Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 164-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3686. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010 жылғы 29 қазандағы № 271-ө бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2010.10.29 № 271-ө бұйрығымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 62-2-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелері бекітілсін.
      2. "Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 18 наурыздағы 104-ө бұйрығы жойылсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      ____________________________________________
         Іске, АОҚОҚБ-на, ЭСТРД-не жіберілсін

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау     
министрінің міндетін атқарушы  
2005 жылғы 24 мамырдағы     
N 164-ө бұйрығымен        
бекітілген          

Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен
жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті органда бекіту ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  62-2 бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. 
 

      2. Ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларында қалдықтармен жұмыс істеу нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді.
 

      3. Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобалары (бұдан әрі - ҚЖН) қалдықтар пайда болатын жұмыс істеу процесінде кәсіпорындар-табиғат пайдаланушылар үшін және қолданыстағы Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен қаралады.
 

      4. Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері білімге, жинаққа, сақтауға, қолдануға, қайта пайдалануға, тасымалдауға және қоршаған ортаға әсерін ескере отырып, қалдықтарды көмуге байланысты сандық және сапалық шектеу болып табылады.
 

      5. Қалдықтарды орналастыруға әзірленген лимиттер қарастырылатын аумақтың экологиялық жай-күйін ескере отырып, қалдықтарды орналастыру объектілерінде белгіленген мерзім ішінде белгілі тәсілмен орналастыруға рұқсат етілген қалдықтардың шекті рұқсат етілген санын белгілейді.
 

      6. Бекітілуге ұсыным, технологиялық және қалдықтармен жұмыс істеудің басқа шарттары өзгерген кезде ҚЖН жобаларын қайта қарау, ҚЖН жобасын әзірлеуге төлем қалдық пайда болған қызмет процесінде табиғат пайдаланушымен жүзеге асырылады.
 

      7. Қалдықтар пайда болу нормативтері жобаларын табиғат пайдалануды жобалау және нормалау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
 

      8. ҚЖН жобаларын әзірлеу қолданыстағы заңнамалар және нормативтік әдістемелік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
 

      9. ҚЖН жобаларын қарау және бекіту мемлекеттік экологиялық сараптама органдарымен жүзеге асырылады.
 

      10. ҚЖН жобаларын қарау мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
 

      11. ҚЖН жобалары табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарауына және келісіміне ілеспе хатпен жібереді.

2. Қалдықтардың пайда болу нормативтері
жобаларының мазмұны

      12. ҚЖН жобалары материалдарында:
      1) кәсіпорын туралы жалпы мәлімет;
      2) шикізат пайдаланатын өндірістік және технологиялық процестер сипаттамасы;
      3) қалдықтардың пайда болу объемдарының есептері және негіздемесі;
      4) қалдықтар жіктелуі туралы мәлімет;
      5) қалдықтар басқару жүйесінің саралама сипаттауы;
      6) қоршаған орта ластануының деңгейін бағалау;
      7) болуы мүмкін апаттық жағдайлар туралы мәлімет;
      8) қалдықтармен жұмыс істеудегі өндірістік бақылау туралы мәлімет;
      9) қалдықтарды орналастыру лимиттері бойынша ұсыныс;
      10) прогрессивті аз қалдықты технологиялар, ең үздік ғылым және практика жетістіктерді есепке ала отырып орналастырылған қалдықтардың қоршаған орта және халық денсаулығына кері әсерін төмендетуін қамтамасыз ететін іс-шаралар туралы ұсыныс;
      11) қалдықтар паспорты;
      12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы;
      13) уәкілетті мемлекеттік органдармен бар келісімдер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады