Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
Үзінді:
Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегi
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша
Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi
...
10. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 122/16-III "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-III "Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" шешiмi (Астана қаласының әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 5 тамызда 340 нөмiрмен тiркелген), (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2005 жылғы 18 наурызда 380 нөмiрмен тiркелген, 2005 жылғы 2 сәуiрде "Астана хабары" газетiнде, 2005 жылғы 2 сәуiрде "Вечерняя Астана" газетiнде жарияланды);
...
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
________________________________________
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"
Заңның
22-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп
ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-ІІІ
шешімімен
бекітілген Астана қаласының аумағына құрылыс салу ережесі (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 5 тамызда N 340 тіркеген) мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14.1. Қала әкімдігі жобалау және (немесе) құрылыс салу мақсаттары үшін жер учаскесін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін сәулет органы мен құрылыс салушының арасында жер учаскесін игеру туралы шарт жасасылады, онда келесі жағдайлар белгіленеді:
1) жер учаскесін игеру мерзімі;
2) жер учаскесінің игерілуін аралық бақылау мерзімі;
3) құрылыс салушы жер учаскесін игеру графигін орындамаған жағдайда одан жер учаскесін (пайдалану құқығын) алып қою шарттары.
Құрылыс салушының жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) алып қою шарттары оның құрылыс салуды жүзеге асыруда шеккен шығындарының орнын толтыруды қамтамасыз етуі тиіс.".
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы