Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3989. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
 

      аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаты үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.";
 

      1-қосымшада:
      Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесінде:
 

      "Баптар атауы" бағанында:
      реттік нөмірі 58 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктеріне және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 62 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерінде және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 63 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерін және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 68 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерімен және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 80 жол, "резидент емес ұйымдарға" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктеріне берілген заемдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 83 жол, "резидент емес ұйымдардағы" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктеріндегі салымдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 84 жол, "резидент емес ұйымдардың" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктерінің дебиторлық берешегінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      реттік нөмірі 88 жол, "резидент емес ұйымдар" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктері шығарғандардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
 

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады