"Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 30 қарашадағы N 535 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3972. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 635 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2002 жылғы 2 қазандағы N 1991 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 2108, 2109, 2110 нөмірлерімен тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 895, 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 902, 903, тиісінше Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылдың 3 сәуірде N 2226 тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 6 маусымдағы N 2353 тіркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы N 210, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы 26 маусымдағы N 2380 тіркелген 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2003 жылғы  14 қарашадағы N 2559 тіркелген 2003 жылғы 21 қазандағы N 404, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 12 шілдедегі N 2945 тіркелген 2004 жылғы 24 маусымдағы N 312, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 8 қарашадағы N 3199 тіркелген 2004 жылғы 21 қазандағы N 532, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2004 жылғы 19 қарашадағы N 3209 тіркелген 2004 жылғы 12 қарашадағы N 579, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 6 қаңтардағы N 3324 тіркелген 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 667, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 17 ақпандағы N 3446 тіркелген 2005 жылғы 2 ақпандағы N 38, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2005 жылғы 1 тамыздағы N 3763 тіркелген 2005 жылғы 29 маусымдағы N 286 бұйрықтарымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 91-тармақпен толықтырылсын:
      "91. IBSO Банк Ақпараттық кешені (нұсқа 5.5)".
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады