РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы негізінде және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті тәртіпте ұстау мен қорғаудың Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жамбыл аудандық мәслихаты | Жамбыл аудандық |
сессиясының төрағасы: | мәслихатының хатшысы: |
Ж. Бегманов | Ш. Тілеумұрат |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2005 жылдың 26 қазанындағы N 18/2 "Ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті тәртіпте ұстау мен қорғаудың Ережесін бекіту туралы" шешімімен бекітілген |
Ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желекті тәртіпте ұстау мен қорғаудың
Ережесі
1. Кәсіпорындар, шаруашылық пен мекеме, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыру-құқықтық әрекетіне және қандай да бір меншік түріне қарамастан лауазымды тұлғалар және азаматтар елді мекендер аумағында көріктендіру Ережесін сақтауға міндетті, құрылымдар мен ғимараттарды күтімді жағдайда ұстауға, өз аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, жасыл желекті күтімге алуға, мәдени-тұрмыстық нысандарды, ауыз су көздерін, суаттар мен арықтарды ластанудан қорғауға міндетті.2. Кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер және ұйымдар қандай да бір меншік түріне қарамастан өз аумағына қарасты көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізуі керек.
3. Тұрғын үй иелері өзінің үй аумағына (үй, қосалқы шаруашылық құрылысын, т.б.) қарасты көше жақ бөлігін тазалық пен тәртіпке келтіруі керек.
4. Құрылысы аяқталмаған және бұзылған құрылыс нысандарында, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті орнату арнайы бекітілген тәртіппен жүргізіледі.
5. Автотұрақтар әкімшілік және өндіріс ғимараттарына, базарларға, сауда кәсіпорындары және қоғамдық тамақтандыру орындарына жақын орналасуы керек.
Жолаушылар және жүк тасу қызметін көрсететін автокөлік иелері көліктерін арнайы белгіленген тұрақтарға қоюға міндетті.
6. Көшелерді, тротуарларды, жолдар мен жол жиектерін әр түрлі күл-қоқыс қалдықтары мен шөп-шалаң, сабан, құрылыс материалдары, көмір, темір материалдарымен ластауға тиым салынады.
Автокөліктерді тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өтетін орындарға қоюға тиым салынады.
Мал қилары ауладағы шұңырларға жиналып, биотермиялық өңдеуден өткен соң қолданылады.
Азаматтарға үйлерінің көше жақ бөлігінде мал ұстауға тиым салынады.
7. Адамдар суды пайдаланатын, шомылатын және демалатын орындарда кір жууға, құстар мен мал суғаруға және автокөлік жууға тиым салынады.
8. Мал бағуға бөлінбеген жерлерде мал бағуға тиым салынады.
9. Ірі шаруашылық және кәсіпорын басшылары қандай да бір меншік түріне қарамастан:
1) өлген малдарының өлекселерін арнайы бөлінген жерлерге көмуге, оның тұрақты тазалығын қамтамсыз етуге;
2) қи, көңдерді арнайы жерге шығарып, сақтауға, оларды механикалық жинаудан өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
10. Елді мекендерде жеке және егесіз үй жануарларының өлекселері мал өлекселерін көметін арнайы орындарда жинақталып, арнайы бекітілген тәртіппен жойылады.
11. Тұрғын үй иелері, кәсіпорындар мен мекеме басшылары үйлердің және ғимараттардың нөмерлерін, көше, сонымен қатар, маңдайша жазуларын, визуалдық көзбен шолу ақпаратын (оның ішінде жарнамалық мәтіндегі) Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" Заңның талаптарына сәйкес дұрыс қалыпта сақтауға міндетті.
12. Жолдар мен көшелердің бойында қоршаулар мен шарбақтар, гүлзарлар мен көкмайсалар, сауда нүктелері және павильондар салу, сыртқы (визуалдық) жарнамасын, көрнекі насихат құралдарын орнатуға бекітілген тәртіппен рұқсат етіледі.
13. Транспорт құралдарымен тез шашылатын, ұшатын және т.б. жолдар мен көшелерді ластайтын жүктерді тасуға тек шанақ (кузов) дұрыс болғанда және тығыз жапқышы болғанда ғана рұқсат етіледі.
14. Аудан орталығында және елді мекендерде күл-қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару, сұйық, лас жуындыларды құю арнайы бөлінген сырт жерлерде жүзеге асырылады.
15. Тұрғындардың қоқыс пен қалдықтарды белгіленген орындардан басқа жерге жинауына қатаң тиым салынады.
16. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектерді сақтап қорғауға: бүл үшін барлық агротехникалық қажетті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге: тазалау, суару, бұтау, қопсыту, тыңайтқыш беру, әр түрлі зиянкестерден қорғауға міндетті.
17. Мыналарға:
1) үйлер мен ғимарат алдындағы ағаштарды рұқсатсыз кесуге;
2) рұқсатсыз жол жиегіндегі орман шаруашылығы ағаштарын, егіс алқаптарындағы желден қорғайтын орман жолақтарын кесуге, оларға жақын жерге от жағуға, сонымен қатар құрғақ шөптерді өртеуге;
3) тиым салынған жерлерде жабайы жеміс-жидектерді жинауға;
4) жасыл желектерді зақымдауға, гүлзарлар мен көкмайсаның үстімен жүруге, оларға зиян келтіруге, құрылыс материалдарын (құм, цемент, бөренелер, тас, кірпіш), қыс мезгілінде қар және мұз жинауға;
5) көшенің жаяу жүргіншілер және жол жақ бөлігін бос жатқан құрылыс аумағы мен жасыл желекті бөлігін, сонымен қатар басқа да көпшілік қолданыстағы орындарды кез келген қоқыс түрлері мен (темекі тұқылдарымен, шөлмектермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға;
6) арнайы белгіленбеген орындарда афишалар, жарнамалық плакаттар, үнқағаздар және осы тектес хабарландыруларды желімдеуге тиым салынады.
Осы Ережелерді бұзғандар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.