Ішкі су көлігі қызметкерлерінің нысанды киімінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 223-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3744. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 244 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.04.29 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері;
      2) Нысанды киім киіп жүру ережесі;
      3) Қамтамасыз ету нормалары;
      4) Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар ішкі су көлігінің қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация      
министрінің міндетін атқарушының  
2005 жылғы 28 маусымдағы     
N 223-І бұйрығымен бекітілген  

Нысанды киімнің (погонсыз) және
айырым белгілерінің үлгілері

МАЗМҰНЫ

1. Ерлердің нысанды киімі

      1. Аға, орта басқарушы және қатардағы құрамға арналған салтанатты-шығу костюмі, модель 1-1 (китель, шалбар, жейде, галстук, бас киім).
      Китель. Жартылай жүн матадан жазғы нұсқасы - ақшыл қоңыр түсті және қысқы нұсқасы - көк қара түсті. Жартылай қапсырылған силуэтті, қос өңірлі, үш нысанды түймеге және үш сәнді түймеге түймеленген. Жағасы мен лацканы қайырылған сол жақ лацканында көзі ілмегімен, жеңі үш нысанды түймесі бар шлицамен қондырылған. Арқа тұсының ортаңғы тігісі төменгі жағында шлицамен бітеді, таяқшалары бүйірінің жырығымен және белі бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйірінде клапанды тілік қалталары. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Шалбар. Жартылай жүн матадан жазғы нұсқасы - ақшыл қоңыр түсті және қысқы нұсқасы - қара түсті, астарсыз тік - жазғы нұсқасы және астарлы тік - қысқы нұсқасы. Түймелі ілгекпен, екі бүйірлі қалтамен, белі бір түймеге түймеленетін жеті белдік ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бір түймеге және тілік ілгекке ілінетін рамкалы артқы тілік қалта.
      Жейде. Ұзын жеңді ақ түсті матадан - қысқы нұсқа, жазғы нұсқасы - қысқа жеңді көкшіл түсті матадан, тік силуэтті жеті нысанды түйме ілмегімен. Жаға тілік тұрғыза басылған, белі буылған, бүйірлері кең резинкаға жинақталған, екі түймеге түймеленетін манжетті ұзын жең. Арқасы мен бүйір бөліктері екі жақты пішінді иініш. Бүйір бөліктері кеудеге тағатын жапсырма қалталармен және оларда ілмекті екі түймемен пішінді клапандар. Жағаға, қалтаға, клапандарға, манжеттерге 0,5 см қашықтықта екі тігім қойылған.
      Галстук. Галстукке арналған немесе жартылай жүнді көк қара түсті матадан (барлық құрам үшін).
      Фуражка. Аға басқарушы құрам үшін ақ жүнді матадан, қалғандары үшін үш шеттікті қара жүнді материалдан: біреуі түбін төрттіктермен біріктіретін тігіске қондырылған, екіншісі төрттіктерді төңірегімен біріктіретін тігіске қондырылған, үшіншісі негізгі материалдан жасалған қондыру (жалған) шеттігі фуражканың қалқанына киілген репсті жібек лентаны ұстау үшін қалқанның астынан өтеді. Фуражканың алдыңғы жағы көтеріңкі. Қалқаншаның ортасының үстіне қалқанға белгіленген нысанды кокард бекітіледі.
      Фуражканың қалқаншасы - қалқанға екі кішкене нысанды түймемен бекітілген жалтылдаған қара таңдамалы белдігі бар жалтылдаған қара.
      Аға басқарушы құрамда жалтылдаған қара таңдамалы белдіктің орнына фуражка қалқанына екі кішкене нысанды түймелерімен трунцалдан алтын түсті бау бекітілген.

      2. Ерлердің күнделікті нысанды киімі.
      Ішкі су көлігі ұйымдары қызметкерлерінің және жүзу құрамының күнделікті кocтюмі кительден (не күртешеден), шалбардан, ақ немесе көкшіл жейдеден, галстуктен, бас киімнен (фуражкадан, құлақшыннан) тұрады. Модель 2 - 1.
      Китель. Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - жартылай қапсырылған силуэтті, бір өңірлі, астарлы, лацканның бүгілуіне дейін төрт нысанды түймеге түймеленген көк қара түсті. Жағасы мен лацканы қайырылған. Жеңі екі тігісті үш нысанды түймесі бар шлицамен қондырылған. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді, таяқшалары бүйірінің жырығымен және белі бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйірінде клапанды тілік қалталары. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Шалбар. Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - көк қара түсті. Астарлы тік, түймелі ілгекпен, екі бүйірлі қалтамен, белі бір түймеге түймеленетін жеті белдік ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бір түймеге және тілік ілгекке ілінетін рамкалы артқы тілік қалта.
      Жейде. Ұзын жеңді (қысқы нұсқа), қысқа жеңді (жазғы нұсқа) көкшіл түсті ауыспалы матадан, тік нұсқадағы жеті нысанды түйме ілмегімен. Жаға тілік тұрғыза басылған, белі буылған, бүйірлері кең резинкаға жинақталған, екі түймеге түймеленетін манжетті ұзын жең. Арқасы мен бүйір бөліктері екі жақты пішінді иініш. Бүйір бөліктері кеудеге тағатын жапсырма қалталармен және оларда ілмекті екі түймемен пішінді клапандар. Жағаға, қалтаға, клапандарға, манжеттерге 0,5 см қашықтықта әрленген тігім қойылған.
      Галстук. Галстукке арналған немесе жартылай жүнді көк қара түсті матадан (барлық құрам үшін).
      Фуражка. Yш шеттікті көк қара жүнді материалдан: біреуі түбін төрттіктермен біріктіретін тігіске қондырылған, екіншісі төрттіктерді төңірегімен біріктіретін тігіске қондырылған, үшіншісі негізгі материалдан жасалған қондыру (жалған) шеттігі фуражканың қалқанына киілген репсті жібек лентаны ұстау үшін қалқанның астынан өтеді. Фуражканың алдыңғы жағы көтеріңкі. Қалқаншаның ортасының үстіне қалқанға белгіленген нысанды кокард бекітіледі.
      Фуражканың қалқаншасы - қалқанға екі кішкене нысанды түймемен бекітілген жалтылдаған қара таңдамалы белдігі бар жалтылдаған қара.
      Аға басқарушы құрамда жалтылдаған қара таңдамалы белдіктің орнына фуражка қалқанына екі кішкене нысанды түймелерімен трунцалдан алтын түсті бау бекітілген.
      Құлақшын. Төбесі қара былғыларыдан жасалған қара қаракөлден. Құлақшынның ортасына белгіленген нысанда кокарда орналастырылады.
      Күнделікті күртеше. Модель 3 - 1.
      Көк қара түсті жартылай жүнді матадан, астарлы, лацканның бүгілуіне дейін "сыдырма" түймеленген. Жағасы мен лацканы қайырылған, белі алдынан бір нысанды түймеге түймеленген. Алдынан және арт жағынан бұйымның ұзындығынан 1/3 биіктігімен иініш орналастырылған, иініштің төменгі жағы шеттен 3 см тігіспен айқындалған қыры түсірілген жиекпен әдіптелген. Бұйымның бүйір бөліктерінде иініш деңгейінен төмен және бел сызығынан жоғары диагоналымен "сыдырма" түймеленген тілік қалталар орналастырылған. Жеңі манжетпен, шынтақ тігісінде тілікпен, бір нысанды түймеге түймелеумен қондырылған. Жағасы, лацканы, өңірі, қалтасы, иініші, белі, манжеттері бойынша шетінен 0,6 см қашықтықта әрленген тігіс жүргізіледі, белі мен манжеттері бойынша шетінен 0,2 см.
      Плащ-пальто. Модель 4 - 1.
      Көк қара түсті ауыспалы плащтық матадан, тік силуэтті, тоғалы алмалы белдікпен, қос өңірлі, төрт нысанды түймелер түймеленген. Жағасы қиық тік, қайырылған лацканмен бір түймеге түймеленеді. Лацканда көздік тілік ілмектер. Сол жақ бүйір бөлігінде жапырақшасы бар жеке иініш, жеңі екі тігісті, бір нысанды түймеге түймеленетін белдік ұстағыштар арқылы өткізілген паттар. Бүйір бөліктерінде бел сызығынан төмен жапырақшалы қиық қалталар орналасқан. Барлық рельефтік сызықтар мен детальдарда шетінен 0,2 және 0,7 см қашықтықта екі әрленген тігіс жүргізілген. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Қысқы пальто. Модель 5 - 1.
      Көк қара түсті, жүн драптан, жартылай қапсырылған силуэтті, жағасы теріден және лацканы көк қара түсті елтіріден. Қос өңірлі, төрт нысанды және екі әшекейлі түймеге түймеленеді. Бүйір бөліктерінде қиық бүйірлі және белі бойынша алдыңғы бүкпелі. Бел сызығынан төмен клапаны бар тілік қалталар орналасқан. Жеңі екі тігісті қондырмалы, белгіленген айырма белгілері бекітілген. Арқасы рельефпен және шлицасы бар орта тігіспен, рельефтерге бел сызығы деңгейімен белдік қондырылған, ол арқа ортасында бір нысанды түймеге түймеленеді.
      Дауылда киетін күртеше. Модель 6 - 1.
      Су жұқпайтын көк қара түсті, плащтық матадан, астарсыз, тік силуэтті, бір өңірлі, ағытылатын күләпарасы бар, пластронмен жабылатын "сыдырма" түймеленген, төрт нысанды түймеге түймеленеді. Арқасы мен бүйір бөліктерінде нысанды жапсырма иініштер. Сол және оң бүйір бөліктерінде "кенгуру" пішінді жапсырма қалталар, оларда қосымша жапсырма қалталар. Бел сызығында белдік-ықтырма, ықтырмадан төменірек көлденең қиық, шетінен 3 см-ге тігіспен көрсетілген. Бүрме астында қолды жанынан салатын жапсырма қалта. Жеңі шынтақ асты мықты қондырмалы екі тігісті, манжетті бір нысанды түймеге түймеленеді. Барлық рельефтік сызықтар мен детальдарға шетінен 0,2 - 0,7 см әдіптелген тігім жүргізілген.

2. Әйелдердің нысанды киімі

      3. Аға, орта басқарушы және қатардағы құрамға арналған салтанатты-шығу костюмі, модель 1-2 (китель, юбка, ұзын жеңімен жейде, берет, "бабочка" үлгісіндегі галстук).
      Китель. Жартылай жүн матадан жазғы нұсқасы - ақшыл қоңыр түсті және қысқы нұсқасы - көк қара түсті. Жартылай қапсырылған силуэтті, астарлы, қос өңірлі, төрт нысанды түймеге түймеленген. Жағасының шеті күрделі конфигурациямен (3 см беліне дейін және белден төмен қос өңірлі түймелеген, ал өңір шетінен төмен қосылып орналасқан). Төменгі түйменің деңгейінде тік нысанды клапандармен тілік қалталар орналастырылған. Таяқшасы кесілген жырықтан тік тігістермен. Алдыңғы жырық арқасына жетеді, арқасында ортаңғы тігіс. Жеңі қондырмалы екі тігісті шлицаларында үш түймесі бар. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Юбка. Жартылай жүн матадан жазғы нұсқасы - ақшыл қоңыр түсті және қысқы нұсқасы - көк қара түсті. Тік силуэтті, астарлы, белі бір түймеге түймеленетін екі белдік ұстағыштармен. Юбканың артқы бөлігінде шлицамен бітетін тігіс бар. Сол бүйірінде "сыдырма" түймелеу.
      Әйел жейдесі. Жартылай синтетикалық (мүмкін мақта матадан), ұзын және қысқа жеңді - ақ немесе ақшыл қоңыр түсті. Тік силуэтті, манжеттермен түймеленетін қондырмалы екі тігісті жеңмен, ұзын жеңдер бір нысанды түймеге түймеленеді. Жағасы қайырылған, ұшы үшкірлеу келген, түймелеу шетінен ені 3 см келістірілген, жеті нысанды түймеге түймеленетін планкамен ресімделген. Планканың жанынан ені 2,5 см әр жағынан біреуден бүрме жасалған. Алдыңғы жағында иініш орналасқан, оған пішінді клапандар қондырылған, ол жапсырма қалтаны жабатын бір түймеге түймеленеді. Арқасында иініш орналасқан, оның ортасынан төмен қырлы планка тігілген. Барлық рельеф пен детальдар бойынша әрленген тігім жасалған.
      Галстук. Галстукке арналған немесе жартылай жүнді көк қара түсті матадан (барлық құрам үшін).
      Берет. Жазғы берет ақ қоңыр түсті мақта-мата материясынан. Қысқы берет көк қара түсті жүнді матадан. Басқарушылық құрам тұлғаларының береті - қарат түсті қаракөлден.
      Берет ені 1-1,5 см қалқанмен бірігетін, диаметрі 24-26 см, ені 7 см сай құрайтын түбі бүйірлері тігілген екі жартыдан құралатын, шеттіксіз. Береттің ішкі жағында астар, ал қалқан жағынан дермантиннен - тігілген маңдайша. Береттің сыртында түбінің ортасында ұзындығы 1,5 см бау бекітілген.
      Қызметкерлердің беретінде екі кішкене нысанды түймелермен қалқанға бекітілген таңдамалы белдік. Көлденеңінен белдікті қалқан мен маңдайшаның ішкі жағының арасынан тігілген қара түсті екі металл ілмек ұстап тұрады.
      Басшы құрам әйелдерінің беретінде белдіктің орнына алтын түсті трунцалдан бау тігілген.
      Береттің ортасына белгіленген нысандағы кокарда бекітіледі.

      4. Басқарушы құрамның және қызметкерлердің күнделікті кocтюмі кительден, юбкадан, жейдеден, галстуктен, бас киімнен тұрады. Модель 2 - 2.
      Китель. Жартылай жүн матадан көк қара түсті. Астарлы, жартылай қапсырылған силуэтті, бір өңірлі, лацканның бүгілуіне дейін үш нысанды түймеге түймеленген, жағасы мен лацканы қайырылған, жеңі екі тігісті, шынтақ тігісі және үш нысанды түйме қондырылған. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді, таяқшалары бүйірінің жырығымен және белі бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйірінде клапанды тілік қалталары. Жеңі екітігісті, шлицасына үш түйме қондырылған. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Юбка. Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - көк қара түсті. Тік силуэтті, астарлы, белі бір түймеге түймеленетін екі белдік ұстағыштармен. Юбканың артқы бөлігінде шлицамен бітетін тігіс бар. Сол бүйірінде "сыдырма" түймелеу.
      Жейде. Жартылай синтетикалық (мүмкін мақта матадан), ұзын және қысқа жеңді - ақ немесе ақшыл қоңыр түсті. Тік силуэтті, манжеттермен түймеленетін қондырмалы екі тігісті жеңмен, ұзын жеңдер бір нысанды түймеге түймеленеді. Жағасы қайырылған, ұшы үшкірлеу келген, түймелеу шетінен ені 3 см келістірілген, 7 нысанды түймеге түймеленетін планкамен ресімделген. Планканың жанынан ені 2,5 см әр жағынан біреуден бүрме жасалған. Алдыңғы жағында иініш орналасқан, оған пішінді клапандар қондырылған, ол жапсырма қалтаны жабатын бір түймеге түймеленеді. Арқасында иініш орналасқан, оның ортасынан төмен қырлы планка тігілген. Барлық рельеф пен детальдар бойынша әрленген тігім жасалған.
      Галстук. Галстукке арналған көк қара түсті матадан "бабочка" үлгісінде. Ені 2,5 см лента жейде жағасының астынан байланады.
      Берет. Берет көк қара түсті жүнді матадан.
      Берет ені 1-1,5 см қалқанмен бірігетін, диаметрі 24-26 см, ені 7 см сай құрайтын түбі бүйірлері тігілген екі жартыдан құралатын, шеттіксіз. Береттің ішкі жағында астар, ал қалқан жағынан дермантиннен - тігілген маңдайша. Береттің сыртында түбінің ортасында ұзындығы 1,5 см бау бекітілген.
      Қызметкерлердің беретінде екі кішкене нысанды түймелермен қалқанға бекітілген таңдамалы белдік. Көлденеңінен белдікті қалқан пен маңдайшаның ішкі жағының арасынан тігілген қара түсті екі металл ілмек ұстап тұрады.
      Басшы құрам әйелдерінің береті қара түсті қаракөлден.
      Басшы құрам әйелдерінің беретінде белдіктің орнына алтын түсті трунцалдан бау тігілген.
      Береттің ортасына белгіленген нысандағы кокарда бекітіледі.
      Плащ. Модель 3 - 2.
      Көк қара түсті су жұқпайтын матадан. Астарлы, алмалы-салмалы қапсырмалы белдікпен тік силуэтті. Қос өңірлі бес нысанды түймеде бітеу түймелеумен. Жағасы тігінен қайырылған. Арқасы ортаңғы тігіспен, терең шлицамен аяқталатын қырлы иінішпен. Иық тігісінің бүйір бөліктерінде рельефтер. Рельефтерден солға және оңға қарай қырлы иініш, бел сызығынан төмен жапырақшасы бар тілік қалталар. Жеңі қондырмалы, бір тігісті, бір нысанды түймеге түймеленетін белдік ұстағыш арқылы жіберілген патпен. Барлық рельефті сызықтар мен детальдар бойынша, бұйымның төменгі жағына шетінен ені 0,5 см әдіптелген тігім жүргізілген.
      Қысқы пальто. Модель 4 - 2.
      Көк қара түсті драптан, теріден, көк қара түсті елтірімен әдіптелген жаға. Бір өңірлі, жасырын түймелеумен. Арқасында иық тігісінен рельефтер, ортаңғы тігіс терең шлицамен аяқталады. Рельефтің иық тігісінен бүйір бөліктерінде, бел сызығы бойына рельефтерге арқаға ауысатын, бір нысанды түймеге түймеленетін белдікше қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды жапсырма қалталар. Жеңдері бір нысанды түймеге түймеленген қондырмалы бір тігісті патпен. Барлық рельефті сызықтар мен детальдар бойынша шетінен ені 0,3-0,7 см әдіптелген тігім жүргізілген. Жеңінде белгіленген айырым белгілері.
      Әйелдердің қысқы күртешесі. Модель 5 - 2.
      Көк қара түсті плащтық матадан, тері жағалы және лацканы көк қара түсті елтіріден. Қос өңірлі, төрт нысанды түймеге түймеленеді. Арқасында ортаңғы тігіспен қиық екі қабатты иініш. Иініштегі бүйір бөліктері әдіптелген, шетінен 3 см тігіммен бекітілген. Бел сызығы бойынша, арқаға қарай ауысатын және ортаңғы тігіс деңгейінде бір нысанды түймеге түймеленетін белдік қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды тілік қалталар, жеңі қондырмалы, жеңінің төменгі жағында бір нысанды түймеге түймеленетін екі тігісті жайғаң белдікше. Барлық рельефтік сызықтар мен детальдар бойынша шетінен 0,3-0,7 см әдіптелген тігім жүргізілген.

3. Айырым белгілері (сипаттама)

      5. Басшы құрам және қызметкерлер үшін айырым белгілері алтын түстес оқадан жасалған жеңдік айырым белгілері болып табылады.

      6. Костюм материалымен түстес аспапты шұғадан жасалған қалыптарға жеке тігілген жеңдік жапсырмалар нысанды киімде жеңнің сыртқы жағына, төменгі жиегіне қатарлас орналасады. Жеңнің төменгі жиегінен төменгі оқаға дейінгі қашықтық 80 мм құрайды.

      7. Жеңдік жапсырмалар - алтын түстес оқалар (кең, орташа, жіңішке). Оқа мөлшері: кеңінің ені - 30 мм, орташасы - 13 мм, жіңішкесі - 6 мм, ұзындығы - 150 мм, оқалар аралағындағы саңлау - 3 мм.
      Жіңішке оқалар ортаңғының үстіне ортаңғылары кеңінің үстіне орналасады.
      Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы жиек үстінен, сыртқы қабырғалары 16 мм және оқа ені 6 мм ромб тігілген.

      8. Шеврон Шеврондар барлық костюмдарда сол жақ жеңде, шынтақтан 30 мм биік орналасады. Шеврон тік бұрышты 9 см х 7 см нысанды, төменгі бөлігі симметриялы кесілген және ені 0,5 см сары мата шетінен тігілген. Төрт түсте (сары, көгілдір, ақ, қара) орындалған. Аспанның көгілдір көрінісінде және судың ақ-көгілдір көрінісінде жоғарыға және жан-жаққа сәулелерімен күн орналасқан. Күн көрінісінде қара түсті зәкір орналасқан, ал оның астында ақ түсті бүркіт. Барлық композицияның астында қара көріністе сары түсті қазақ тілінде жазылған "СУ КӨЛІГІ" деген жазу болады.

      9. Иықтық айырма белгілері қара аспаптық шұғадан жасалған, қара шеттігі бар бөзбен қосарланған (периметрі бойынша жалпы ені 45 мм және ұзындығы 120 мм). Төменгі қалып шетінен 10 мм қашықтықта тиісті лауазымдық санаттарға белгіленген аралығы 3 мм саңыраумен алтын түстес оқадан жапсырмалар тігілген. Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы жиек үстінен биіктігі 9,5 мм және қабырғалары 13 мм осы оқадан тең бұрышты үшбұрыш тігілген, ал астынан оқа биіктігі 4 мм үшбұрышты тігіс болады.
      Кіші және орта басшылық құрам үшін иықтық белгілер алтын түске ұқсас поливинилхлоридтік пленкадан жасалуы мүмкін. Иықтық айырым белгілері нысанды күнделікті күртешенің (көйлек - костюмнің) иықтық тігістеріне тігіледі. Жазғы костюмға, ерлер жейдесі мен әйелдер жейдесіне иықтық айырым белгілері алтын түске ұқсас поливинилхлоридтік пленкадан жасалған, жапсырылған айырым белгілері бар жұмсақ матадан жасалуы мүмкін және белдік ұстағыш пен нысанды түймеге түймеленеді.

      10. Ішкі су көлігі қызметкерлерінің лауазымдары (кәсіптері) үшін мынадай айырым белгілері анықталған:
      Аға басшы құрам:
      1) Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары - 12-санат 
      (1 кең және 2 орташа оқа);
      2) Ішкі су көлігі ұйымдары басшыларының орынбасарлары - 11-санат (1 кең және 1 орташа оқа);
      3) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 10-санат (1 кең және 1 орташа оқа);
      4) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары - 9-санат (4 орташа оқа);
      5) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері бөлімдерінің, басқару аппараттарының бас, негізгі, жетекші мамандары, бастықтары мен олардың орынбасарлары - 8-санат (4 орташа оқа);
      6) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері бөлімдерінің, басқару аппараттарының бас, негізгі, жетекші мамандары, бастықтары мен олардың орынбасарлары - 7-санат (3 орташа оқа).

      11. Жүзетін құрам:
      Аға басшылық құрам:
      1) Капитан (4 орташа оқа);
      2) Капитанның аға көмекшісі (3 орташа оқа);
      3) Аға механик (үш орташа оқа);
      4) Командир (1 жіңішке оқа, 2 орташа оқа);
      5) Механик (1 жіңішке оқа, 2 орташа оқа);
      6) Командирдің 1-ші көмекшісі (2 жіңішке оқа);
      7) Шлюз вахтасының аға бастығы (3 орташа оқа);
      8) Шлюз вахтасының бастығы (1 жіңішке оқа, 2 орташа оқа).
      Орташа басшылық құрам:
      9) Капитанның 2-ші көмекшісі (2 орташа және 1 жіңішке оқа);
      10) 2-ші механик (2 орташа және 1 жіңішке оқа);
      11) Механик көмекшісі (1 жіңішке оқа, 1 орташа оқа);
      12) Капитан көмекшісі (1 жіңішке оқа, 1 орташа оқа);
      13) Командирдің 2-ші көмекшісі (1 жіңішке оқа, 1 орташа оқа);
      14) Электр механигі (2 орташа оқа және 1 жіңішке оқа);
      15) Радио маманы (2 орташа оқа және 1 жіңішке оқа);
      16) Капитанның 3-ші көмекшісі (2 орташа оқа);
      17) 3-ші механик (2 орташа оқа);
      18) Аға электрик (2 орташа оқа);
      19) Шаруашылық жөнінде капитанның көмекшісі (1 орташа оқа);
      20) 4-ші механик (1 орташа оқа);
      21) Боцман (1 орташа оқа);
      22) Шкипер (1 орташа оқа);
      23) Штурман (1 жіңішке оқа, 1 орташа оқа);
      24) Сағалық партияның инженерлік-техникалық персоналы (3 орташа оқа).
      Қатардағы құрам
      25) Аға аспазшы (кокарда);
      26) Машина бөлімінің қоймашысы (кокарда);
      27) Электрик (кокарда);
      28) 1-класты матрос (кокарда);
      29) 1-класты моторшы (кокарда);
      30) 2-класты моторшы (кокарда);
      31) Буфетші (кокарда);
      32) 2-ші аспазшы (кокарда);
      33) 2-класты матрос (кокарда);
      34) Радио операторы (4 жіңішке оқа);
      35) Моторшы-рульдеуші (2 жіңішке оқа);
      36) Шығыршы-моторшы (2 жіңішке оқа);
      37) Моторшы-матрос (2 жіңішке оқа);
      38) Аға кеме өткізуші (2 жіңішке оқа);
      39) Кеме өткізуші (1 жіңішке оқа).

      12. Кокарда, нысанды түймелер
      Кокарда фоны қара түсті сопақша келген, жиегі бойынша ені 5 мм көк көмкерме және онда алтын түстес зәкір бар. Сопақша емен жапырақтардан жасалған бұтақтармен жиектелген, онда алтындалған бүркіт бейнеленген. Кокарданың мөлшері 5 см х 4 см.
      Нысанды түймелер жиегінде шеңбері бар дөңес нысанды дөңгелекті білдіреді, ортасында зәкірдің бейнесі орналасқан. Түймелердің диаметрі: үлкендері - 22 мм және кішкентайлары - 14 мм.

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация      
министрдің міндетін атқарушының  
2005 жылғы 28 маусымдағы     
N 223-І бұйрығымен бекітілген  

Нысанды киім киіп жүру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нысанды киім киіп жүру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді.

      2. Ереже ішкі су көлігі қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру тәртібін анықтайды.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) ішкі су көлігінің ұйымы - қызметінің негізгі түрі ішкі су көлігімен байланысты заңды тұлға;
      2) кеме капитаны - Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзетін кеме капитаны;
      3) жүзетін құрам - құрамына кеме капитаны, кеменің командалық құрамының басқа да тұлғалары мен кеме командасы кіретін кеме экипажы;
      4) нысанды киім - белгіленген үлгідегі ішкі су көлігі қызметкерлерінің қызметтік бірыңғай формасы.

2. Нысанды киім киіп жүру

      4. Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар ішкі су көлігінің қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесіне сәйкес ішкі су көлігі қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүруі көзделген.

      5. Киім нысанының барлық заттары белгіленген үлгілер мен сипаттамаларға жауап беруі тиіс.

      6. Нысанды киім салтанатты-шығу және күнделікті киюге белгіленеді, ол ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді. Жыл мезгіліне байланысты ішкі су көлігі ұйымының басшысы мен кеме капитандары нысанды киім киіп жүрудің түрлі жиынтығын белгілейді.
      Күнделікті нысанды киім қызметтік міндеттерді орындау кезінде киіледі.
      Күнделікті нысанды киімді кию, егер жүзетін құрам үшін арнайы өндірістік киім белгіленбесе, олар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ғана міндетті.
      Салтанатты-шығу формасы ішкі су көлігі ұйымы басшысының, кеме капитанының қарауы бойынша, сондай-ақ салтанатты жиналыстарда, ресми қабылдауларда және мерекелік күндері киіледі. Осымен бірге, салтанатты-шығу нысанды киімді қызметтен бос уақытта киіп жүруге рұқсат етіледі.

      7. Қысқыдан жазғы және жазғыдан қысқы нысанды киім жиынтығына ауысу ішкі су көлігі ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Нысанды киімнің барлық заттары тазаланған және үтіктелген болуға тиіс. Пальто, пиджак, сыртқы жейде қалталарының клапандары сыртқа шығарылуға тиіс.

      9. Құрметті атақ белгілері және жоғарғы немесе орта оқу орнын бітіргендігі туралы белгілер кеуденің оң жағына тағылады.

      10. Аяқ киім жақсы жағдайда болуға, үнемі тазаланып, бәтеңке мен қысқа бәтеңке ұқыпты байлануға тиіс. Аяқ киім мен шұлықтың түсі нысанды киім түсіне сәйкес келуге тиіс.

      11. Берет қастан үш саусақ жоғары қашықтықта оң жағына қарай түсіріле киіледі.

      12. Құлақшынның екі жағын түсіруге ауаның температурасы минус 10 С о және одан төмен болған кезде рұқсат етіледі.

      13. Нысанды киіммен қамтамасыз ету теңіз көлігі ұйымының есебінен жүргізіледі.

      14. Қызметкер жұмыстан босаған немесе нысанды киім киіп жүру көзделмеген жұмысқа ауысқан кезде, қызметкер жұмыстан босаған кезінде киіп жүру мерзімі өтпеген нысанды киімді ұйымға тапсырады немесе ішкі су көлігі ұйымы басшысының бұйрығы бойынша қалған құны бойынша айырмасын өтейді.

      15. Теңіз көлігінің қызметкерлеріне берілетін нысанды киім мен айырым белгілері ішкі су көлігі ұйымының меншігі болып есептеледі және жұмыстан босатылған кезде қайтарылуға жатады.

      16. Нысанды киімнің сақталуы мен оның сыртқы түріне ішкі су көлігінің қызметкерлері жауапты болады.

      17. Қызметкердің кінәсінен қызметтік бірыңғай нысанды киім жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қызметкер өз есебінен нысанды киімнің жиынтығын немесе жекелеген заттарын сатып алады және оны алынған нысанды киімді киіп жүру мерзімі өткенге дейін пайдаланады.
      Нысанды киім қызметтік міндеттерін орындау кезінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қызметкер оның орнына жаңа нысанды киім алады, ал бүлінгені немесе жоғалғаны белгіленген тәртіппен есептен шығарылуға жатады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Көлік және коммуникация
                                   министрдің міндетін атқарушының
                                        2005 жылғы 28 маусымдағы
                                    N 223-І бұйрығымен бекітілген

              Нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары

Р/с
N

Заттар атауы

Өлшем
бірлігі

Саны 

Киіп жүру
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Ерлердің нысанды киімі




Аға, орта басқарушы және
қатардағы құрамға арналған
салтанатты-шығу костюмі




  китель

дана

1

3 жыл

  шалбар

дана

1

3 жыл

  жейде

дана

1

2 жыл

  галстук

дана

1

2 жыл

  бас киім

дана

1

2 жыл

Ішкі су көлігі ұйымдары
қызметкерлерінің және жүзу
құрамының күнделікті кocтюмі




  китель

дана

1

3 жыл

  шалбар

дана

1

3 жыл

  жейде

дана

1

2 жыл

  галстук

дана

1

2 жыл

  бас киім

дана

1

2 жыл

Күнделікті күртеше

дана

1

3 жыл

Плащ-пальто

дана

1

3 жыл

Қысқы пальто

дана

1

3 жыл

Дауылда киетін күртеше

дана

1

3 жыл

2.

Әйелдердің нысанды киімі




Аға, орта басқарушы және
қатардағы құрамға арналған
салтанатты-шығу костюмі




  китель

дана

1

3 жыл

  юбка

дана

1

3 жыл

  ұзын жеңді жейде

дана

1

2 жыл

  берет

дана

1

2 жыл

  "бабочка" үлгісіндегі галстук

дана

1

2 жыл

Басқарушы құрамның және
қызметкерлердің күнделікті
кocтюмі китель




  юбка

дана

1

3 жыл

  жейде

дана

1

2 жыл

  галстук

дана

1

2 жыл

  бас киім

дана

1

2 жыл

Плащ

дана

1

3 жыл

Қысқы пальто

дана

1

3 жыл

Қысқы күртеше

дана

1

3 жыл

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация      
министрдің міндетін атқарушының  
2005 жылғы 28 маусымдағы     
N 223-І бұйрығымен бекітілген  

Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар ішкі
су көлігінің қызметкерлері лауазымдарының
(кәсіптерінің) тізбесі 1. Ішкі су көлігі ұйымдарының қызметкерлері

      1. Аға басшы құрам
      1) Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары - 12-санат; 
      2) Ішкі су көлігі ұйымдары басшыларының орынбасарлары - 11-санат;
      3) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 10-санат; 
      4) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары - 9-санат;
      5) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері бөлімдерінің, басқару аппараттарының бас, негізгі, жетекші мамандары, бастықтары мен олардың орынбасарлары - 8-санат;
      6) Флотты пайдалануға, кеме қатынасының қаупсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысы бар ішкі су көлігі ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері бөлімдерінің, басқару аппараттарының бас, негізгі, жетекші мамандары, бастықтары мен олардың орынбасарлары - 7-санат.

2. Жүзетін құрам

      2. Аға басшылық құрам:
      1) Капитан;
      2) Капитанның аға көмекшісі;
      3) Аға механик;
      4) Командир;
      5) Механик;
      6) Командирдің 1-ші көмекшісі;
      7) Шлюз вахтасының аға бастығы;
      8) Шлюз вахтасының бастығы.

      3. Орташа басшылық құрам:
      1) Капитанның 2-ші көмекшісі;
      2) 2-ші механик;
      3) Механик көмекшісі;
      4) Капитан көмекшісі;
      5) Командирдің 2-ші көмекшісі;
      6) Электр механигі;
      7) Радио маманы;
      8) Капитанның 3-ші көмекшісі;
      9) 3-ші механик;
      10) Аға электрик;
      11) Шаруашылық жөнінде капитанның көмекшісі;
      12) 4-ші механик;
      13) Боцман;
      14) Шкипер;
      15) Штурман;
      16) Сағалық партияның инженерлік-техникалық персоналы.

      4. Қатардағы құрам:
      1) Аға аспазшы;
      2) Машина бөлімінің қоймашысы;
      3) Электрик;
      4) 1-класты матрос;
      5) 1-класты моторшы;
      6) 2-класты моторшы;
      7) Буфетші;
      8) 2-ші аспазшы;
      9) 2-класты матрос;
      10) Радио операторы;
      11) Моторшы-рульдеуші;
      12) Шығыршы-моторшы;
      13) Моторшы-матрос;
      14) Аға кеме өткізуші;
      15) Кеме өткізуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады