Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 108 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3572

      Ескерту: Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61  қаулысымен .
___________________________

     Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 62  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2819 тіркелген, 2004 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 4-5 басылымында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3241 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 300  қаулысымен  өзгерістермен) мынадай толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушы, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау қызметін көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотының үзінді көшірмесін ресімдейтін және беретін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын тіркеу ережесінде:
     мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
     "12-1. Номиналды ұстаушы айына бір реттен кем емес номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасайды және оларды сақтайды. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

     12-2. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларына лицензиясы бар ұйым сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды. Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға, бағалы қағаздар орталық депозитарийіне жіберсін.

     4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады