Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 564 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4015. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 601 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.23 N 601 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесі бекітілсін.
      2. "Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау жөніндегі комитет Төрағасының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 190-1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 23 тамыздағы N 873 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Фармация комитетінің Төрағасы

       2005 жыл 26 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Салық комитеті Төрағасының 
2005 жылғы 14 желтоқсандағы 
N 564 бұйрығымен бекітілген 

Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік
медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және
акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелер тұтынатын этил спиртіне квота этил спиртінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды.

      3. Этил спиртін өндірушілер фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге (бұдан әрі - алушылар) этил спиртін мемлекеттік өкілетті органның рұқсаты негізінде өткізеді.
      Алушылар тізбесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен бекітіледі.

      4. Осы Ережедегі рұқсат ету деп этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі - жеткізуші) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, акциз төлемінсіз этил спиртін сатуға құқық (бұдан әрі - Рұқсат) беретін актіні айтады.

      5. Рұқсатты өкілетті орган  көлемін көрсете отырып, бір жылдан артық емес мерзімге әрбір алушының этил спиртіне қажеттілігін растайтын бекітілген тізбе негізінде береді.

      6. Рұқсат көшірмесі берілгеннен кейін он күн ішінде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына жіберіледі

2. Алушылардың акциз төлемінсіз этил спиртін
пайдаланатын және өткізетін көлемін квоталау
процесін жүзеге асыру

      7. Этил спиртін тұтыну көлемдерінің квотасын анықтау алушылардың тоқсандыққа шаққандағы келесі жылға белгіленетін этил спиртін тұтыну көлемдері туралы өтінімдерінің (бұдан ірі - өтінім) негізінде жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган жыл сайын мекен-жайын көрсете отырып жеткізушілердің тізбесін ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына ұсынады.

      9. Алушылар негізделген есептерімен бірге (қолданылатын технологиясын ескеретін нормалар бойынша) өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдарына табыс етеді.

      10. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдары келесі жылы алушылардың этил спиртін тұтыну көлемдері бойынша негізделген есептерімен жиынтық өтінімдерді әрбір алушыға шағып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қарашасынан қалдырмай денсаулық сақтау саласының уәкілетті органға табыс етеді.

      11. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы квота бөлу үшін келесі жылға алушылардың (облыстар бойынша шағып) этил спиртін тұтынуының жалпы жылдық көлемін жыл сайын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға береді.

      12. Жеткізушілер акциз төлемінсіз этил спиртін алушыларға өткізу уәкілетті органмен берілген Рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      13. Қосымша квоталау денсаулық сақтау саласының уәкілетті органның ынтасы бойынша өндірілетін өнімнің мөлшерін ұлғайған жағдайда жаңа фармацевтік препараттарды өндіруге, сондай-ақ қосымша медициналық қызмет көрсетуге қажетті этил спиртін акциз төлемінсіз өткізу үшін Рұқсат алу мақсатында жүргізілуі мүмкін.

      14. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квота оның келесі жылы пайдаланылуына негіз бола алмайды.

      15. Жеткізушінің лицензиясы кері қайтарылған, қызметін тоқтатқан, қайта құрылған немесе таратылған жағдайда, уәкілетті орган денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен келісім бойынша алушыны басқа жеткізушіге жолдайды.

3. Рұқсаттың әрекетін тоқтату шарттары

      16. Спиртті босату Рұқсатының күші мынадай жағдайда тоқтатылады:
      1) Рұқсат берілген мерзім біткенде;
      2) Рұқсатқа сәйкес сатып алынған этил спиртінің толық көлемі пайдаланылғанда;
      3) алушының Рұқсатын сотпен айыру;
      4) ұйымдастыру-құқықтық түрінің өзгеруін қоспағанда, алушының қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру немесе тарату.

      17. Рұқсатты алып қою мынадай жағдайларда:
      1) этил спиртін мақсатсыз пайдалану денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен анықталған жағдайда;
      2) алушы денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Этил спиртін мақсатты тұтынуға бақылау жасау

      18. Акциз төлемінсіз этил спиртін өткізуге бақылауды тікелей уәкілетті орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      19. Алушылардың этил спиртін мақсатты тұтынуына бақылауды денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы жүзеге асырады.

      20. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушылардың этил спиртін тұтынуы туралы уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
      Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей беріледі.

5. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауаптылық

      21. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылыққа тартылады.

                                      Фармацевтикалық кәсіпорындар
                                      мен мемлекеттік медициналық
                                        мекемелерде этил спиртін
                                    пайдалану және акциз төлемінсіз
                                       өткізу көлемін квоталау
                                         Ережелеріне 1-қосымша

    200_ ж.____ этил спиртін емдік және фармацевтикалық
    препараттарды дайындау үшін және медициналық қызмет
         көрсету үшін пайдаланатын фармацевтикалық
    кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелер
                   Тізбесінің нысаны

N р/с

Алушы-
ның
атауы

Ме-
кен
жайы
(ор-
нала-
лас-
қан
орны)

200__ жылға этил спиртін талап ету көлемі, литр

Бар-
лығы

I
тоқсан

II
тоқсан

III тоқ-
сан

IV
тоқсан

1.








2.








...








                                       Фармацевтикалық кәсіпорындар
                                      мен мемлекеттік медициналық
                                        мекемелерде этил спиртін
                                    пайдалану және акциз төлемінсіз
                                       өткізу көлемін квоталау
                                         Ережелеріне 2-қосымша

                   Этил спиртін босатуға

                  N ________ рұқсат ету нысаны

Астана қ.                                  200_ ж. "___"»__________
___________________________________________________________________
                     (этил спиртін өндірушінің атауы)
___________________________________________________________________
                    (заңды мекен-жайы, тұратын жері)

қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласының мемлекеттік
уәкілетті органымен бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік
медициналық мекемелер мен фармацевтік кәсіпорындарға медициналық
қызмет пен қызмет көрсетуді 200___ ж., іске асыру үшін акциз
төлемінсіз этил спиртін _______________ литр көлемінде өткізуге
рұқсат етіледі.

Рұқсат мерзімі ____________________________________________________
               (белгіленген күнге дейін немесе белгіленген көлемін
                            пайдаланғанға дейін)

____________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)                  Уәкілетті органның М.О.

                                      Фармацевтикалық кәсіпорындар
                                      мен мемлекеттік медициналық
                                        мекемелерде этил спиртін
                                    пайдалану және акциз төлемінсіз
                                       өткізу көлемін квоталау
                                         Ережелеріне 3-қосымша

           Қазақстан Республикасының фармацевтикалық
    кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің
       200__ жылдың ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну
                   туралы есебінің нысаны

N п/п

Алушының
атауы

Есепті жылға
белгіленген
квота, литр
сусыз (жүз
пайыз) спирт

Есепті тоқсан
үшін этил спир-
тінің нақты
алынғаны, (өсу
қорытындысымен)
литр, сусыз (жүз
пайыз) спирт

Есепті тоқ-
сан үшін
этил спирті-
нің нақты
қалғаны
литр, сусыз
(жүз пайыз)
спирт

1

2

3

4

5

1.





2.





...





Барлығы




__________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)      Денсаулық сақтау саласының
                                 уәкілетті органының М.О.

Об утверждении Правил квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями

Приказ Председателя Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан от 14 декабря 2005 года N 564. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2006 года N 4015. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2008 года N 601

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 23.12.2008 N 601 (порядок введения в действие см. п. 4 ).

     В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 259 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 1) пункта 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" ПРИКАЗЫВАЮ :

     1. Утвердить прилагаемые Правила квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями.

     2. Признать утратившим силу приказ Председателя Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 19 июля 1999 года N 190-1 "Об утверждении Правил квотирования объемов потребления этилового спирта фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 873 от 23 августа 1999 года).

     3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель

     СОГЛАСОВАН
     Председатель Комитета фармации
     Министерства здравоохранения
     Республики Казахстан
     20 декабря 2005 года

     Утвержден             
   приказом Председателя        
налогового Комитета         
Министерства финансов        
Республики Казахстан        
              от 14 декабря 2005 N 564        

Правила
квотирования объемов потребления и реализации этилового спирта
без уплаты акцизов фармацевтическими предприятиями и
государственными медицинскими учреждениями 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" и Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции".

     2. Квота на этиловый спирт определяется уполномоченным государственным органом по контролю за производством и оборотом этилового спирта (далее - уполномоченный орган), отпускаемая фармацевтическим предприятиям и государственным медицинским учреждениям.

     3. Производители этилового спирта реализуют этиловый спирт фармацевтическим предприятиям и государственным медицинским учреждениям (далее - получатели) на основании разрешения уполномоченного органа.
     Перечень получателей утверждается уполномоченным органом в области здравоохранения по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

     4. Под разрешением в настоящих Правилах понимается акт, предоставляющий производителям этилового спирта (далее - поставщики) право на реализацию этилового спирта без уплаты акциза получателям по форме согласно приложению 2 (далее - Разрешение) к настоящим Правилам.

     5. Разрешение выдается уполномоченным органом на основании утвержденного перечня, подтверждающего потребность каждого получателя в этиловом спирте с указанием объема, на срок не более одного года.

     6. Копии разрешения в течение десяти дней после выдачи направляются в уполномоченный орган в области здравоохранения.

2. Осуществление процесса квотирования объемов
потребления и реализации этилового спирта без уплаты
акциза получателями

     7. Квотирование объемов потребления этилового спирта осуществляется на основании заявок получателей (далее - заявки) о намечаемых в следующем году объемах потребления этилового спирта с разбивкой по кварталам.

     8. Уполномоченный орган ежегодно не позднее 1 августа текущего года представляет в уполномоченный орган в области здравоохранения список поставщиков с указанием их местонахождения.

     9. Заявки с обоснованными расчетами (по нормам, учитывающим применяемые технологии) представляются получателями до 1 октября текущего года в территориальные органы уполномоченного органа в области здравоохранения.

     10. Территориальные органы уполномоченного органа в области здравоохранения представляют ежегодно не позднее 1 ноября текущего года в уполномоченный орган в области здравоохранения сводные заявки с обоснованными расчетами по объемам потребления получателями этилового спирта в следующем году в разрезе на каждого получателя.

     11. Уполномоченный орган в области здравоохранения для выделения квот ежегодно не позднее 1 декабря текущего года представляет в уполномоченный орган общий годовой объем потребления получателями (с разбивкой по областям) этилового спирта на следующий год.

     12. Реализация этилового спирта без уплаты акциза получателям осуществляется поставщиками на основании Разрешения, выдаваемого уполномоченным органом.

     13. Дополнительное квотирование может проводиться с целью получения Разрешения для реализации этилового спирта без уплаты акциза, необходимого для производства новых лекарственных средств, в случае увеличения количества производимой продукции, а также для оказания дополнительных медицинских услуг по заявке уполномоченного органа в области здравоохранения.

     14. Неиспользованная квота текущего года не является основанием для ее использования в следующем году.

     15. В случае отзыва лицензии, приостановления деятельности, реорганизации или ликвидации поставщика, уполномоченный орган проводит переадресацию получателя на другого поставщика по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения.

3. Условия прекращения действия Разрешения

     16. Действие Разрешения на реализацию этилового спирта прекращается при условии:
     1) истечения срока, на который выдано Разрешение;
     2) использование в полном объеме этилового спирта, приобретенного в соответствии с Разрешением;
     3) лишения судом Разрешения получателя;
     4) прекращение деятельности, реорганизации или ликвидации получателя, за исключением изменения организационно-правовой формы.

     17. Лишение Разрешения осуществляется в случаях:
     1) выявления уполномоченным органом в области здравоохранения нецелевого использования этилового спирта;
     2) предоставление получателем заведомо ложной информации в уполномоченный орган в области здравоохранения;
     3) иных случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

4. Контроль за целевым использованием этилового спирта

      18. Контроль за реализацией этилового спирта без уплаты акциза поставщиками осуществляет непосредственно уполномоченный орган и его территориальные органы.

     19. Контроль за целевым использованием этилового спирта получателями осуществляет уполномоченный орган в области здравоохранения.

     20. Уполномоченный орган в области здравоохранения представляет в уполномоченный орган ежеквартальный отчет об использовании этилового спирта получателями по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
     Отчеты представляются в срок не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным периодом.

5. Ответственность за нарушение настоящих правил.

      21. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность установленную законодательством Республики Казахстан.

     Приложение 1
к Правилам квотирования объемов
потребления и реализации этилового спирта
без уплаты акцизов фармацевтическими
предприятиями и государственными
     медицинскими учреждениями

Форма перечня
фармацевтических предприятий и государственных медицинских учреждений,
использующих этиловый спирт для изготовления лекарственных и
фармацевтических препаратов и оказания медицинских услуг
на 200_ г.


N
п/п

Наиме-
нова-
ние
полу-
чателя

Адрес
(место-
нахож-
дение)

Требуемый объем этилового спирта на 200__год, литров

Все-го

I
квар-
тал

II
квар-
тал

III
квар-
тал

IV
квар-тал

1.








2.








....








     Приложение 2
к Правилам квотирования объемов
     потребления и реализации этилового спирта
без уплаты акцизов фармацевтическими
предприятиями и государственными
медицинскими учреждениями

Форма разрешения N ____
на отпуск этилового спирта

г. Астана                                         " ___ " ___________ 200_ г.

______________________________________________________________________
          (наименование производителя этилового спирта)
______________________________________________________________________
            (юридический адрес, местонахождение)
разрешается реализация этилового спирта без уплаты акциза в объеме ______ литров, для осуществления медицинской деятельности и услуг в 200_ г., фармацевтическими предприятиями и государственными медицинскими учреждениями, согласно прилагаемому перечню, утвержденному уполномоченным государственным органом в области здравоохранения.

Разрешение действительно ______________________________________________
      (до определенной даты, либо до потребления определенного объема)

____________________________
(Должность, Ф.И.О., подпись)

                                                   М.П. Уполномоченного органа

     Приложение 3
к Правилам квотирования объемов
потребления и реализации этилового спирта
без уплаты акцизов фармацевтическими
предприятиями и государственными
медицинскими учреждениями

Форма отчета
об использовании этилового спирта фармацевтическими предприятиями и
государственными медицинскими учреждениями Республики Казахстан
за ________ квартал 200_года

N
п/п

Наиме-
нова-
ние полу-
чателя

Устано-
вленная
квота за
отчетный
год, литр
безводного(стопро-
центного)
спирта

Фактичес-
кое получение этилового спирта за отчетный квартал
(с нарас-
тающим итогом) литр, безводного(стопро-
центного) спирта

Факти-
ческий остаток этилового спирта за отчетный квартал, литр, безводно-го (стопро-
центного) спирта

1

2

3

4

5

1.





2.





...





Итого




__________________________
(Должность, Ф.И.О., подпись)

                                                   М.П. уполномоченного органа в
                                                      области здравоохранения