Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 132-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3611. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және ретелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Шкарупа А.В.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы

      Келісілген

      Қазақстан Республикасы Энергетика
      және минералдық ресурстар министрінің
      міндетін атқарушы
      2005 жылғы 25 сәуір

Қазақстан Республикасы Табиғи 
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2005 жылғы    
12 сәуірдегі N 132-НҚ     
бұйрығымен бекітілген     

Электр энергиясын желіге босатуды техникалық
диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін
қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсететін табиғи монополиялар субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тұтынушылардың қол жеткізуіне тең жағдайлармен қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - Субъектінің электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия саласында Субъект ұсынатын және қызметтерді белгілі бір тауар түрінде тұтынушыға беру жағдайларын қоса, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларын қамтымайды.

2. Электр энергиясын желіге босатуды техникалық
диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін
қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар берудің
жалпы қағидаттары

      4. Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлармен қамтамасыз ету (бұдан әрі - қызметтер) мынадай қағидаттарға сүйене отырып:
      1) осы Ереженің 6-тармағында айқындалған талаптарды сақтаған жағдайда, барлық тұтынушылар үшін қызметтердің тең қол жетімділігі;
      2) қызметтердің барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясатты жүргізу;
      3) қызметтер көрсету шеңберінде орындалатын функциялардың, қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы жүзеге асырылады.

3. Субъектінің қызметтеріне тең қол жеткізуді
ұйымдастыру тәртібі

      5. Субъекті қызметтерінің тұтынушылары:
      1) электр энергиясын желінің тиесілігіне қарамастан кернеулердің барлық кластарының желілеріне босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар;
      2) электр энергиясын желінің тиесілігіне қарамастан кернеулердің барлық кластарының желілері арқылы импорттаушы тұтынушылар болып табылады.

      6. Субъект осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тұтынушыларға өзінің қызметтеріне:
      1) қызметтер көрсетуге Субъектімен шарт;
      2) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне қол жеткізуі;
      3) электр энергиясын коммерциялық есептеу жүйелері;
      4) энергия өндіруші ұйымдар үшін - телекоммуникациялар, байланыс жүйелерімен және Субъектінің жедел-ақпараттық кешенімен бірыңғайланған Субъектінің және диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенінің диспетчерлік орталықтарымен телекоммуникациялар және байланыс жүйелерімен жарақталған жұмыс істейтін диспетчерлік пункт болған; тұтынушылар үшін - Субъектінің диспетчерлік орталықтарымен байланыс құралдарымен жарақтандырылған диспетчерлік пункттер болған немесе осындай өкілеттіктерді басқа диспетчерлік орталыққа беру туралы құжат болған жағдайда, кедергісіз және кемсітпеушілік қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

4. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты ұсыну

      7. Көрсетілетін қызметтер туралы, олардың құны туралы, Субъектінің қызметтеріне қол жеткізу тәртібі туралы ақпаратты Субъект қызметтерді тұтынушының сұранысы бойынша (жазбаша нысанда) ұсынады.

      8. Субъект уәкілетті органның талабы бойынша қызметтер тұтынушыларының желінің тиесілігіне қарамастан кернеудің барлық кластарының электр желісіне босатқан (импорттаған) электр энергиясының мәлімделген және нақты көлемдері туралы мәліметтерді оған ұсынады.
      Уәкілетті орган Субъекті ұсынған ақпаратты пайдаланған кезде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпияның, Субъекті мен қызметтерді тұтынушыларының басқа да заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии

Приказ И.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 апреля 2005 года № 132-ОД. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2005 года № 3611. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 27 марта 2012 года № 53-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 27.03.2012 № 53-ОД.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 7, подпунктом 3) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках", с подпунктом 6) пункта 21 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943, ПРИКАЗЫВАЮ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 24.02.2009 № 61-ОД (порядок введения в действие см. п. 5 ).

     1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии.

     2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере электро- и теплоэнергетики Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Шкарупа А.В.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Токарева М.А.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
     1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
     2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Алдабергенова Н.Ш.

     5. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     И.о. Председателя

    Согласован
     Министр энергетики и минеральных
     ресурсов Республики Казахстан

     25 апреля 2005 г.

Утверждены           
приказом Председателя Агентства
Республики Казахстан      
по регулированию       
естественных монополий   
от 12 апреля 2005 года N 132-ОД

Правила предоставления равных условий
доступа к регулируемым услугам по технической
диспетчеризации отпуска в сеть и потребления
электрической энергии  1. Общие положения

     1. Настоящие Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках", "Об электроэнергетике" и определяют общие принципы и порядок обеспечения равного доступа потребителей к регулируемым услугам (товарам, работам) субъекта естественных монополий (далее - Субъект), оказывающего регулируемые услуги по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 24.02.2009 № 61-ОД (порядок введения в действие см. п. 5 ).

     2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:
     1) потребитель - физическое или юридическое лицо, пользующееся  или намеревающееся пользоваться регулируемыми услугами Субъекта по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии;
     2) регулируемые услуги - услуги, предоставляемые Субъектом в сфере естественной монополии и подлежащие государственному регулированию уполномоченным органом, включая случаи предоставления услуг в виде передачи определенного товара потребителю.
     Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 24.02.2009 № 61-ОД (порядок введения в действие см. п. 5 ).

     3. Настоящие Правила не распространяются на случаи предоставления регулируемых услуг по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии с учетом льгот и преимуществ, установленных законодательством Республики Казахстан.

2. Общие принципы предоставления равных
условий доступа к регулируемым услугам по
технической диспетчеризации отпуска в сеть
и потребления электрической энергии

     4. Обеспечение равных условий доступа к регулируемым услугам по технической диспетчеризации отпуска в сеть и потребления электрической энергии (далее - услуги) осуществляется исходя из следующих принципов:
     1) равнодоступность услуг для всех потребителей при соблюдении условий, определенных пунктом 6 настоящих Правил;
     2) проведение единой тарифной политики в отношении всех потребителей услуг;
     3) информационная открытость выполняемых функций, в рамках оказания услуг, тарифов на услуги.

3. Порядок организации равного доступа к услугам Субъекта

     5. Потребителями услуг Субъекта являются:
     1) энергопроизводящие организации, осуществляющие отпуск электрической энергии в сети всех классов напряжении, независимо от принадлежности сети;
     2) потребители, импортирующие электрическую энергию по сетям всех классов напряжении, независимо от принадлежности сети.

     6. Субъект обеспечивает беспрепятственный и недискриминационный доступ к своим услугам потребителям, указанным в пункте 5 настоящих Правил, при условии наличия:
     1) договора с Субъектом на оказание услуги;
     2) доступа к национальной и (или) региональной электрической сети;
     3) систем коммерческого учета электрической энергии;
     4) для энергопроизводящих организации - действующего диспетчерского пункта, оснащенного системами телекоммуникаций и связи с диспетчерскими центрами Субъекта и оперативно-информационного комплекса диспетчерского управления, унифицированными с системами телекоммуникаций, связи и оперативно-информационным комплексом Субъекта; для потребителей - наличие диспетчерских пунктов, оснащенных средствами связи с диспетчерскими центрами Субъекта, или наличие документа о передаче таких полномочий другому диспетчерскому центру.

4. Предоставление информации об оказываемых услугах

     7. Информация об оказываемых услугах, об их стоимости, о порядке доступа к услугам Субъекта предоставляется Субъектом по запросу (в письменной форме) потребителя услуг.
     8. Субъект по требованию уполномоченного органа предоставляет ему сведения о заявленных и фактических объемах электрической энергии, отпущенной (импортируемой) потребителями услуг в электрическую сеть всех классов напряжения, независимо от принадлежности сети.
     Уполномоченный орган при использовании предоставленной Субъектом информации обеспечивает соблюдение государственной, служебной, коммерческой тайны, других законных интересов Субъекта и потребителей услуг.