Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы
N 172
(қолданысқа енгізілу тәртібін
7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
__________________________________
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
жөніндегі Комитет Төрағасының
2005 жылғы 4 сәуірдегі
N 98 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу,
бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу
ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7, 21 және
22-баптарына
сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптамалау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.
Осы ереже талаптары мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
1. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес немесе ынталы тәртіпте жүзеге асады.
2. Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттарға;
2) өнімнің біртектес топтарына қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызмет көрсетуге және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге арналған стандарттарға;
3) процестерге арналған стандарттарға;
4) өнімді, қызмет көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттарға бөлінеді.
3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін танытатын халықаралық нормативтік құжаттар қолданылады.
Негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кәсіпорындары әзірлейді.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
2. Мемлекеттік стандарттар мен
ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу
4. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мен өзге де мүдделі тұлғалар әзірлейді.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1) әзірлеуді ұйымдастыру;
2) қарау және келісу;
3) сараптау;
4) бекіту және мемлекеттік тіркеу.
6. Терминологияға қойылатын талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға жіберіледі.
7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік тілдегі аудармасын растау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
3. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштері жобаларын келісу
8. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіш стандарттау объектісіне қарай келісуге:
1) әзірлеуге өтініш берушіге (болған жағдайда);
2) олардың құзыреттік шегінде мемлекеттік органдарға;
3) олардың әрекет ету саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге;
4) мемлекеттік стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеуге байланысты қайта қарауға, өзгертуге немесе жоюға жатқызылатын стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеушілерге;
5) дайындаушылар және тұтынушыларға;
6) ғылыми-зерттеу институттарына (қажет жағдайда) жіберіледі.
Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
9. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін келісу және республика аумағында орналасқан ұйымдардың пікірлерін дайындау мерзімі оларды алған уақытынан бастап бір айдан аспауы тиіс.
4. Мемлекеттік стандарттарды және
ТЭА жіктеуіштерін сараптау
10. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау бекітуге дайындау, мемлекеттік тіркеу сатысында жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік стандарттарды сараптау өзіне:
1) әзірленетін құжаттардың заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық кесімдерінің және техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі негіз құраушы стандарттар мен құжаттардың міндетті талаптары мен ережелеріне сәйкестігін белгілеу;
2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген нормативтік құжаттарды қайта қарау, жаңарту және (немесе) бірыңғайлау;
4) қолданыстағы мемлекеттік стандарттар талаптарының қайталануын болдырмау;
5) бәсекеге қабілетті қызметтік және сәйкестендіру көрсеткіштерінің барлығын белгілеу;
6) қолданыстағы нормативтік құжаттар туралы анық ақпаратпен қамтамасыз ету;
7) халықаралық нормалар мен стандарттар талаптарына сәйкестікті белгілеу жүргізіледі.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
12. ТЭА жіктеуіштерін сараптау өзіне:
1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығы;
2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен бірге жан-жақты қолданыстың мүмкіндігі;
3) қосалқы сиымдылықтың болуы;
4) жіктеуішті автоматты түрде енгізудің мүмкіндігі жүргізіледі.
13. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштеріне сараптаманы уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдары жүргізеді.
Жасалған сараптама нәтижелері бойынша сараптық қорытынды беріледі.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
14. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін сараптау жеке және заңды тұлғалармен бекітілген келісімшарттық негізде орындалады.
5. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштерін бекіту және есепке алу
15. Бекітуге уәкілетті органға осы ережемен белгіленген тәртіпте келісуден өткен және уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдардан оң қорытынды алған мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері ұсынылады.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
17. Бекітілген мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
19. Істерді жаңарту құжаттардың түсу шамасына қарай мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішінің әрбір өзгерісі, әрекет мерзімін ұзарту, әрекет мерзімін шектеуді алып тастау, мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою бойынша жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуіштеріне
өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу
20. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне өзгерістер жеке талаптарды ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, олардың әрекетін ұзарту, шектеу немесе қалпына келтіру кезінде жүзеге асырылады.
Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы мемлекеттік стандарт көлемінің жартысынан асатын болса, онда қолданыстағы мемлекеттік стандарт өзгерісімен бірге бекітілгенінен кейін бір ай мерзімде қайта басылып шығарылуы тиіс.
Мемлекеттік стандартқа өзгерістер оған жаңа, ең озық талаптарды енгізу және жаңа өнімнің қолданыстағы стандарт бойынша жасалған өніммен өзара алмасымдылық пен үйлесу талаптарын, сондай-ақ халықаралық жүйелермен қолданыстағы жүйелер талаптарын бұзбайтын халықаралық нормалар мен талаптармен үйлестіру кезінде әзірленеді.
21. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістерді әзірлеу осы ереженің 2 тарауында белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
23. Өзгерістер уәкілетті органның бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген өзгерістер Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
7. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштерін жою
24. Мемлекеттік стандарттарды жою:
1) осы мемлекеттік стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығаруды (жұмысты орындау, қызмет көрсету) тоқтатқан;
2) берілген мемлекеттік стандарт орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген;
3) Қазақстан Республикасы аумағына нормативтік құқықтық актіні немесе халықаралық стандартты енгізген жағдайда жүзеге асады.
25. ТЭА жіктеуіштерін жою берілген ТЭА жіктеуішінің орнына басқа нормативтік құжатты әзірлеген жағдайда жүзеге асады.
26. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жою қажеттігі кезінде уәкілетті органға:
1) оны жою туралы ұсыныс;
2) оны ауыстыратын құжат немесе стандартты ауыстырмай жою туралы ақпарат;
3) мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішін жоюға берілген келісімді дәлелдейтін түпнұсқалы құжаттар жіберіледі.
8. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА
жіктеуіштерін қолданысқа енгізу
28. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді ендірумен қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды өткізу есебімен, олар бекітілген уақыттан бастап алты айдан кем емес мерзімде белгіленеді.
Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
29. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті шарттар бар болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін және оларға өзгерістер мерзімінен тыс оларды қолданысқа енгізу мерзімі шеңберіндегі кез келген мерзіммен, бірақ оларды бекіту және мемлекеттік тізбеге тізімдеу уақытынан кеш емес мерзімде ендіруге құқығы бар.
Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).