Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 36 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3514. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу мерзімін 3-тармақтан қараңыз ).
________________________________

      Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 335  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3351 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң орындалуы жөнiнде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

     3-тармақта:
     1) тармақшада:
     "жиырма" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) тармақшада:
     екінші абзацта "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     төртінші абзацта "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
     бесінші абзацта "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
     алтыншы абзацта "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
     "4) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заемның жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымы активтері сомасының он процентінен аспауы тиіс.";

     4-тармақта:
     5) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
     "6) "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына берілетін заем - негізгі борыш сомасының жүз проценті мөлшерінде.";

     9-тармақта:
     9) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
     "10) сақтанушыларға берілген заемдар ("өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін).";

     1-қосымшада:
     200__ жылғы "_____" ___________ жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есепте:
     "Көрсеткіштің атауы" бағанында:
     мынадай мазмұндағы 9.1 деген реттік нөмірмен, жолмен толықтырылсын:

9.1.

Негізгі борыш сомасының 100%
көлемінде сақтанушыларға берілген
заемдар ("өмірді сақтандыру"
саласында қызметін жүзеге асыратын
сақтандыру ұйымдары үшін)

 

100%

 

     реттік нөмірі 10, жолда "(жолдар сомасы 1.1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9.)" деген сөздер "(жолдар сомасы 1.1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 9.1.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 14, жолда "(жолдар сомасы 1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 11., 12., 13.)" деген сөздер "(жолдар сомасы 1., 2., 3., 4., 5., 6., 7., 8., 9., 9.1., 11., 12., 13.)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     Активтердi диверсификациялау нормативтерiнiң есебiнде:
     "Көрсеткіштің атауы" бағанында:
     реттік нөмірі 1, жолда "20 %-нен кем емес" деген сөздер "15 %-нен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 2, жолда "10 %-тен аспаса" деген сөздер "20 %-тен аспаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 3, жолда "10 %-нен жоғары емес" деген сөздер "15 %-нен жоғары емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:

5

Сақтанушыларға берілген заемдардың жиынтық
мөлшері ("өмірді сақтандыру" саласында
қызметін жүзеге асыратын сақтандыру
ұйымдары үшін) (НД8) - баланс бойынша
активтер сомасының 10%-нен астам емес

   

     Активтердi диверсификациялау нормативтерiнiң есебiне берілген түсініктемелерде:
     "НД2 - "10%-нен аспайтын" деген сөздер "15%-нен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "НД4 - "5%-тен аспайтын" деген сөздер "10%-нен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Халықаралық қатынастар және жұртшылық байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады