Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N А-6/184 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 9 маусымда N 3141 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № А-11/433 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.11.05 № А-11/433 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі қосымша берілген нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
      2. Қалалар мен аудандардың әкімдері осы нұсқаулыққа сәйкес заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеуді ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

       Облыс әкімі

Ақмола облысы әкімдігінің    
2005 жылғы 1 маусымдағы     
N а-6/184 қаулысымен     
БЕКІТІЛГЕН          

  Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік
тіркеу жөніндегі Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды (бұдан әрі - саны аз діни бірлестіктер) есептік тіркеу тәртібін белгілейді және Ақмола облысының бүкіл аумағында әрекет етеді.
      2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы  Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Заңды тұлға белгілері жоқ және заңды тұлға мәртебесімен Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық тұрғыда қатысты жергілікті діни қауымдар тіркеуге алушы органда есептік тіркеуге жататын саны аз діни топтар болып танылады. 
      4. Саны аз діни топтарды есептік тіркеу аталған субъектілерге діни қызметті іске асыруда заңға сәйкес қызмет берудің әдісі болып табылады және тіркеуге алушы органның саны аз діни топ туралы мәліметтерді есепке алу журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады. 

2. Саны аз діни топтарды есептік тіркеудің тәртібі

      5. Саны аз діни топтар оны тіркеуге алатын органда есептік тіркеуге қойылған кезінен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
      6. Саны аз діни топтарды есептік тіркеуді қала мен аудан әкімдері аппараттарының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі өкілетті органы жүргізеді.
      7. Саны аз діни топтарды   есептік тіркеу үшін оның басшысы немесе өкілетті тұлға тіркеуге алатын органға келесі құжаттарды тапсырады: 
      1) діни топтың атауын, оның діни ұстанымын, мекен-жайын, топтың басшысы туралы мәліметтерді, кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің санын, соның шегінде саны аз діни топтардың қызметі жүзеге асырылатын діни құрылыстары мен аумақтарының бар болуын көрсетумен бірге есептік тіркеуге қою туралы өтініш (қосымша 1);
      2) тіркелетін саны аз діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты болып табылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі;
      8. Есептік тіркеу саны аз діни топ туралы келесі мазмұндағы мәліметтерді арнайы қатаң есептілік журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады (қосымша 2):  
      1) тіркеу нөмірі;
      2) тіркелген күні;
      3) саны аз діни топтың атауы;
      4) саны аз діни топтың мекен-жайы;
      5) тіркелетін саны аз діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты діни бірлестіктің атауы; 
      6) діни ұстанымы; 
      7) саны аз діни топтың басшысының немесе өкілетті тұлғаның Ф.А.Ж.;
      8) саны аз діни топтың кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің саны; 
      9) діни құрылысының бар болуы.
      9. Есептік тіркеу құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Есепке алу журналына мәліметтер енгізілгеннен кейін тіркеуге алушы орган  саны аз діни топтың басшысына немесе өкілетті тұлғаға жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуге қойылғаны туралы тиісті анықтаманы береді (қосымша 3).
      11. Саны аз діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуге алушы орган есепке алу журналына бұл жөнінде тиісті мәліметтерді енгізеді.
      12. Саны аз діни топты есепке қою туралы деректер, сондай-ақ есепке алу журналына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Ақмола облысының ішкі саясат департаментіне тапсырылады.
      13. Саны аз діни топ жергілікті атқарушы органда діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өзінің қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуден өткеннен кейін есептік тіркеуден алынады. 

Заңды тұлға белгілері жоқ    
саны аз діни топтарды есептік  
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа   
      Қосымша 1           
__________________________    
(өтінішті тіркеуші органның    
___________________________   
атауы мекен-жайы)        

Өтініш

_________________________________________________________
      (топ басшысының фамилиясы, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________
      (діни топтың атауы, оның діни ұстанымы)
_________________________________________________________
      (кәмелетке толған мүшелерінің саны)
_________________________________________________________
(діни топтың мекен-жайы мен діни құрылыстың бар болуы)
_________________________________________________________
      (қызметі соның шегінде жүзеге асырылатын аумақ)

                                                     Қолы
                                                     Күні

Заңды тұлға белгілері жоқ    
саны аз діни топтарды есептік  
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа   
Қосымша 2        

Саны аз діни топтарды тіркеу журналы

N
п/п

Тіркеу
нөмірі
мен
тіркелген
күні

Діни
топтың
атауы 

Діни
топтың
мекен-жайы 

Діни топтың
діни
ұстанымы
және оның
діни
орталыққа
жататындығы 

Діни
топтың
қызмет
ауданы 

1

2

3

4

5

6

Топтың
кәмелет
ке
толған
мүшеле-
рінің
саны

Діни құры-
лысының
(ғибадат
ету) бар
болуы

Топ басшысы-
ның немесе
таныстыруға
өкілетті
тұлғаның
Ф.А.Ж.,
олардың
адресі,
телефон
нөмірі

Нөмірдің
тіркелуі
туралы
анықтаманы
толтырған
тұлғаның
Ф.А.Ж. 

Тіркеу
туралы
анықтама-
ны алған
тұлғаның
Ф.А.Ж.
мен қолы

Ескерту
лер

7

8

9

10

11

12

Ф.А.Ж. - Фамилиясы, Аты, Жөні.

Заңды тұлға белгілері жоқ     
саны аз діни топтарды есептік   
тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа   
Қосымша 3            

       _____________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы мекен-жайы)  

Діни топты есептік тіркеуге қою туралы анықтама

Берілді "__________"» _______  2005 ж.
Діни топтың атауы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Топты тіркеуге алған органның басшысы                Қолы

Мөр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады