Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының XVII сессиясының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 232 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 14 желтоқсанда N 1807 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының X сессиясының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы N 112 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының X сессиясының 2012.12.05 N 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабы 1 тармақшасына және 65 бабы 4 тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

     1. Қоса тіркелген Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.

     2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Усатов Н.Е.) және облыс әкімінің орынбасарына (Ж.С. Таласпеков) жүктелсін.

      Сессия төрағасы,
      облыстық Мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы

Облыстық Мәслихаттың XVII сессиясының
2005 жылғы 02 желтоқсандағы
N 232 шешімімен
Бекітілген

Қарағанды облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

     1. Ортақ су пайдаланудың осы Қағидалары (әрі қарай - Қағидалары) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38 бабының 1 тармақшасына, 65 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысаны мен азаматтығына қарамастан орындауға міндетті Қарағанды облысы аумағындағы орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдаланудың жалпы тәртібін реттейді.

     2. Ортақ су пайдалануға мына су объектілерін пайдалану жатады:
      техникалық құралдарды пайдаланбай жер үсті көздерінен су алуда;
      рекреациялық мақсатта (демалыс үйлерін, пансионаттар және т.б. ұйымдастырмай), жаппай демалыста, туризм мен спорттық мақсаттарда;
      ескекті және желкенді қайықтарда жүзу үшін;
      мал суару үшін.

     3. Қазақстан Республикасының су объектілерінде ортақ су пайдалану құқығы азаматтардың туған сәтінен бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын шектелмейді.

     4. Ортақ су пайдалану жалпы су пайдалану объектілерінде де, сол сияқты ортақ пайдалануда тіркелмеген су объектілерінде де жүзеге асырылады және рұқсатнама талап етілмейді.

     5. Қалалық (облыстық маңызы бар) және аудандық жергілікті өкілетті органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында шомылуға, қайықта және басқа жүзу құралдарымен жүзуге, ауыз су және тұрмыстық қажеттілік үшін су алуға, мал суаруға ұсыныс жасалмаған жерлерді анықтайды.

2. Ерекше жағдайларда ортақ су пайдалану

     6. Ортақ су пайдалану талаптарын жергілікті атқарушы органдар суаттарды жекелей немесе бірлесе пайдалануға берер кезде есепке алынады.

     7. Су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібімен мал суару үшін пайдалану ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және су объектілерін ластап, кірлетуді болдырмайтын суару алаңы мен басқа да қондырғылар бар жағдайда рұқсат етіледі.

     8. Әуесқой және спорттық балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограмға дейін балық аулауға, немесе жеке тұтыну үшін басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін алу барлық азаматтарға барлық су қоймалардан, тек қана пайдаланушыларға бекітілген су тоғандарында, қорықтарда, балық тұқымбақтарында, балық шаруашылығының тоғандары мен басқа да мәдени тауарлары балық шаруашылықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Қаулысымен бекітілген, балық аулау ережесін сақтай отырып, ақысыз тегін алуға рұқсат етіледі.

     9. Суда жүзетін жабайы құстар мен терісі бағалы аңдар тіршілік ететін орын болып танылған су қоймаларында (ондатр және құндыз), жануарлар әлемін күзету, сақтау және қайта өндіру облыста уәкілеттік органдармен және аң шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының келісімімен, суды кешенді пайдалану талаптарын есепке ала отырып ортақ су пайдалану мүмкін.

     10. Қауіпсіз жүзуді сақтау мақсатында жүзеге асатын желкенді және ескекті қайықтардың қозғалысына шек қою көлік және коммуникация Министрінің 1999 жылғы 30 қарашасындағы N 849 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу ережелерімен реттеледі.

     11. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің иелері, су пайдаланушылар мен ұйымдардың міндеттері және жауапкершіліктері (меншік түріне тәуелсіз) төтенше жағдай жөніндегі орталық мемлекеттік орган бекіткен Қазақстан Республикасы су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігі Типтік ережелерімен анықталады.

     12. Бекітіліп берілмеген су объектілерінде шек қою белгілерін, Ережені бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулері бар плакаттарды қалалық (облыстық маңызы бар) және аудандық жергілікті атқару органдары орнатады.

     13. Шомылуды шектеу және тұрғындарды осы сияқты басқа да жағдайларда ортақ су пайдалануды жүзеге асыруға шек қою туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдары және арнайы ақпараттандыру белгілері арқылы жарияланады.

     14. Кейбір су объектілерін немесе бөліктерін пайдалануға мемлекеттік қауіпсіздік пен елді қорғауды, тұрғындардың денсаулығын, қоршаған табиғи ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі мүмкін.
     Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше және апатты жағдай туындағанда, белгілі бір мерзімге ортақ су пайдалануды шектеу мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады