------------Бұйрықтан үзінді------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің кейбір шешімдері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қүшіне енеді.
Төрағаның
міндетін атқарушы
----------------------------------------------
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.
2. "Сәйкестікті растау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі N 119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3601 тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде 2005 жылғы қыркүйекте, N 18, 148-құжат ретінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрық мәтіні бойынша:
"инспекциялық тексерістің", "инспекциялық тексеріс", "инспекциялық тексерістер" деген сөздер "инспекциялық бақылаудың", "инспекциялық бақылау", "инспекциялық бақылаулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сапа жүйесі", "сапа жүйесімен", "сапа жүйесін" деген сөздер сәйкес "менеджмент жүйесі", "менеджмент жүйесімен", "менеджмент жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сапа менеджменті жүйесін" деген сөздер "менеджмент жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде", деген сөздер сәйкес "техникалық регламенттермен", "техникалық регламенттердің", "техникалық регламенттерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органның инспекциялық тексерістерді жүргізу ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Инспекциялық бақылау - аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын тексеру.";
4-тармақта:
"көзделген болса," деген сөздерден кейін "сәйкестік" деген сөзбен толықтырылсын;
"Сертификаттау сызбасын" деген сөздер "Сәйкестікті растау сызбасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"сертификаттың" деген сөз "сәйкестік сертификатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сертификаттау сызбасына" деген сөздер "сәйкестікті растау сызбасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"сертификаттау сызбасын" деген сөздер "сәйкестікті растау сызбасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сертификаттау бойынша органның" деген сөздер "сәйкестікті растау жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші абзацында "сертификат" деген сөз "сәйкестік сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесінде :
4-тармақтың 2)-тармақшасында "өнімнің" деген сөзден кейін "(көрсетілетін қызметтің, процестің, менеджмент жүйесінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта "Күші жойылған сертификат" деген сөздер "Күші жойылған сәйкестік сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ережелерге 1-қосымшада "сәйкестік бойынша органның" және "сәйкестік бойынша органға" деген сөздер "сәйкестікті растау жөніндегі органның" және "сәйкестікті растау жөніндегі органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік белгілерін, сынақ хаттамаларын және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесінде :
3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сәйкестік сертификатын ұстаушы - кәсіпорын (фирма) - өнімінің өндірісі сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді осы заңды тұлғаның түпнұсқа қолымен және мөрімен расталған сәйкестік сертификатының көшірмесімен ілестіру құқығына сертификатталған заңды немесе жеке тұлға;";
27-тармақта "сертификаттау бойынша органның" деген сөздер "сәйкестікті растау жөніндегі органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ережеге қоса берілген 1-қосымшада "жүйесінде сертификат беруді сұрайды" деген сөздер "жүйесінде қабылданған сәйкестік сертификатын беруді сұрайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3. "Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының м.а. 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 107 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3598 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 14 қазандағы N 190-191 (924-925) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережеде:
Ереженің мәтіні бойынша "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер" деген сөздер "техникалық регламенттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспенің бірінші абзацында "15-бабына" деген сөздер "15, 20-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет ел мемлекеттерінің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсыныстарды (бұдан әрі - нормативтік құжаттар), техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін, оның ішінде электронды басылымын шығаруды және таратуды ұйымдастырады.
Нормативтік құжаттар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми баспа басылымы стандарттардың ақпараттық сілтемесінде және жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйесінде жарияланады.";
4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) стандарттарды және нормативтік құжаттарды және каталогтарды Стандарттар ісін алғаннан кейін үш айлық мерзім ішінде;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бекітілген стандарттар баспа тәсілімен мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
Уәкілетті мемлекеттік техникалық реттеу жөніндегі орган шешімі бойынша стандарттар репрография әдістерімен шығарыла алады.
Мемлекеттік стандарттардың ресми басылымы (мемлекеттік стандарттар жиынтығы) мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарт нұсқалары бірдей болуы керек. Стандарттың орыс тілдегі нұсқасы мемлекеттік тілдегі стандарт нұсқасынан кейін келеді. Екі нұсқа да жалпы титул бетпен шығарылады, онда стандарт атауынан басқа барлық ақпарат мемлекеттік тілде беріледі. Стандарт атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
Терминдер мен анықтамаларды белгілейтін стандарттар да мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Бұл жағдайда орыс тілдегі терминдер мемлекеттік тілдегі терминдерден кейін келетін стандарттың тек бір нұсқасы шығарыла алады.
Жинақта стандарттарды шығарған жағдайда стандарттар жинағына кірген стандарттардың титул беттері мен өзге де құрылымдық элементтері сақталады.
Стандарттар жинағының арнайы титул беттері мемлекеттік және орыс тілдерінде келетін стандарт (стандарттар) атауынан басқасы мемлекеттік тілде рәсімделеді.
Мемлекеттік стандарттарды шығарған кезде титул беттің жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының суреті орналастырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Стандарттардың және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды: халықаралық стандарттарды, өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстардың; Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің ресми басылымдарымен қамтамасыз ету мен таратуды тек уәкілетті орган немесе онымен уәкілеттік берілген оның ведомствосына қарасты кәсіпорын жүзеге асырады.
Стандарттар мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымы мен олардың көшірмелерінде "ресми басылым" деген сөздер астында, нысанын уәкілетті орган белгілейтін техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының мөртабанының жанында голограмма болуы керек.".
4. "Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 135 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3658 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 14 қазандағы N 190-191 (924-925) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ережеде:
3-тармақта "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерінің" деген сөздер "техникалық регламенттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 1)-тармақшасында "уәкілетті орган" деген сөзден кейін "немесе оның ведомтсвосына қарасты кәсіпорын" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта "уәкілетті орган" деген сөзден кейін "немесе ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізгеннен кейін оның ведомствосына қарасты кәсіпорын" деген сөздермен толықтырылсын;
5. "Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі N 305 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4340 тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 8 қыркүйекте N 162 (1142) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың мәтіні бойынша "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды", "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар", "стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор" деген сөздер "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды", "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар", "Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау, сондай-ақ сарапшы-аудитор аттестатын беру, тоқтату немесе жоққа шығару ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) оқу орталығы - сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыру жөніндегі, уәкілетті орган ведомствосына қарасты кәсіпорында әрекет ететін орталық;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау мынадай қызмет бағыттары бойынша жүргізіледі:
1) өнімнің, процестердің, қызмет көрсету мен менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау,
2) тауардың шыққан елін анықтау,
3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Оқу өткізу үшін оқу орталығында:
1) ұйым басшысы бекіткен және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген типтік оқу бағдарламалары;
2) типтік және ұйым бекіткен негізде әзірленген оқыту бағдарламалары;
3) бекітілген типтік және оқыту бағдарламаларына сәйкес оқыту процесін жүргізу үшін жабдықталған үймараты;
4) оқыту процесін ұйымдастыру жұмыс тәжірибесі бар білікті персоналы;
5) іс-әрекеттің бағыттары бойынша сарапшы-аудитор біліктілігі немесе дәріс беру саласында жұмыс тәжірибесі бар оқытушы қызметкерлері;
6) өтінім берушілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша көкейкестілендірілген нормативтік құжаттар қоры;
7) енгізілген сапа менеджменті жүйесі болуы керек.";
9-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тауардың шыққан елін анықтау - төрт машықтану (құжаттарды әзірлеу, дайындау және сараптама жүргізуді қоса);";
9-тармақтың 2)-тармақшасында "менеджмент жүйелерін сертификаттау" деген сөздер "менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Біліктілігін растау үшін сарапшы-аудитор:
өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор - жылына кемі үш тексеру;
тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор - жылына кемі бес сараптама немесе үш құжатты әзірлеу;
сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі сарапшы - аудитор - жылына кемі үш тексеріс жүргізуі немесе жүргізуге қатысуы керек.";
сегізінші абзацта "Сарапшы-аудитордың басқа ұйымдарда қызметін жүзеге атқаруына сарапшы-аудитордың тұрақты жұмыс орнының басшысы жазбаша рұқсат берген жағдайда рұқсат етіледі." деген сөйлем алып тасталсын;
20-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сарапшы-аудитордың аттестатының жарамдылық мерзімі ішінде сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзғандығы анықталған жағдайда;";
20-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталсын;
22-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін анықтау және аккредиттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталмауы;";
Сәйкестікті растау, өнімнің шыққан елін анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау және аттестаттау ережесіне қоса берілген 1-қосымшада:
1-тармақта мынадай мазмұндағы 18-1)-тармақша қосылсын:
"18-1) бағдарламалық құралдар және дерекқорлар;";
6. Мына бұйрықтардың:
1) "Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 31 мамырда N 3657 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 14 қазандағы N 190-191 (924-925) жарияланған);
2) "Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мемстандарт Төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 сәуірде N 3587 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 14 қазандағы N 190-191 (924-925) жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
7. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі
Төрағаның м.а.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
29.03.2007 жылғы N 172 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту,
сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу
ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7, 21 және 22 баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік стандарттарды техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі - ТЭА) әзірлеу, келісу, есепке алу, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.
Осы Ереженің ережелері мемлекеттік органдарға, меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес немесе бастамалық тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз құраушы стандарттарға;
2) өнімнің, қызмет көрсетудің бір текті топтарына және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызмет көрсетуге арналған стандарттарға;
3) процестерге арналған стандарттарға;
4) өнімді, қызмет көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттарға бөлінеді.
3. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу кезінде негіз ретінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы стандарттар мақсаттарға қол жеткізу үшін тиімсіз немесе қолайсыз болатын жағдайлардан басқа кезде, толығымен немесе ішінара қолданылады.
4. Мемлекеттік стандарттарда:
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі қажетті талаптар;
2) өнімді, қызмет көрсетуді жіктеуге қойылатын талаптар;
3) өнімнің бірыңғайлану, үйлесу және өзара ауыстыру көрсеткіштері;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнімнің, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамаларын қоса, атқарымдық мақсатқа арналған көрсеткіштер;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелері;
7) сапаны және қауіпсіздікті сынау әдістері;
8) ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ететін өндіретін ұйымдарға қойылатын талаптар;
10) белгілі бір қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдістемелік сипатты ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгілене алады.
5. Негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірлейді.
2. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА
жіктеуіштерін әзірлеу
6. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеушілер стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК), өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және басқа мүдделі заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
7. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мынадай сатылармен:
1) әзірлеуді ұйымдастыру;
2) қарау және келісу;
3) сараптау;
4) бекіту және мемлекеттік тіркеу сатылары бойынша жүзеге асырылады.
8. Терминологияға қойылатын талаптары бар мемлекеттік стандарттардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға жіберіледі.
9. Мемлекеттік стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобалары мемлекеттік тілдегі аудармасын растау үшін уәкілетті органға жіберіледі.
3. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА
жіктеуіштерін әзірлеуді ұйымдастыру
10. Стандарттарды әзірлеудің алдында уәкілетті органға стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеуге тапсырыстар дайындалады және беріледі.
11. Стандарттарды әзірлеуге тапсырыстарды өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар, ТК, өз қызметтерін Қазақстан Республикасы аумағында атқарып жатқан басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар бере алады. Тапсырыста стандартты және ТЭА жіктеуішін әзірлеу мақсаты және әзірлеудің қажеттігінің негізі көрсетіледі. Тапсырысқа стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасы, оны әзірлеуге арналған техникалық тапсырма немесе қолданыстағы халықаралық нормативтік құжат қоса беріледі.
Техникалық тапсырмада, қажет жағдайда, мыналар: стандартты әзірлеу сатылары, оларды орындау мерзімі; стандарттың бөлімдері; стандарттауға көзделген объектінің сипаттамалары мен көрсеткіштері; стандарттарымен бірге берілген құжаттардың және келісетін ұйымдардың, әзірленетін стандарттың талаптары, нормаларымен үйлестіру ұсынылатын халықаралық нормативтік құжаттардың тізбелері көрсетіледі.
12. Әзірлеуші мемлекеттік стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.
Бекітілген бағдарламаларға, жоспарлар мен келісім-шарттарға сәйкес әзірлеу сатылары бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі белгіленеді.
Стандартты және ТЭА жіктеуішін әзірлеудің басталғаны туралы және оның жалпы талаптары туралы ақпараттар уәкілетті органның баспаларында және жалпы мақсатқа пайдаланылатын ақпараттық жүйеде өз қалауымен мүдделі ұйымдар мен шетелдік серіктестер туралы ақпарат жинау үшін басылып шығарылады.
Әзірлеуші мемлекеттік стандарттың және ТЭА жіктеушінің жобасын және оған арналған түсіндірме жазбаны дайындайды. Түсіндірме жазбада стандартты және ТЭА жіктеуішін әзірлеудің техникалық-экономикалық негіздемесі; сәйкесті құжаттың тапсырмасы көрсетілген әзірлеу үшін негіз; мемлекеттік деңгейде әзірлеудің мақсатқа сайлығының негіздемесі; стандарттау объектісінің сипаттамасы; жобаның стандарттау жөніндегі басқа нормативтік құжаттармен өзара байланысы туралы мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгерту және жою жөніндегі ұсыныстар; жобаның талқылауға және келісуге жан-жаққа жіберілгені туралы мәліметтер; жұмысты әзірлеушілер мен қосалқы орындаушылар туралы, әзірлеу мерзімдері туралы деректер беріледі.
14. Әзірлеуші мемлекеттік стандарттың жобасын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін әзірлеуге арналған келісім-шарттың және техникалық тапсырманың шарттарына сәйкестігіне тексереді және оны түсіндірме жазбасымен бірге ТК мүшелеріне және мүдделі ұйымдарға жібереді.
ТК мүшелері және мүдделі ұйымдар стандарттың жобасын қарайды және оған берілетін ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды.
ТК алынған ескертулерін есепке ала отырып әзірлеуші-ұйым алғашқы редакция ретінде стандарт жобасын дайындайды.
15. Әзірлеуші алынған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, стандарттың және ТЭА жіктеушінің жобасының соңғы редакциясын дайындайды.
16. Әзірлеуші қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар мемлекеттің стандарттың және ТЭА жіктеушінің жобасы бойынша пікірлер жиынтығына кіргізіледі.
17. Әзірлеуші, егер жобаға ТК және/немесе мүдделі ұйымдардың кемі 2/3 мүшесі дауыс берсе, онда жобаны мақұлдайды.
Егер стандартта стандартталатын объект жөнінде қауіпсіздік нормалары болатын болса, сондай-ақ ол дамытуға әзірленген болса, сәйкесті нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің келісімі болмаған жағдайда, мемлекеттік стандарт жобасы өнімнің және өндірістің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау жасайтын органдардың келісімінсіз мақұлдана алмайды.
18. Соңғы редакциясы мақұлданған жағдайда мемлекеттің стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасы уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітуге жіберіледі.
Терминологиялық стандарттардың соңғы жобалары бекітуге берілгенге дейін аудармалардың дұрыстығына алдын ала сараптама жасауға құзыретті ұйымдарға (келісім-шарттық негізде) жіберіледі, осыдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға мемлекеттік тілдегі аудармаларының дұрыстығы туралы тексеру және қорытынды беруі үшін жіберіледі.
4. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА
жіктеуіштерін келісу
19. Мемлекеттік стандарт және ТЭА жіктеуіші стандарттау объектісіне байланысты келісу үшін:
1) әзірлеуге тапсырыс берушіге (бар болса);
2) өз құзыретті шегіндегі мемлекеттік органдарға;
3) қызметтерінің саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге;
4) мемлекеттік стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеумен байланысты қайта қаралуға, өзгертілуге немесе жойылуға тиісті стандарттау жөніндегі өзара байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеушілерге;
6) ғылыми-зерттеу институттарына (қажет болған жағдайда) жіберіледі.
20. Әзірлеушілер мемлекеттік стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларының мәтіндерін және олардың хабарламаларын уәкілетті органның баспасында және жалпы мақсатқа пайдаланылатын ақпараттық жүйеде шығарады.
21. Мемлекеттік стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын келісу және мүдделі тұлғалардың пікірлерін дайындау мерзімі - 60 күн.
Осы кезеңді адам өмірі мен денсаулығы үшін және қоршаған орта үшін өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәуекелі туындаған жағдайда 30 күнге дейін қысқартуға болады.
5. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА
жіктеуіштерін сараптау
22. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау бекітуге, мемлекеттік тіркеуге дайындық кезеңінде жүзеге асырылады.
23. Мемлекеттік стандарттарды сараптауға мыналар:
1) әзірленетін құжаттардың заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілердің және құжаттардың, техникалық регламенттердің, негіз құраушы стандарттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптары мен ережелеріне сәйкестігін белгілеу;
2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген нормативтік құжаттарды қайта қарау, көкейкестілендіру және (немесе) бірыңғайлау;
4) қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың талаптарын қайталаудың болмауы;
5) бәсекеге қабілеттіліктің атқарымдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің болуын белгілеу;
6) қолданыстағы нормативтік құжаттар туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
7) халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу кіреді.
24. ТЭА жіктеуіштерін сараптауға:
1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдау дұрыстығы;
2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен кешенді қолдану мүмкіндігі;
3) резервтік ыдыстың болуы;
4) жіктеуішті автоматты түрде енгізу мүмкіндігі кіреді.
25. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ведомствоға қарасты кәсіпорындары жүргізеді.
Сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды беріледі.
26. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін сараптау жеке және заңды тұлғалармен жасалған келісім-шарттық негізде орындалады.
27. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ведомствоға қарасты кәсіпорындары әзірлеген мемлекеттік стандарттардың жобаларына сараптама жүргізілмейді.
6. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА
жіктеуіштерін бекіту және есепке алу
28. Уәкілетті органға бекітуге уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйымдарының келісімін және оң қорытындысын алған мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері:
1) екі данада ортақ мұқабамен ресімделген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасының соңғы редакциясы;
2) стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасының электрондық нұсқасы;
3) жобаға берілген түсіндірме жазба;
4) пікірлер жиынтығы;
5) стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасының қаралғанын және келісілгенін растайтын түпнұсқа құжаттар;
6) жобаның соңғы редакциясын қарау жөніндегі ТК; әзірлеуші-ұйымның отырысының (жүргізілген жағдайда) хаттамасы;
7) қабылдау комиссиясы отырысының (дегустациялық немесе көркем-техникалық Кеңестің) хаттамасы немесе стандарттың талаптарына сәйкестігіне өнімді сынау актілері (қажет жағдайда);
8) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссияның қорытындысы (терминологиялық стандарттар үшін);
9) стандарттың және ТЭА жіктеуіші жобасының бірінші редакциясы;
10) халықаралық стандарттың расталған түпнұсқасының көшірмесі және түпнұсқа тілінен орыс тіліне жасалған аудармасы беріледі.
29. Мемлекеттің стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасын бекітуге дайындау кезеңінде түсіндірме жазбаны, пікірлер жиынтығын стандарттау жөніндегі техникалық кеңес (СТК) және, қажет жағдайда, метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссия (ҒТК) қарайды.
30. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.
31. Негіз құраушы (ұйымдастырушылық-әдістемелік) стандарттар, қабылдау, сынамаларды іріктеу, бақылау әдістерінің, буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелері стандарттары 5 жылдан артық емес мерзімге бекітіледі.
32. Өнімге, технологиялық процестер мен қызмет көрсетулерге арналған стандарттар және ТЭА жіктеуіштері өнімнің және технологиялардың жаңару мерзімдерін есепке ала отырып шектелген қолданылу мерзіміне, бірақ 5 жылдан артық емес уақытқа бекітіледі.
33. Бекітілген мемлекеттік стандарттар және ТЭА жіктеуіштері Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
34. Әрбір бекітілген мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне стандарттың және ТЭА жіктеуішінің Ісі жасалуға тиіс (бұдан әрі - Іс).
35. Іске кіретін құжаттар ұзақ мерзімге сақтау үшін папкаға салынады. Мұқабада, беткі бетінде белгісі мен атауы көрсетіледі. Мұқабаға 200 беттен артық емес парақ салынады.
36. Іске түпнұсқалық қол қойылған құжаттар мен стандарт тігіледі, электрондық тасымалдаушыдағы стандарт мұқабаның ішкі бетіндегі қалтаға салынады.
37. Іске 6-тарауда көрсетілген құжаттар кіргізілуге тиіс.
38. Істерді көкейкестілендіру мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін әрбір өзгерту жөніндегі, мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін қолдану мерзімін ұзарту, қолданылу мерзімін шектеуді алып тастау, жою жөніндегі құжаттардың келіп түсуі шамасына қарай жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік стандарттарға және ТЭА жіктеуіштеріне
енгізілетін өзгерістерді әзірлеу, бекіту және
қолданысқа енгізу
39. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне енгізілетін өзгеріс жекелеген талаптарды ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау кезінде, олардың жарамдылығын ұзарту, шектеу немесе қалпына келтіру кезінде әзірленеді.
Егер өзгерген мәтіннің көлемі қолданыстағы мемлекеттік стандарттың және ТЭА жіктеуішінің көлемінің жартысынан асатын болса, онда қолданыстағы нормативтік құжат бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде өзгерісімен бірге қайта басылып шығарылуға тиіс.
Мемлекеттік стандартқа енгізілетін өзгерістер оған жаңа, ең озық талаптарды енгізу және жаңа өнімнің қолданыстағы мемлекеттік стандарт бойынша жасалған өніммен өзара алмасымдылық пен үйлесу талаптарын, сондай-ақ халықаралық жүйелермен қолданыстағы жүйелер талаптарын бұзбайтын халықаралық нормалар мен талаптармен үйлестіру қажет жағдайда әзірленеді.
40. Мемлекеттік стандарт пен ТЭА жіктеуішіне өзгерістерді әзірлеу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
41. Мемлекеттік стандарттарға және ТЭА жіктеуіштеріне енгізілетін өзгерістердің жобаларының мәтіндері және олардың хабарламалары уәкілетті органның баспаларында және жалпы мақсатқа пайдаланылатын ақпараттық жүйеде өз қалауымен мүдделі ұйымдар мен шетелдік серіктестер туралы ақпарат жинау үшін жарияланады.
42. Қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға және ТЭА жіктеуіштеріне өзгерістер әзірлеу кезінде өзара байланысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар қатар дайындалады.
43. Мемлекеттік стандарттарға және ТЭА жіктеуіштеріне енгізілетін өзгерістердің жобасы екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде уәкілетті органға бекітуге беріледі.
Өзгерістер жобасымен бірге өзгерістер жобасының қаралғанын және келісілгенін растайтын түпнұсқа құжаттар, пікірлер жиынтығы және негіздемесімен түсіндірме жазба берілуге тиіс.
44. Бекітілген өзгерістердің мәтіндері және олармен бірге бекітуге берілген құжаттар белгіленген тәртіппен Іске кіргізіледі.
45. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне өзгеріс уәкілетті органға бекітуге беріледі.
46. Өзгерістер уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген өзгерістер Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
8. Мемлекеттік стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін жою
47. Мемлекеттік стандарттарды жою:
1) осы мемлекеттік стандарт бойынша өндірілетін өнімді шығару (жұмысты орындау, қызмет көрсету) тоқтатылған;
2) осы мемлекеттік стандарттың орнына басқа нормативтік құжат әзірленген;
3) Қазақстан Республикасы аумағына нормативтік құқықтық акті немесе халықаралық стандарт енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
48. ТЭА жіктеуіштерін жою осы ТЭА жіктеуішінің орнына басқа нормативтік құжат әзірленген жағдайда жүзеге асырылады.
49. Мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін жою кезінде уәкілетті органға:
1) негіздемесімен бірге оны жою туралы ұсыныс;
2) оны ауыстыратын құжат туралы немесе мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін ауыстырмай жою туралы ақпарат;
3) мемлекеттік стандартты және ТЭА жіктеуішін жоюға берілген негіздемені растайтын құжаттардың түпнұсқалары жіберіледі.
50. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін жою уәкілетті органның басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін
қолданысқа енгізу
51. Бекітілген стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін қолданысқа енгізу күні олардың енгізілуін қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды іске асыруды есепке ала отырып, бірақ олар бекітілген сәттен бастап 1 (бір) жылдан артық емес мерзімде бекітіледі.
Стандартта белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті жағдайлар болған жағдайда, кәсіпорындар мен ұйымдар стандарттарды олардың қолданысқа енгізілу күні аралығында, бірақ бекітілген және мемлекеттік тіркелген күнінен ерте емес кез келген күнмен мезгілінен ерте енгізе алады.
52. Мемлекеттік стандартқа және ТЭА жіктеуішіне өзгерістер енгізу күні өзгерістерді енгізуді қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды іске асыру есебімен, олар бекітілген сәттен бастап алты айдан кейін белгіленеді.
53. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті жағдайлар болған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік стандарттарға және ТЭА жіктеуіштеріне енгізілетін өзгерістерді олардың бекітілген және мемлекеттік тіркелген күнінен ерте емес уақытта мерзімінен бұрын енгізе алады.