Ескерту. Орыс тілінде мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының" "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабының 2 тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 31 бабын басшылыққа ала отырып эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді амалдарды бөлшек саудада сатуды реттеу үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
2. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдар "Таза су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратының мекемесі келісім-шарт бойынша сатылу орны болып белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Үжірекбаевқа жуктелсін.
Ауданының Әкімі | Р. Рысмендиев |