Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-ІІ Заңының 31 бабының 2 тармағының басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы "Аудан азаматтарын әлеуметтік қорғауға арналған қосымша шаралар туралы" (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылдың 18 маусымдағы 997 нөмірімен мемлекеттік тіркеуінен өткен, 2003 жылғы 05 шілдедегі N 54 "Қордай шамшырағы - Кордайский маяк" газетінде жарияланған) N 132 қаулысының 2 тармағы шығарылсын.
Қордай ауданының әкімі Қ. Уәли