Қор биржасына мүшелік үшін шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына қойылатын талаптар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 360 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3916.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қор биржасының мүшелері мына көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкес келетін:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;

      1) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін қор биржаларының мүшелері болып табылатын;

      2) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға резидент елдің уәкілетті органының сәйкес лицензиясы бар шетелдік заңды тұлғалар бола алатындығы белгіленсін. Қор биржасындағы сауда-саттыққа көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардың брокерлік және (немесе) дилерлік қызметке қадағалау жасау саласындағы уәкілетті органдар арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімдер болған кезде ғана мүмкін болады;

      3) бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойылған, клирингтік қызметті жүзеге асыруға резиденттік елінің уәкілетті органының тиісті лицензиялары бар шетелдік заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері бола алатындығы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады