Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мемстандарт Төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3587. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы  N 172  (қолданысқа енгізілу тәртібін  7-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
__________________________________

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Төраға

 

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда      
министрлігінің Техникалық   
реттеу және метрология     
жөніндегі Комитет Төрағасының 
2005 жылғы 4 сәуірдегі    
N 98 бұйрығымен бекітілді   

  Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу,
бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7, 21 және  22-баптарына  сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптамалау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.
      Осы ереже талаптары мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.

  1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес немесе ынталы тәртіпте жүзеге асады.

      2. Мемлекеттік стандарттар:
      1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттарға;
      2) өнімнің біртектес топтарына қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызмет көрсетуге және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге арналған стандарттарға;
      3) процестерге арналған стандарттарға;
      4) өнімді, қызмет көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттарға бөлінеді.

      3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін танытатын халықаралық нормативтік құжаттар қолданылады.
      Негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кәсіпорындары әзірлейді.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

  2. Мемлекеттік стандарттар мен
ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу

      4. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мен өзге де мүдделі тұлғалар әзірлейді.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
      1) әзірлеуді ұйымдастыру;
      2) қарау және келісу;
      3) сараптау;
      4) бекіту және мемлекеттік тіркеу.

      6. Терминологияға қойылатын талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға жіберіледі.

      7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік тілдегі аудармасын растау үшін уәкілетті органға жіберіледі.

  3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштері жобаларын келісу

      8. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіш стандарттау объектісіне қарай келісуге:
      1) әзірлеуге өтініш берушіге (болған жағдайда);
      2) олардың құзыреттік шегінде мемлекеттік органдарға;
      3) олардың әрекет ету саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге;
      4) мемлекеттік стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеуге байланысты қайта қарауға, өзгертуге немесе жоюға жатқызылатын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеушілерге;
      5) дайындаушылар және тұтынушыларға;
      6) ғылыми-зерттеу институттарына (қажет жағдайда) жіберіледі.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      9. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін келісу және республика аумағында орналасқан ұйымдардың пікірлерін дайындау мерзімі оларды алған уақытынан бастап бір айдан аспауы тиіс.

  4. Мемлекеттік стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштерін сараптау

      10. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау бекітуге дайындау, мемлекеттік тіркеу сатысында жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік стандарттарды сараптау өзіне:
      1) әзірленетін құжаттардың заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық кесімдерінің және техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі негіз құраушы стандарттар мен құжаттардың міндетті талаптары мен ережелеріне сәйкестігін белгілеу;
      2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
      3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген нормативтік құжаттарды қайта қарау, жаңарту және (немесе) бірыңғайлау;
      4) қолданыстағы мемлекеттік стандарттар талаптарының қайталануын болдырмау;
      5) бәсекеге қабілетті қызметтік және сәйкестендіру көрсеткіштерінің барлығын белгілеу;
      6) қолданыстағы нормативтік құжаттар туралы анық ақпаратпен қамтамасыз ету;
      7) халықаралық нормалар мен стандарттар талаптарына сәйкестікті белгілеу жүргізіледі.
       Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      12. ТЭА жіктеуіштерін сараптау өзіне:
      1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығы;
      2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен бірге жан-жақты қолданыстың мүмкіндігі;
      3) қосалқы сиымдылықтың болуы;
      4) жіктеуішті автоматты түрде енгізудің мүмкіндігі жүргізіледі.

      13. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштеріне сараптаманы уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдары жүргізеді.
      Жасалған сараптама нәтижелері бойынша сараптық қорытынды беріледі.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      14. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін сараптау жеке және заңды тұлғалармен бекітілген келісімшарттық негізде орындалады.

  5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштерін бекіту және есепке алу

      15. Бекітуге уәкілетті органға осы ережемен белгіленген тәртіпте келісуден өткен және уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдардан оң қорытынды алған мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері ұсынылады.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      16. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.

      17. Бекітілген мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

      18. Әрбір бекітілген мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне арналып іс қалыптастырылуы керек.

      19. Істерді жаңарту құжаттардың түсу шамасына қарай мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішінің әрбір өзгерісі, әрекет мерзімін ұзарту, әрекет мерзімін шектеуді алып тастау, мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою бойынша жүзеге асырылады.

  6. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіштеріне
өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу

      20. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне өзгерістер жеке талаптарды ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, олардың әрекетін ұзарту, шектеу немесе қалпына келтіру кезінде жүзеге асырылады.
      Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы мемлекеттік стандарт көлемінің жартысынан асатын болса, онда қолданыстағы мемлекеттік стандарт өзгерісімен бірге бекітілгенінен кейін бір ай мерзімде қайта басылып шығарылуы тиіс.
      Мемлекеттік стандартқа өзгерістер оған жаңа, ең озық талаптарды енгізу және жаңа өнімнің қолданыстағы стандарт бойынша жасалған өніммен өзара алмасымдылық пен үйлесу талаптарын, сондай-ақ халықаралық жүйелермен қолданыстағы жүйелер талаптарын бұзбайтын халықаралық нормалар мен талаптармен үйлестіру кезінде әзірленеді.

      21. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістерді әзірлеу осы ереженің 2 тарауында белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

      22. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістер уәкілетті органға бекітуге ұсынылады.

      23. Өзгерістер уәкілетті органның бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.
      Бекітілген өзгерістер Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.

  7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА 
жіктеуіштерін жою

      24. Мемлекеттік стандарттарды жою:
      1) осы мемлекеттік стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығаруды (жұмысты орындау, қызмет көрсету) тоқтатқан;
      2) берілген мемлекеттік стандарт орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген;
      3) Қазақстан Республикасы аумағына нормативтік құқықтық актіні немесе халықаралық стандартты енгізген жағдайда жүзеге асады.

      25. ТЭА жіктеуіштерін жою берілген ТЭА жіктеуішінің орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген жағдайда жүзеге асады.

      26. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою қажеттігі кезінде уәкілетті органға:
      1) оны жою туралы ұсыныс;
      2) оны ауыстыратын құжат немесе стандартты ауыстырмай жою туралы ақпарат;
      3) мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жоюға берілген келісімді дәлелдейтін түпнұсқалы құжаттар жіберіледі.

      27. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін жою уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асады.

  8. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштерін қолданысқа енгізу

      28. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді ендірумен қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды өткізу есебімен, олар бекітілген уақыттан бастап алты айдан кем емес мерзімде белгіленеді.
       Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

      29. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті шарттар бар болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін және оларға өзгерістер мерзімінен тыс оларды қолданысқа енгізу мерзімі шеңберіндегі кез келген мерзіммен, бірақ оларды бекіту және мемлекеттік тізбеге тізімдеу уақытынан кеш емес мерзімде ендіруге құқығы бар.
       Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171   бұйрығымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан   қараңыз ).

Об утверждении Правил разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие государственных стандартов и классификаторов технико-экономической информации

Приказ Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 4 апреля 2005 года N 98. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2005 года N 3587. Утратило силу - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 марта 2007 года N 172

     Сноска. Приказ Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 4 апреля 2005 года N 98 утратило силу - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 марта 2007 года  N 172 .

    В целях реализации  Закона  Республики Казахстан "О техническом регулировании"  ПРИКАЗЫВАЮ:

    1. Утвердить прилагаемые Правила разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие государственных стандартов и классификаторов технико-экономической информации.

    2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Момышева Талгата Амангельдиевича.

    3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.
 
   Председатель

 

Утверждены             
приказом Председателя      
Комитета по техническому     
регулированию и метрологии    
Министерства индустрии и торговли
от 4 апреля 2005 года N 98    

ПРАВИЛА
разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, 
отмены и введения в действие государственных стандартов и 
классификаторов технико-экономической информации

    Настоящие Правила разработаны в соответствии со  статьями 7 21 и  22 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" и устанавливают порядок разработки, согласования, учета, утверждения, экспертизы, изменения, отмены и введения в действие государственных стандартов и классификаторов технико-экономической информации (далее - классификаторы ТЭИ).
    Положения настоящих Правил распространяются на государственные органы, физические и юридические лица независимо от форм собственности.

  1. Общие положения

    1. Разработку государственных стандартов и классификаторов ТЭИ осуществляют в соответствии с планами и программами государственной стандартизации или в инициативном порядке.

    2. Государственные стандарты подразделяются на:
    1) основополагающие стандарты, устанавливающие общие организационно-методические положения государственной системы технического регулирования;
    2) стандарты на продукцию, услугу, которые устанавливают требования к однородным группам продукции, услуги и при необходимости к конкретной продукции, услуге;
    3) стандарты на процессы;
    4) стандарты на методы контроля продукции, услуги, процессов. 
    3. При разработке государственных стандартов и классификаторов ТЭИ применяются международные нормативные документы, представляющие интерес для Республики Казахстан.
    Основополагающие государственные стандарты разрабатываются предприятиями Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган).  <*>
     Сноска. В пункт 3 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).

  2. Разработка государственных стандартов и классификаторов ТЭИ

    4. Государственные стандарты и классификаторы ТЭИ разрабатываются техническими комитетами по стандартизации и другими заинтересованными лицами <*>
     Сноска. Пункт 4 в редакции - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).

    5. Разработка государственных стандартов и классификаторов ТЭИ осуществляется по следующим стадиям:
    1) организация разработки;
    2) рассмотрение и согласование;
    3) экспертиза; 
    4) утверждение и государственная регистрация.
    6. Государственные стандарты, содержащие требования к терминологии направляют в Государственную терминологическую комиссию при Правительстве Республики Казахстан.
    7. Государственные стандарты и классификаторы ТЭИ направляются для подтверждения перевода на государственный язык в уполномоченный орган.

  3. Согласование государственных стандартов и классификаторов ТЭИ

    8. Государственный стандарт и классификатор ТЭИ в зависимости от объекта стандартизации рассылают насогласование:
    1) заказчику разработки (при наличии);
    2) государственным органам в пределах их компетенции; 
    3) техническим комитетам по стандартизации, в соответствии с областью их деятельности;
    4) разработчикам взаимосвязанных нормативных документов по стандартизации, которые подлежат пересмотру, изменению или отмене в связи с разработкой государственного стандарта или классификатора ТЭИ;
     5) изготовителям и потребителям;
     6) научно-исследовательским институтам (при необходимости).  <*>
     Сноска. В пункт 8 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).

    9. Срок согласования государственных стандартов и классификаторов ТЭИ не должен превышать одного месяца с момента их получения, организациями, расположенными на территории республики.

  4. Экспертиза государственных стандартов и классификаторов ТЭИ

    10. Экспертиза государственных стандартов и классификаторов ТЭИ осуществляется на этапе подготовки к утверждению, государственной регистрации.

    11. Экспертиза государственных стандартов включает в себя:
    1) установление соответствия разрабатываемых документов, требованиям и положением законодательных и иных нормативных правовых актов и документов, технических регламентов, основополагающих стандартов и документов по стандартизации;
    2) метрологическое обеспечение объектов стандартизации;
    3) пересмотр, актуализация и (или) унификация действующих или ранее разработанных нормативных документов;
    4) исключение дублирования требований действующих государственных стандартов;
    5) установление наличия функциональных и идентификационных показателей конкурентоспособности;
    6) обеспечение достоверной информации о действующих нормативных документов;
    7) установление соответствия требованиям международных норм и стандартов.  <*>
    Сноска. В пункт 11 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).

    12. Экспертиза классификаторов ТЭИ включает в себя:
    1) правильность выбора методов классификации и кодирования;
    2) возможность комплексного применения с действующими взаимосвязанными государственными классификаторами;
    3) наличие резервной емкости;
    4) возможность автоматизированного ведения классификатора.

    13. Экспертизу государственных стандартов и классификаторов ТЭИ проводят организации по стандартизации уполномоченного органа.
    По результатам проведения экспертизы выдается экспертное заключение.  <*>
    Сноска. В пункт 13 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).
    14. Экспертиза государственных стандартов и классификаторов ТЭИ выполняется на договорной основе с физическими и юридическими лицами. 

  5. Утверждение и учет государственных 
стандартов и классификаторов ТЭИ

    15. На утверждение в уполномоченный орган представляются государственные стандарты и классификаторы ТЭИ, прошедшие согласование и получившие положительное заключение организаций по стандартизации уполномоченного органа.  <*>
    Сноска. В пункт 15 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).
    16. Государственные стандарты и классификаторы ТЭИ утверждаются приказом руководителя уполномоченного органа. 
    17. Утвержденные государственные стандарты и классификаторы ТЭИ вносятся в Реестр государственной системы технического регулирования. 
    18. На каждый утвержденный государственный стандарт и классификатор ТЭИ должно быть сформировано дело.
    19. Актуализация дел, осуществляется по мере поступления документов по каждому изменению государственного стандарта и классификатора ТЭИ, продлению срока действия, снятию ограничения срока действия, отмене государственного стандарта и классификатора ТЭИ.

  6. Разработка, утверждение и введение в действие изменений в 
государственные стандарты и классификаторы ТЭИ

    20. Изменение в государственный стандарт и классификатор ТЭИ разрабатывают при замене, дополнении или исключении отдельных требований, продлении, ограничении или восстановлении их действия.
    Если объем текста изменения превышает половину объема действующего государственного стандарта, то действующий государственный стандарт должен быть переиздан с изменением в месячный срок после его утверждения.
    Изменение в государственный стандарт разрабатывают при необходимости введения в него новых, более прогрессивных требований и гармонизации с международными нормами и требованиями, которые не влекут за собой нарушение требований взаимозаменяемости и совместимости новой продукции с продукцией, изготовляемой по действующему государственному стандарту, а также требований действующих систем с международными.
    21. Разработка изменений к государственному стандарту и классификатору ТЭИ осуществляется в порядке, установленном в главе 2 настоящих правил.
    22. Изменение в государственный стандарт и классификатор ТЭИ представляют на утверждение в уполномоченный орган. 
    23. Изменения утверждаются и вводятся в действие приказом руководителя уполномоченного органа. 
    Утвержденные изменения вносятся в Реестр государственной системы технического регулирования. 

  7. Отмена государственных стандартов и классификаторов ТЭИ

    24. Отмена государственных стандартов осуществляется при: 
    1) прекращении выпуска продукции (выполнения работ, оказания услуг), производившейся по данному государственному стандарту; 
    2) разработке взамен данного государственного стандарта другого нормативного документа; 
    3) введении на территории Республики Казахстан соответствующего нормативного правового акта или международного стандарта.
    25. Отмена классификаторов ТЭИ осуществляется при разработке взамен данного классификатора ТЭИ другого нормативного документа.

    26. При отмене государственного стандарта и классификатора ТЭИ в уполномоченный орган направляют: 
    1) предложения об его отмене; 
    2) информацию о документе, его заменяющем или отмене государственного стандарта без замены; 
    3) оригиналы документов, подтверждающих согласие на отмену государственного стандарта и классификатора ТЭИ.
    27. Отмена государственных стандартов и классификаторов ТЭИ осуществляется приказом руководителя уполномоченного органа.

  8. Введение в действие государственных 
стандартов и классификаторов ТЭИ

    28. Дата введения государственных стандартов и классификаторов ТЭИ, а также изменений к ним, устанавливается с учетом реализации необходимых мероприятий, обеспечивающих внедрение государственных стандартов и классификаторов ТЭИ, а также изменений к ним, не ранее, чем через шесть месяцев с момента их утверждения.  <*>
    Сноска. Пункт 28 в редакции - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).  
    29. При наличии необходимых условий для соблюдения установленных требований, физические и юридические лица вправе досрочно внедрить государственный стандарт и классификатор ТЭИ и изменения к ним, не ранее даты их утверждения и государственной регистрации.  <*>
     Сноска. В пункт 29 внесены изменения - приказом и.о. Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли РК от 23 июня 2005 года N  171  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней с момента его первого официального опубликования).