Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.23 N 601 Бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 259-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесі бекітілсін.
2. "Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау жөніндегі комитет Төрағасының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 190-1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 23 тамыздағы N 873 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетінің Төрағасы
2005 жыл 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 14 желтоқсандағы
N 564 бұйрығымен бекітілген
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік
медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және
акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелер тұтынатын этил спиртіне квота этил спиртінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша мемлекеттік уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды.
3. Этил спиртін өндірушілер фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерге (бұдан әрі - алушылар) этил спиртін мемлекеттік өкілетті органның рұқсаты негізінде өткізеді.
Алушылар тізбесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен бекітіледі.
4. Осы Ережедегі рұқсат ету деп этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі - жеткізуші) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, акциз төлемінсіз этил спиртін сатуға құқық (бұдан әрі - Рұқсат) беретін актіні айтады.
5. Рұқсатты өкілетті орган көлемін көрсете отырып, бір жылдан артық емес мерзімге әрбір алушының этил спиртіне қажеттілігін растайтын бекітілген тізбе негізінде береді.
6. Рұқсат көшірмесі берілгеннен кейін он күн ішінде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына жіберіледі
2. Алушылардың акциз төлемінсіз этил спиртін
пайдаланатын және өткізетін көлемін квоталау
процесін жүзеге асыру
7. Этил спиртін тұтыну көлемдерінің квотасын анықтау алушылардың тоқсандыққа шаққандағы келесі жылға белгіленетін этил спиртін тұтыну көлемдері туралы өтінімдерінің (бұдан ірі - өтінім) негізінде жүзеге асырылады.
8. Уәкілетті орган жыл сайын мекен-жайын көрсете отырып жеткізушілердің тізбесін ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына ұсынады.
9. Алушылар негізделген есептерімен бірге (қолданылатын технологиясын ескеретін нормалар бойынша) өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдарына табыс етеді.
10. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органының аумақтық органдары келесі жылы алушылардың этил спиртін тұтыну көлемдері бойынша негізделген есептерімен жиынтық өтінімдерді әрбір алушыға шағып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қарашасынан қалдырмай денсаулық сақтау саласының уәкілетті органға табыс етеді.
11. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы квота бөлу үшін келесі жылға алушылардың (облыстар бойынша шағып) этил спиртін тұтынуының жалпы жылдық көлемін жыл сайын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
12. Жеткізушілер акциз төлемінсіз этил спиртін алушыларға өткізу уәкілетті органмен берілген Рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
13. Қосымша квоталау денсаулық сақтау саласының уәкілетті органның ынтасы бойынша өндірілетін өнімнің мөлшерін ұлғайған жағдайда жаңа фармацевтік препараттарды өндіруге, сондай-ақ қосымша медициналық қызмет көрсетуге қажетті этил спиртін акциз төлемінсіз өткізу үшін Рұқсат алу мақсатында жүргізілуі мүмкін.
14. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квота оның келесі жылы пайдаланылуына негіз бола алмайды.
15. Жеткізушінің лицензиясы кері қайтарылған, қызметін тоқтатқан, қайта құрылған немесе таратылған жағдайда, уәкілетті орган денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен келісім бойынша алушыны басқа жеткізушіге жолдайды.
3. Рұқсаттың әрекетін тоқтату шарттары
16. Спиртті босату Рұқсатының күші мынадай жағдайда тоқтатылады:
1) Рұқсат берілген мерзім біткенде;
2) Рұқсатқа сәйкес сатып алынған этил спиртінің толық көлемі пайдаланылғанда;
3) алушының Рұқсатын сотпен айыру;
4) ұйымдастыру-құқықтық түрінің өзгеруін қоспағанда, алушының қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру немесе тарату.
17. Рұқсатты алып қою мынадай жағдайларда:
1) этил спиртін мақсатсыз пайдалану денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен анықталған жағдайда;
2) алушы денсаулық сақтау саласының уәкілетті органына көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
4. Этил спиртін мақсатты тұтынуға бақылау жасау
18. Акциз төлемінсіз этил спиртін өткізуге бақылауды тікелей уәкілетті орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
19. Алушылардың этил спиртін мақсатты тұтынуына бақылауды денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы жүзеге асырады.
20. Денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушылардың этил спиртін тұтынуы туралы уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді.
Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей беріледі.
5. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауаптылық
21. Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылыққа тартылады.
Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
Ережелеріне 1-қосымша
200_ ж.____ этил спиртін емдік және фармацевтикалық
препараттарды дайындау үшін және медициналық қызмет
көрсету үшін пайдаланатын фармацевтикалық
кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелер
Тізбесінің нысаны
N р/с |
Алушы- |
Ме- |
200__ жылға этил спиртін талап ету көлемі, литр |
||||
Бар- |
I |
II |
III тоқ- |
IV |
|||
1. |
|||||||
2. |
|||||||
... |
Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
Ережелеріне 2-қосымша
Этил спиртін босатуға
N ________ рұқсат ету нысаны
Астана қ. 200_ ж. "___"»__________
___________________________________________________________________
(этил спиртін өндірушінің атауы)
___________________________________________________________________
(заңды мекен-жайы, тұратын жері)
қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласының мемлекеттік
уәкілетті органымен бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік
медициналық мекемелер мен фармацевтік кәсіпорындарға медициналық
қызмет пен қызмет көрсетуді 200___ ж., іске асыру үшін акциз
төлемінсіз этил спиртін _______________ литр көлемінде өткізуге
рұқсат етіледі.
Рұқсат мерзімі ____________________________________________________
(белгіленген күнге дейін немесе белгіленген көлемін
пайдаланғанға дейін)
____________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы) Уәкілетті органның М.О.
Фармацевтикалық кәсіпорындар
мен мемлекеттік медициналық
мекемелерде этил спиртін
пайдалану және акциз төлемінсіз
өткізу көлемін квоталау
Ережелеріне 3-қосымша
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық
кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің
200__ жылдың ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну
туралы есебінің нысаны
N п/п |
Алушының |
Есепті жылға |
Есепті тоқсан |
Есепті тоқ- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
||||
2. |
||||
... |
||||
Барлығы |
__________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы) Денсаулық сақтау саласының
уәкілетті органының М.О.