Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 68 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3746. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсынуды ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2639 тіркелген, 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында жарияланған); Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161  қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3290 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен қоса мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

      1-тармақтың сегізінші абзацындағы "31 наурызға" және "15 сәуірге" деген сөздер "15 мамырға" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      2-тармақта:
      3) тармақшадағы "1 мамырға" деген сөздер "15 маусымға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "15 мамырға" деген сөздер "1 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, ал оның күші 2005 жылғы 31 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
 

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      нарығы мен қаржы ұйымдарын
      реттеу және қадағалау агенттігінің
      Төрағасының міндетін атқарушы
      2005 жылғы 1 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады