2211 шотының атауы мен сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2212 және 2213 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"2212. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары (пассив).
Шоттың мақсаты: Клиенттерге тиесілі тазартылған қымбат металдар құнын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша клиенттің шотына түскен тазартылған қымбат металдар құны жазылады.
Шоттың дебеті бойынша клиенттің тапсырмасы бойынша түскен тазартылған қымбат металдар құны есептен шығарылады.
2213. Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ететін (кепілдік беретін) салым (пассив).
Шоттың мақсаты: Салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісіне жататын клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде банктік салым шарты және/немесе кепіл туралы шарты бойынша қабылданған ақша (салым) сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша оның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде қабылданған ақша (салым) сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік, ипотека) ретінде қабылданған ақша (салым) сомалары есептен шығарылады.";
2221 шоты сипаттамасының екінші абзацында "банктік шотының" деген сөздер "карт-шотының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2223 шотының атауында "(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер алынып тасталсын;
2223 шотының сипаттамасында:
бірінші абзацында "банктік салым шарты" деген сөздерден кейін "және/немесе кепілдік шарты" деген сөздермен толықтырылсын;
"(кепілзат, кепілдік, кепіл)" деген сөздер "кепілдік, ипотека" деген сөздермен ауыстырылсын;
2237 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2238, 2239 және 2240 шоттарының сипаттамасымен толықтырылсын:
"2238. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы (пассив).
Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдарды (сыйлықақы) қайтарылатын сомасынан асып түскен сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдарды (сыйлықақы) қайтарылатын сомасынан асып түскен сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4440 баланстық шоты бар корреспонденцияда тартылған салым бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы жазылады.
2239. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдарды (дисконт) салымдар бойынша нақты алынған сомадан асып түскен сомаларды есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша қайтарылатын ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдарды (дисконт) салымдар бойынша нақты алынған сомадан асып түскен сомалар жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5236 баланстық шоты бар корреспонденцияда тартылған салым бойынша дисконт амортизациясының сомасы жазылады.
2240. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепіл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты (пассив).
Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепіл) ретінде кепілдік шарты бойынша қабылданған ақшаны есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепіл) ретінде қабылданған ақша сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қарымжы, қардарлық) ретінде қабылданған ақша сомалары жазылады.";
2305 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2306 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2306. Сатып алынған облигациялар (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған облигациялардың номиналдық құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша басқа ұстаушыларға оларды сатқан немесе оларды жойған кезде сатып алынған облигациялардың номиналдық құны есептен шығарылады.";
2402 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2403, 2404, 2405 және 2406 шоттарының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2403. Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы (пассив).
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып түскен сомаларын есепке алу (сыйлықақы).
Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып түскен сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша N 4455 баланстық шоты бар корреспонденцияда айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясы жазылады.
2404. Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып түскен сомаларын есепке алу (дисконт).
Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып түскен сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша N 5403 баланстық шоты бар корреспонденцияда айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт амортизациясы жазылады.
2405. Сатып алынған реттелген облигациялар (контрпассив).
Шоттың мақсаты: Ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Ұстаушылардан сатып алынған айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша басқа ұстаушыларға оларды сатқан немесе оларды жойған кезде сатып алынған реттелген облигациялардың номиналдық құны есептен шығарылады.
2406. Реттелген облигациялар (пассив).
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құны жазылады.
Шоттың дебеті бойынша өтеу кезінде айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құны жазылады.";
2552 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2701 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2701. Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Шоттың мақсаты: Корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша ақы төлеу кезінде корреспонденттік шоттар бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.";
2708 шотының атауы мен сипаттамасы мемлекеттік тілдегі мәтінінде мынадай редакцияда жазылсын:
"2708. Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Шоттың мақсаты: Басқа банктердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа банктің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар металл қайтарылған кезде есептен шығарылады.";
2713 шотының атауында және сипаттамасында "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер алынып тасталсын;
2713 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2716 шотының нөмірі, атауы және сипаттамасы алынып тасталсын;
2715 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2717 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2717. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Шоттың мақсаты: Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша металды қайтарған кезде клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар сомалары есептен шығарылады.";
2723 шотының атауында және сипаттамасында "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер алынып тасталсын;
2723 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2730 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2731 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2731. Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар (актив).
Шоттың мақсаты: Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша ақы төлеген кезде басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар сомалары есептен шығарылады.";
2747 шотының атауындағы "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер алынып тасталсын;
2747 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепілмен, кепілдікпен)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2755 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2755 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2770 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2770. Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта ақысы төленетін, қазіргі кезеңге жататын әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша ақы төлеу кезінде әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар сомалары есептен шығарылады.";
2793 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2794 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2794. Болашақ кезеңдер кірістері (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақ кезеңдер кірістері сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша болашақ кезеңдер кірістерінің сомасын есептеу әдісі бойынша нақты кірістерге есептен шығару жазылады.";
2815 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2819 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2820 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2820. Аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық сыйақы (пассив).
Шоттың мақсаты: Осы кезеңге қатысты, ақысын төлеу болашақта күтілетін аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша аудит және консультациялық қызмет көрсетулер бойынша есептелген комиссиялық шығыстардың оларды төлеген кезде сомаларын есептен шығару жазылады.";
2835 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
2860 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 2861 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"2861. Демалыс төлемақыларына арналған резерв (пассив).
Шоттың мақсаты: Қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша қызметкерлерге төленетін демалысақы төлемдеріне арналған резервтердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомаларын N 2854 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
2874 және 2875 шоттарының атауындағы және сипаттамаларындағы "(контрактив)" деген сөз "(пассив)" деген сөзбен ауыстырылсын;
2891 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2891. Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша клиент төлеген кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
2892 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2892. Форвард операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Форвард операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша клиент төлеген кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
2893 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2893. Опцион операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Опцион операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша клиент төлеген кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
2894 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2894. Спот операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Спот операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша спот операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша спот операцияларын төлеу немесе жою кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
2895 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2895. Своп операциялары бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Своп операциялары бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша своп операцияларын жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын төлеу немесе жою кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
2896 шотының нөмірі, атауы және сипаттамасы алып тасталсын;
2899 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2899. Басқа да операциялар бойынша міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша банк төлеген немесе туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар жойылған кезде пайда болған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомалары жазылады.";
3001 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3001. Жарғылық капитал - жай акциялар (пассив).
Шоттың мақсаты: Жай акциялар бойынша жарғылық капиталдың сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды оларды номиналдық құны бойынша төлеу және акцияларды инвесторларға (инвесторға) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылған акциялардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
3001 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 3002 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"3002. Төленбеген жарғылық капитал - жай акциялар (актив).
Шоттың мақсаты: 2003 жылғы 16 мамырға шығарылған, акционерлер орналастырмаған және төлемеген жай акциялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша акционерлер орналастырмаған және төлемеген жай акциялардың жарияланған номиналдық құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жай акциялардың жарияланған номиналдық құны есептен шығару жазылады.";
3003 шотының атауы және сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3003. Сатып алынған жай акциялар.
Шоттың мақсаты: Орналастырылған жай акцияларды сатып алу құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес орналастырылған акцияларды сатып алу сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша сатып алынған орналастырылған акциялардың оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кейіннен сатқан немесе жойған кездегі сомасын есептен шығару жазылады.";
3025 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3025. Жарғылық капитал - артықшылықты акциялар (пассив).
Шоттың мақсаты: Артықшылықты акциялар бойынша жарғылық капиталдың сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың номиналдық құны бойынша төлеу және акцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвесторларға (инвесторға) сату сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылған акциялардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
3025 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 3026 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"3026. Төленбеген жарғылық капитал - артықшылықты акциялар (актив).
Шоттың мақсаты: 2003 жылғы 16 мамырға шығарылған, акционерлер орналастырмаған және төлемеген артықшылықты акциялардың номиналдық құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша акционерлер орналастырмаған және төлемеген артықшылықты акциялардың жарияланған номиналдық құны жазылады.
Шоттың кредиті бойынша артықшылықты акциялардың жарияланған номиналдық құны есептен шығару жазылады.";
3027 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3027. Сатып алынған артықшылықты акциялар (актив).
Шоттың мақсаты: Орналастырылған артықшылықты акцияларды сатып алу құнын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес орналастырылған акцияларды сатып алу сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша сатып алынған орналастырылған акциялардың оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кейіннен сатқан немесе жойған кездегі сомасын есептен шығару жазылады.";
3051 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3051. Жарғылық капитал - салымдар және пайлар (пассив).
Шоттың мақсаты: Кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген жарғылық капиталының мөлшерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталына енгізілген активтердің сомалары (құны) жазылады.
Шоттың дебеті бойынша енгізілген активтердің сомаларын (құнын) олар қайтарылған немесе кредиттік серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген жарғылық капиталы азайтылған кезде есептен шығару жазылады.";
3101 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3101. Қосымша төленген капитал.
Шоттың мақсаты: "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 16 мамырға дейін шығарылған акциялар бойынша қосымша төленген капиталдың сомаларын (акцияларды орналастыру бағасы және олардың номиналдық құны арасындағы немесе орналастырылған акцияларды сатып алу бағасы және кейіннен сату бағасы арасындағы айырма), сондай-ақ енгізілген салымдардың (мүліктік жарналардың) салымның (мүліктік жарнаның) құрылтай құжаттарында белгіленген құнынан асып кету сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша акцияларды орналастыру бағасы және олардың номиналдық құны арасындағы немесе орналастырылған акцияларды сатып алу бағасы және кейіннен сату бағасы арасындағы, сондай-ақ енгізілген салымдардың (мүліктік жарналардың) салымның (мүліктік жарнаның) құрылтай құжаттарында белгіленген құнынан асып кету сомасы арасындағы оң айырманың сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша, егер сатып алынған орналастырылған акциялардың кейіннен сату бағасы осы акцияларды сатып алу бағасынан төмен болса, қосымша төленген капиталды есептен шығару жазылады.";
3101 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 3120 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"3120. Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналары (пассив).
Шоттың мақсаты: Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналарының сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша жарналарының сомаларын оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.";
3589 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 3590 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"3590. Гиперинфляцияға түзету шоты (пассив).
Шоттың мақсаты: Есепті күнге бағаның өзгерісіне әсер етуді көрсететін ақшалай емес активтердің есепке алу (баланстық) құнын түзету сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша есепті күнге бағаның өзгерісіне әсер етуді көрсететін ақшалай емес активтердің есепке алу (баланстық) құнын түзету сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша бағаның өзгерісіне әсер етуді көрсететін ақшалай емес активтердің есепке алу (баланстық) құнын түзету сомасын активтерді пайдалануға қарай немесе шығару сәтінде N 3599 баланстық шотына есептен шығару жазылады.";
4104 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4105 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"4105. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4265 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
4265 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4265 шоттың атауындағы және сипаттамасындағы "кепілзат" және "кепілдеме" деген сөздер алынып тасталсын;
4265 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4266 және 4270 шоттарының атауларымен сипаттамаларымен толықтырылсын:
"4266. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
"4270. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4311 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4312 шотының атауларымен сипаттамасымен толықтырылсын:
"4312. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4326 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4327, 4328 және 4331 шоттарының сипаттамаларымен толықтырылсын:
"4327. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша борыш пен сыйақының негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша борыш пен сыйақының негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару немесе баланстан есептен шығару жазылады.
4328. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қаржы лизингі бойынша борыш пен сыйақының негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қаржы лизингі бойынша борыш пен сыйақының негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару немесе баланстан есептен шығару жазылады.";
"4330. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша дисконттың амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4331. Алынған заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Алынған заемдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша алынған заемдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4433 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4434 және 4440 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"4434. Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
"4440. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4445 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
4454 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4455 және 4456 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"4455. Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4456. Сатып алынған облигациялар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша кірістер.
Шоттың мақсаты: Ұстаушыларынан сатып алынған, айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша ұстаушыларынан сатып алынған, айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4605 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
4703, 4704, 4709 және 4710 шоттарының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4703. Шетел валютасын қайта бағалаудан жұмсалмаған кіріс.
Шоттың мақсаты: Шетел валютасын оң қайта бағалау (бағам айырмасының) сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша шетел валютасын оң қайта бағалау (бағам айырмасының) сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша жұмсалмаған кіріс сомаларын N 4731 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4704. Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан жұмсалмаған кіріс.
Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдардың құнын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша тазартылған қымбат металдардың құнын оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша жұмсалмаған кіріс сомаларын N 4732 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
"4709. Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын өзгертуден жұмсалмаған кіріс.
Шоттың мақсаты: Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың әділ құнын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың әділ құнын оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын өзгертуден жұмсалмаған кірістің сомаларын N 4733 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4710. Басқа да қайта бағалаудан жұмсалмаған кіріс.
Шоттың мақсаты: Кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жазылмайтын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жазылмайтын оң қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша жұмсалмаған кіріс сомаларын N 4734 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4710 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4711, 4712 және 4713 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"4711. Негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығындардың қалпына келтіруден кірістер.
Шоттың мақсаты: N 5711 баланстық шотта есепке алынған негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығындардың қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша N 5711 баланстық шотта есепке алынған негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығындардың қалпына келтіруден кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4712. Материалдық емес активтердің құнсыздану шығынын қалпына келтіруден кірістер.
Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтердің N 5712 баланстық шотта есепке алынған құнсыздану шығындардың қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің N 5712 баланстық шотта есепке алынған құнсыздану шығындардың қалпына келтіруден кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
4713. Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздану шығынын қалпына келтіруден кірістер.
Шоттың мақсаты: Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың N 5713 баланстық шотта есепке алынған құнсыздану шығынын қалпына келтіруден кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың N 5713 баланстық шотта есепке алынған құнсыздану шығынын қалпына келтіруден кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
4922 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 4923 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"4923. Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістер.
Шоттың мақсаты: Акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша акциялар бойынша дивидендтер алуға байланысты кірістердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5026 шотының атауы және сипаттамасының бірінші абзацы "Аффинирленген" деген сөздің алдында "Басқа банктің" деген сөздермен толықтырылсын;
5026 шоты сипаттамасының екінші абзацы "аффинирленген" деген сөздің алдында "басқа банктің" деген сөздермен толықтырылсын;
5052 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5053 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5053. Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5059 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5063 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5063. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5068 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5069 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5069. Алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5070. Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5071. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5128 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5129 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5129. Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктерден тартылған салымдар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5130 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
5130 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5137 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5138, 5140, 5141 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"5138. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5140. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5141. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5204 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
5211 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5212 шотының сипаттамасымен толықтырылсын:
"5212. Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
Шоттың мақсаты: Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5223 шотының атауындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер алынып тасталсын;
5223 шотының сипаттамасындағы "(кепілзат, кепіл, кепілдеме)" деген сөздер "(кепілдік, ипотека)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5229 шотының нөмірі, атауы және сипаттамасы алынып тасталсын;
5235 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5236 және 5240 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"5236. Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5240. Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйақы амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5307 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5308 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5308. Сатып алынған облигациялар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Ұстаушыларынан сатып алынған, айналысқа шығарылған облигациялар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша ұстаушыларынан сатып алынған, айналысқа шығарылған облигациялар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5402 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5404 және 5406 шоттарының атауымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"5404. Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт амортизациясы бойынша шығыстар.
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша дисконт амортизациясына байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5406. Реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.
Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5465 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5466 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"5466. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (провизияларға) қаржы бөлу.
Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (провизияларға) қаржы бөлу шығыстарының сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (провизияларға) қаржы бөлу шығыстарының сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5605 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
5703, 5704, 5709 және 5710 шоттарының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5703. Шетел валютасын қайта бағалаудан жұмсалмаған шығыс.
Шоттың мақсаты: Шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырмасының) сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша шетел валютасын теріс қайта бағалау (бағамдық айырмасының) сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жұмсалмаған шығыс сомаларын N 5731 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5704. Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудан жұмсалмаған шығыс.
Шоттың мақсаты: Тазартылған қымбат металдарды теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша тазартылған қымбат металдарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жұмсалмаған шығыс сомаларын N 5732 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5709. Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың құнын өзгертуден жұмсалмаған шығыс.
Шоттың мақсаты: Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомасы жазылады.
Шоттың кредиті бойынша саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша жұмсалмаған шығыс сомаларын N 5733 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5710. Басқа да қайта бағалаудан жұмсалмаған шығыс.
Шоттың мақсаты: Шығыстардың басқа баланстық шоттары бойынша жазылмауы мүмкін теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша шығыстардың басқа баланстық шоттары бойынша жазылмауы мүмкін теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша жұмсалмаған шығыс сомаларын N 5734 баланстық шотқа не қаржы жылының соңында N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
5710 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 5711, 5712, 5713 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"5711. Негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығыстары.
Шоттың мақсаты: N 3540 баланстық шотында негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ (немесе жеткіліксіз) негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығыстарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша N 3540 баланстық шотында негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ (немесе жеткіліксіз) негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздану шығыстарының сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шығыстар сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5712. Материалдық емес активтердің құнсыздану шығыстары.
Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтердің құнсыздану шығыстарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша материалдық емес активтердің құнсыздану шығыстарының сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шығыстар сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.
5713. Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздану шығыстары.
Шоттың мақсаты: Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздану шығыстарының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың құнсыздану шығыстарының сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша шығыстар сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";
6025 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 6030 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"6030. Бенефициар банктің орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптары (актив).
Шоттың мақсаты: Басқа банктер өздерінің шарттық қатынастарын орындамаған жағдайда бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша аккредитивті орындау немесе жою кезінде бенефициар банктің басқа банктерге орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптарының сомаларын есептен шығару жазылады.";
6180 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6180. Вексельдер бойынша ықтимал талаптар (актив).
Шоттың мақсаты: Клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға ықтимал талаптардың сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға ықтимал талаптардың сомалары жазылады.
Шоттың кредиті бойынша клиентке немесе акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельмен міндетті басқа тұлғаларға оларды жою немесе өтеу кезіндегі ықтимал талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";
6525 шотының сипаттамасында:
екінші абзацтағы "дебеті" деген сөз "кредиті" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "кредиті" деген сөз "дебеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6525 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 6530 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"6530. Бенефициар банктің орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелері (пассив).
Шоттың мақсаты: Басқа банктер өздерінің шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша аккредитивті орындау немесе жою кезінде бенефициар банктің клиенттер алдындағы орны жабылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жазылады.";
6680 шотының атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6680. Вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелер (пассив).
Шоттың мақсаты: Вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелердің сомалары жазылады.
Шоттың дебеті бойынша вексель ұстаушылар алдындағы акцептелген, индоссацияланған немесе авалирленген вексельдер бойынша оларды жою немесе өтеу кезіндегі ықтимал міндеттемелердің сомаларын есептен шығару жазылады.";
6915 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 6991, 6992, 6993, 6994, 6995, 6996 және 6997 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"6991. Фьючерс операциялары бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін қаржы активтерімен фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6992. Форвард операциялары бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін қаржы активтерімен форвард операциялары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6993. Опция операциялары бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін қаржы активтерімен опция операциялары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6994. Спот операциялары бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін қаржы активтерімен спот операциялары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6995. Своп операциялары бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін қаржы активтерімен своп операциялары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6996. Туынды қаржы құралдарымен басқа да операциялар бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін Туынды қаржы құралдарымен басқа да операциялар бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.
6997. Бағалы қағаздарымен мәмілелер бойынша позиция (пассив).
Шоттың мақсаты: Болашақта алынатын немесе берілетін бағалы қағаздармен туынды қаржы құралдары бойынша шартты талаптар және шартты міндеттемелер позициясының сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша болашақта алынатын қаржы активтерінің құны, сондай-ақ қаржы активтерін беру кезінде оларды құнын есептен шығару жазылады.
Шоттың дебеті бойынша қаржы активтерін алу кезінде оларды құнын, сондай-ақ болашақта берілетін қаржы активтерінің құнын есептен шығару жазылады.";
7321 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 7330 және 7331 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"7330. Агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдар.
Шоттың мақсаты: Агент банктің мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген, агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдардың сомаларын есепке алуы.
Шоттың кірісі бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген, агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін заемдардың сомалары жазылады.
Шоттың шығысы мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдарды заемшы өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жазылады.
7331. Агенттік заемдар бойынша есептелген сыйақы.
Шоттың мақсаты: Мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын, агенттік келісімдер негізінде қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомаларын есепке алу.
Шоттың кірісі бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомалары жазылады.
Шоттың шығысы бойынша мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатынан бөлінген заемдар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде берілген заемдар бойынша сыйақы сомаларын оларды заемшы өтеген кезде есептен шығару жазылады.";
7415 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 7416 және 7510 шоттарының атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
"7416. Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары.
Шоттың мақсаты: Операция ашылған күні кепіл ретінде алынған, болашақта бағалы қағаздарды сатушыға келісілген бағамен қайтару міндеттемесімен зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кірісі бойынша операция ашылған күні зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомалары жазылады.
Шоттың шығысы бойынша операцияны жабу немесе жою кезінде бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.
7510. Сенімгерлік басқарудағы ақша.
Шоттың мақсаты: Сенімгерлік басқару түскен ақшаның, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға түскен ақша есебінен орналастырылған салымдардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кірісі бойынша сенімгерлік басқаруға түскен ақшаның, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға түскен ақша есебінен орналастырылған салымдардың сомалары жазылады.
Шоттың шығысы бойынша сенімгерлік басқару бойынша төлемдерді (оның ішінде салымдарды орналастыруды) жүзеге асыру немесе оларды сенімгерге қайтару кезінде ақша сомаларын есептен шығару жазылады.";
7520 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7530 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7530 шотының сипаттамасынан кейін мынадай редакциядағы 7535 шотының атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
"7535. Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар.
Шоттың мақсаты: Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомаларын есепке алу.
Шоттың кірісі бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомалары жазылады.
Шоттың шығысы бойынша талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдардың сомаларын олар өтелген немесе ипотекалық заемдарды кері сатып алу жағдайлары туындаған кезде есептен шығару жазылады.";
7540 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7542 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын;
7543 шотының атауындағы және сипаттамасындағы "(трасттық)" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен бірлесіп (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.
5. Екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар 2005 жылғы 1 мамырға дейін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақпарат жүйесін пысықтауды жүргізіп, ол жөніндегі жұмысты аяқтасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы