Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.27 № 252 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 8 сәуiрдегi N 82-ө өкiмiн iске асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi өкiлдерiмен 2005 жылғы 15 маусымдағы жұмыс кездесуiндегi хаттама шешiмiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiнде электрбайланысы қызметiн көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 20 қарашадағы
N 242 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 700 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiсiнiң өзара байланысуына қызметтiк электр байланысын ұсыну ережесiнде:
ескертудегi 6 тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген бұйрықтағы 1 қосымшада ескертудегi 3 тармақ алынып тасталсын.
2. Байланыс саласындағы Мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi.
Төраға