Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 171 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3754. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 432 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.12.14 N 432 Бұйрығымен.

      Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3587 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      3-тармақта "техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздер "Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кәсіпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мен өзге де мүдделі тұлғалар әзірлейді";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) дайындаушылар және тұтынушыларға;
      6) ғылыми-зерттеу институттарына (қажет жағдайда).";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:
      "7) халықаралық нормалар мен стандарттар талаптарына сәйкестікті белгілеу";

      13-тармақта "стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар" деген сөздер "уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "стандарттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар" деген сөздер "уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдары" деген сөздермен алмастырылсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда берілсін:
      "28. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді қолданысқа енгізу мерзімі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін, сондай-ақ оларға өзгерістерді ендірумен қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды өткізу есебімен, олар бекітілген уақыттан бастап алты айдан кем емес мерзімде белгіленеді.";

      29-тармақта "ТЭА жіктеуіштері" деген сөздерден кейін "және оларға өзгерістер" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      Төрағаның м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады