Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 26 сәуірдегі N 1/2 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3607. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 90/171 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Респуликасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 90/171  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының  12 және  41 баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Орталық сайлау комиссиясының  
2005 жылғы 26 сәуірдегі    
N 1/2 қаулысымен        
бекітілген           

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәліктерін табыс ету туралы
Нұсқаулық

      Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңына , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205  Жарлығына , өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі - есептен шығару куәліктерін) табыс ету мәселелерін егжей-тегжейлі көрсетеді.

      1. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасында сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде ол тұрақты мекені тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға арызбен (1 қосымша) өтініш жасауға құқылы.

      2. Сайлаушыдан осындай арыз түскен және ол жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі оған есептен шығару куәлігін (2 қосымша) табыс етеді.

      3. Есептен шығару куәлігін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі анық етіп қолдан толтырады.
      Толтыру сайлаушының тілегі бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады да сайлаушы туралы және ол көрсеткен жеке басын куәландыратын құжат туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      тегі, аты, әкесінің аты;
      туған күні;
      тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы;
      жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, коды немесе нөмірі және берген органның атауы.

      4. Есептен шығару куәлігін табыс еткен учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы немесе мүшесі сайлаушылар тізіміндегі "ескертулер" деген бағанға есептен шығару куәлігінің табыс етілген күні мен нөмірі туралы жазу енгізеді.
      Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға берген арызы сайлаушылар тізіміне қоса тіркеледі.

      5. Есептен шығару куәлігін табыс ету, соттың немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімін орындауды қоспағанда, дауыс берілетін күннің алдындағы күні сағат 18-де тоқтатылады.

      6. Бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысуға тілек білдірген сайлаушыларға есептен шығару куәлігі табыс етілмейді.

      7. Жоғалып қалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.

      8. Сайлаушы өзінің келген орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясына есептен шығару куәлігін және өзінің жеке басын куәландыратын, осы есептен шығару куәлігін алуға негіз болған, құжатын көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні оны осы сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
      Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бұл сайлаушы туралы мәліметтерді сайлаушылар тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен енгізеді.

      9. Сайлаушы бюллетеньді алғандығы туралы қол қояды да осы сайлау учаскесінде жалпы негізде дауыс береді.

      10. Есептен шығару куәлігі сайлаушылар тізіміне қоса тіркеледі.

      11. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы және тиісті мүшесі есептен шығару куәліктері негізінде учаскелік сайлау комиссиясы енгізген сайлаушылар туралы мәліметтердің нақтылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

                                       Дауыс беру құқығын беретін
                                      есептен шығару куәлігін табыс
                                         ету туралы Нұсқаулыққа
                                                1 қосымша

                                       Кімге_______________________
                                       ____________________________
                                       ____________________________
                                       ____________________________

                 Дауыс беру құқығын беретін
                есептен шығару куәлігін алуға
                            АРЫЗ

Мен, _____________________________________________________________,
           сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні

____________________________________________ N ____________________
  жеке басын куәландыратын құжаттың атауы       коды немесе нөмірі

_____ жылы "____"____________  ____________________________________
                берілген күні          берген органның атауы

___________________________________________________________ берген,
___________________________________________________________________
                тұрақты мекені тіркелген мекен-жайы
___________________________________________________________ тұрушы,
___________________________________________________________________
    сайлаушы өзінің болу орнын ауыстыру себебін көрсетеді және ________________________________________________________ байланысты
         оны растайтын құжаттарды танысу үшін ұсынады

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның
41-бабының 6-1-тармағы негізінде дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәлігін табыс етуді ӨТІНЕМІН.

Сайлаушы                  _______________     ____________________
                               қолы               тегі, аты-жөні

______ жылғы "_____"__________________
                өтініш жасалған күн

Ескерту: Сайлаушы арызды анық етіп қолдан толтырады.

                                       Дауыс беру құқығын беретін
                                      есептен шығару куәлігін табыс
                                         ету туралы Нұсқаулыққа
                                                2 қосымша

Қазақстан Республикасы ___________________________________ сайлауы

                ______ жылғы "_____"_________________
                             сайлау күні

                Дауыс беру құқығын беретін
                 ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ N___

___________________________________________________________________
          сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні
____________________________________________ N ____________________
  жеке басын куәландыратын құжаттың атауы       коды немесе нөмірі

_____ жылы "____"____________  ____________________________________
                берілген күні          берген органның атауы

___________________________________________________________ берген,
___________________________________________________________________
                тұрақты мекені тіркелген мекен-жайы
___________________________________________________________ тұрушы,

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның
41-бабының 6-1-тармағы негізінде дауыс беретін күні оның келген
орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
___________________________________________________________________
       сайлау учаскесінің орналасқан жері - ауыл (село), кент,
___________________________________________________________________
                 аудан, қала, қаладағы аудан, облыс

___________________ N_____ учаскелік сайлау комиссиясы табыс еткен.

Учаскелік сайлау комиссиясының           М.О.
               Төрағасы/Мүшесі ____________    ____________________
                                    қолы          тегі, аты-жөні

______ жылғы "_____"__________________
               куәлік берілген күн

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады