Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану көлемін квоталау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 19 шілде N 190-1 Бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 873

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 564 бұйрығымен.

-----------------------------      

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 38  қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетiн құру туралы және 1998 жылғы 26 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға арналған акциз ставкалары туралы N 608  қаулысына сәйкес, фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдаланылуын қатаң бақылауға алу мақсатында бұйырамын: 
      1. Қоса берiлiп отырған фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану көлемiн квоталау Ережесi бекiтiлсiн. 
      2. Нормативтiк реттеу бөлiмi (Лепесбаев А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өтiлуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау - бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы Р.Алдашевқа жүктелсiн. 
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Төраға 

                                          "Бекітілген"
                                 Қазақстан Республикасы мемлекеттік
                                  кіріс  министрлігінің  Алкоголь
                                 өнімін өндіру және оның айналымын 
                                    мемлекеттік  бақылау жөніндегі
                                          Комитет Төрағасының
                                   19.07.1999 жылғы  190-1 бұйрығы 

Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк
медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдалану
көлемiн квоталау
Ережесі  1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi туралы ережесi және 1998 жылғы 26 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларға акциздердiң ставкалары туралы N 608 қаулысына сәйкес, фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде этил спиртiн пайдаланылу көлемiн квоталауды жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi. 
      2. Квота Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерде акциз төлемiнсiз пайдаланатын этил спиртiнiң жылдық көлемiн айқындайды. 
      3. Этил спиртiн өндiрушiлер спирттi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң (ары қарай комитет) этил спиртiн емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындауға пайдаланатын және медициналық қызмет көрсететiн фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлген рұқсат негiзiнде ғана босатуға құқылы. 
      4. Осы Ережедегi рұқсат ету деп, акциз төлемiнсiз медициналық мақсаттарда пайдаланатын этил спиртiн өндiрушi-кәсiпорынға спирттi босатуға құқық беретiн заң орнатушы актiнi айтады. 
      5. Рұқсат Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, бiлiм беру және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi (ары қарай - Денсаулық сақтау комитетi) бекiткен, келiсiлген тiзбеге сәйкес акциз төлемiнсiз босататын этил спиртiн өндiретiн отандық өндiрушiлерге берiледi. 
      6. Рұқсат бiр жылдан артық емес мерзiмге берiледi. 
      7. Осы Ереже этил спиртiн сақтауға және сатуға берiлетiн лицензияға қатысты қатынастарды реттемейдi. 

2. Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындары
мен мемлекеттiк медициналық мекемелерiнде акциз төлемiнсiз
пайдаланатын этил спиртiнiң көлемiн квоталау процесiн
жүзеге асыру 

      8. Этил спиртiн тұтыну көлемдерiнiң квотасын анықтау фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелердiң тоқсандыққа шаққандағы келесi жылға белгiленетiн этил спиртiн тұтыну көлемдерi туралы өтiнiмдерiнің негiзiнде жүзеге асырылады. 
      9. Комитет жыл сайын мекен-жайын көрсете отырып этил спиртiн өндiрушiлердiң (жеткiзушiлердiң) тiзбесiн 1 ақпанға дейiн Денсаулық сақтау комитетiне жiбередi. 
      10. Қажеттi негiзделген есептерiмен (қолданылатын технология ескiрiлген нормалар бойынша) этил спиртiн алу-сату шарты және қажеттi құжаттардың тiзбесi үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Денсаулық сақтау комитетiнiң аумақтық органдарына табыс етiледi. Этил спиртiнiң резервiн жасауға жол берiлмейдi. 
      11. Денсаулық сақтау комитетiнiң аумақтық органдары келесi жылы этил спиртiн тұтыну көлемдерi (қажеттi және негiзделген есептерiмен) бойынша жиынтық өтiнiмдердi әрбiр тұтынушыға шағып, әр жылдың 1 тамызынан қалдырмай Денсаулық сақтау комитетiне табыс етедi. 
      12. Денсаулық сақтау комитетi квота бөлу үшiн деректердiң негiзiнде республика бойынша фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелердiң (облыстар бойынша шағып) этил спиртiн тұтынудың жалпы жылдық көлемiн анықтап және жыл сайын 1 қыркүйегiнен қалдырмай оларды Комитетке табыс етедi. 
      13. Қосымша квота алу Денсаулық сақтау комитетiнiң ынтасы бойынша өндiрiсте қолданылатын емдiк препараттардың жаңа түрлерiн немесе қосымша медициналық қызмет көрсетуге акциз төлемiнсiз спирттi босатуға рұқсат алу мақсатында жүргiзiлуi мүмкiн.
      14. Өтiп жатқан жылдың пайдаланылмаған үлесi оның келесi жылы пайдаланылуына негiз бола алады.     

3. Акциз төлемiнсiз этил спиртiн босатуға
рұқсат беру комиссиясы

      15. Комитет рұқсаттар беру жөнiнде шешiмдер қабылдау үшiн өз қызметкерлерінің, ал қажет болған жағдайда басқа да мүдделi ұйымдардың қызметкерлерi санынан комиссия құрады.
      16. Комитетiнің төрағасы немесе ол уәкiлдiк берген адам комиссия төрағасы болып табылады.
      17. Комиссия:
      1) рұқсаттағы этил спиртінің тұтыну көлемiн анықтайды;
      2) өз құзiреттi шегiнде өз жұмысының регламентiн дербес белгiлейдi;
      3) Денсаулық сақтау комитетi бекiткен тұтынушылардың қосымшаға сәйкес тiзбесi негiзiнде (2-қосымша) акциз төлемiнсiз этил спиртiн тұтынатын өндiрушiлерге рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды.
      18. Медициналық мақсаттағы этил спиртi сенiмдi заңды (жеке) тұлғаға сенiмхаты және босатуға рұқсаты болған жағдайда ғана берiледi.
      19. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелерi қол қойып, комиссияның төрағасы бекiтедi.
      20. Рұқсатқа комиссия төрағасы қол қояды.
      21. Рұқсатты беру және берiлген рұқсаттарды реестрлеудi Комитеттiң бақылау және лицензиялау басқармасы жүзеге асырады.

4. Рұқсаттың әрекетiн тоқтату

      22. Спирттi босату рұқсатының күшi мынадай жағдайда тоқтатылады:
      1) рұқсат етiлген мерзiм бiткенде;
      2) рұқсат етiлген спирттiң толық көлемi пайдаланылғанда;
      3) фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер жойылғанда немесе қайта құрылғанда.
      23. Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер қайта құрылғанда ( қосылғанда, бiрiккенде, бөлiнгенде, жеке шыққанда, өзгергенде, атауы өзгергенде) бұрын берiлген рұқсат өзiнiң күшiн жояды. Фармацевтiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк медициналық мекемелер қайта құрылған немесе қайта тiркелген рұқсатты қайта ресiмдеу үшiн Денсаулық сақтау басқармаларының облыстық органдары этил спиртiнiң квотасын қайта есептеу мақсатында Денсаулық сақтау комитетiне хабарлайды және Комитетке рұқсат алу үшiн ұсынады.     

5. Спирттi мақсатты тұтынуға бақылау жасау

      24. Акциз төлемiнсiз этил спиртiн босататын өндiрушi-кәсiпорындарды бақылауды Денсаулық сақтау комитетi және оның аумақтық органдары тiкелей жүзеге асырады.
      25. Емдiк және медициналық препараттар өндiрiсiнде этил спиртiн мақсатты тұтынуға бақылауды Денсаулық сақтау комитетi жүзеге асырады.
      26. Қазақстан Республикасының фармацевтiк кәсiпорындары мен мемлекеттiк медициналық мекемелерiнiң этил спиртiн тұтынулары туралы Денсаулық сақтау комитетi Комитетке тоқсан сайын есеп бередi (3-қосымша).
      Есептер есеп беретiн кезеңнен кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрiлмей берiледi.
      27. Ұсынылған есептердегi мәлiметтердiң дұрыстығына жауапкершiлiк Денсаулық сақтау комитетiне жүктеледi.
      28.Тиiстi рұқсатсыз этил спиртiн пайдаланғаны немесе осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн белгiленген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.     

6. Өзгерiстер мен толықтырулар

      29. Осы Тәртiпке өзгерiстер мен толықтыруларды Денсаулық сақтау комитетiмен келiсе отырып, комитеттiң Төрағасы бекiтедi.

                                        N 1 қосымша

                      Этил спиртін босатуға     

                      N ________ Рұқсат ету

          Астана қаласы                          "___" _________ 199__ ж.     

     Комиссия шешіміне сәйкес, "__" _____________ 1999 жылғы N ___ хаттама негізінде___________________________________________________
                    (этил спиртін өндіруші-мекеменің атауы)
____________________________________________________________________                  (заңды мекен-жайы, тұратын жері)

     Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті бекіткен, келісілген тізбеге сәйкес медициналық қызмет пен қызмет көрсетуді 199___ ж., іске асыратын мемлекеттік медициналық мекемелер мен фармацевтік кәсіпорындарда акциз төлемінсіз этил спиртін _______________ дал, көлемде босатуға рұқсат береді.
     Рұқсаттың мерзімі     ____________________________________________________________________
(белгіленген күнге дейін немесе белгілі көлемін пайдаланғанға дейін)
                                     _______________________________
                                       (қызметі, аты-жөні, қолы)

                                            Комитеттің М.О.
                                         "___" _______ 199____ ж.
                                                рұқсат етуге
                                               N ____ қосымша

    "Келісілген"                             "Бекітілген"
     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
     мемлекеттік кіріс министрлігі      денсаулық сақтау, білім беру
    Алкоголь өнімін өндіру және оның      және спорт министрлігінің
     айналымын мемлекеттік бақылау      денсаулық сақтау Комитетінің
    жөніндегі Комитетінің комиссия
            мәжілісінің

     "__" __ 1999 жылғы N__ хаттамасы    "__"___ 1999 жылғы бұйрығы

          199 ____ ж. ________________________________________
                      (этил спиртін өндіруші мекеменің атауы)
            акциз төлемінсіз этил спиртін пайдалануға құқылы
             фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік
                      медициналық мекемелердің
                               Тізбесі


   ________________________________________________________________________
N№ !   Мекеменің атауы      !Тұрағы !1999 жылы спиртті талап ету көлемі,
р/н!                        !(мекен-!              литр  
   !                        !жайы)  !__________________________________
   !                        !       !Барлы!1 тоқ-!2 тоқ- !3 тоқсан!4 тоқ-
   !                        !       !ғы   ! сан  !  сан  !   тал  !  сан
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______
___!________________________!_______!_____!______!_______!________!______

                                                          N 3-қосымша

           Қазақстан Республикасының фармацевтік кәсіпорындары
        мен мемлекеттік медициналық мекемелерінің 199__ жылдың
               ____ тоқсанында этил спиртін тұтыну туралы
                                 Есебі

                     ______________________________________________________________________
Рет!    Облыстың атауы  ! Есеп беру кезін-!Есеп беру кезін-!Этил спир-  
са-!                    !дегі белгіленген !дегі этил спир- !тінің қал-   ны !                    !квота, дал сусыз !тінің нақты алын!дықтары,
   !                    !спирт            !ғаны, Дал сусыз !дал сусыз
   !                    !                 !спирт           !спирт
___!____________________!_________________!________________!__________
_1_!_________2__________!________3________!________4_______!_____5____
1
2
...
        Барлығы:
______________________________________________________________________

     Комитет төрағасы
     (қолы, мөрі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады