"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
1. Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. "Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 30 шілдедегі N 27/284 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Облыстық
мәслихаттың хатшысы
Ж.Сарбасов Б.Шелпеков
"Маңғыстау облысында тілдерді
қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға
арналған Аймақтық бағдарламасы туралы"
Маңғыстау облыстық мәслихатының
6 сәуірдегі N 10/155 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006
жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы: Маңғыстау облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме: Аймақтық бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралардың 2005-2006 жылдарға арналған жоспары туралы" 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146 қаулысына сәйкес әзірленген
Негізгі әзірлеуші: Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
Мақсаттары:
Қазақстан халықтары тілдерін түбегейлі дамыту жөнінде негізінен 3 мақсатты көздейді:
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
этникалық қауымдастықтардың тілдерін дамыту.
Мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқуына қолдау көрсету, ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық мәдени бірлестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатынасуын қамтамасыз ету;
облыс аумағындағы іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету.
Қаржыландыру көздері: Жергілікті бюджет
Күтілетін нәтижелер:
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыру, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыру;
Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір азаматтың ана тілінде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасау.
Іске асыру мерзімдері: 2005 - 2006 жылдар.
Маңғыстау облысындағы тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Конституциясының
7, 93 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 550
Жарлығына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2005-2006 жылдарға арналған жоспары туралы" 2004 жылғы 4 қарашадағы N 1146
қаулысына
сәйкес әзірленген.
Бағдарламада аймақтағы тіл құрылысының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген.
Осы Бағдарламаны әзірлеу, аймақтағы оңтайлы функционалды лингвистикалық кеңістік құру үшін, мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен тұтас қоғамның нысаналы да жүйелі қызметін жүзеге асырудың бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен туындайды.
3. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
- орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту бойынша жүзеге асыру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
- мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау;
- мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгеруі үшін қаржылық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
- мектеп жасына дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының тәрбиеленушілері мен оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру саласындағы білімі мен біліктерінің барынша жоғарғы деңгейге жетуін қамтамасыз ету;
- облыс аумағында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету;
- облыста тілдерді дамыту проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
облыстық терминология және ономастика комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету;
- мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;
- мәдени-көпшілік шараларды мемлекеттік тілде ұйымдастыру;
- этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін оқытуға қолдау көрсету;
- ана тілдерін оқытатын жексенбілік мектептер арқылы ұлттық мәдени бірлестіктердің бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету.
4. Тілдік дамудың басым бағыттары мен бағдарламаны іске
асырудың тетіктері
4.1. Тілдік дамудың басым бағыттары
Тілдік дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерден туындай отырып, қалыптасады. Басымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі:
1 басымдық
Мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару және іс жүргізу салаларында дамыту.
2 басымдық
Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілді дамыту.
3 басымдық
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тілді дамыту.
Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді, ол уақыт өте келе біліктілік талаптары мен қызметтік міндеттеріне қарамастан мемлекеттік қызметшілердің күллі санаттары үшін міндетті болуға тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесін жасау қажет.
Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен үрдісі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде ғана қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік органдарда құжаттамаларды тікелей мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңмен көшуді орталықтан бекітілген жоспарға сәйкес нақты жүзеге асыру керек. Бұл ретте мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарын жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында да қолданылуы мәселесіне назар аудару керек.
Білім беру және тілдерді оқыту саласында тілді дамыту
Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлі деңгейлерде және әр түрлі нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкіндігінше үздіксіз процесс болуға тиіс.
Балалар әлеуметтік коммуникациялардың алғашқы дағдысын құрдастарымен араласу кезінде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруға тиіс. Сондықтан олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейтуге назар аударған жөн.
Оқу орындары түлектерінің мемлекеттің әлеуметтік кеңістігіне одан әрі табысты кірігуі мақсатында оқыту тілі мен меншік нысанына қарамастан, барлық оқу орындарында жетекші пән болуға тиіс мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек. Бұған қажетті сағат саны басқа тілдердің есебінен емес, оқу процесін жалпы оңтайластыру нәтижесінде бөлінуге тиіс.
Мемлекеттік тілдің бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі жағдайы одан әрі де жақсартуды талап етеді. Бұл жекелеген пәндерді оқыту сапасымен қатар, олардың санына да қатысты. Бастауыш, орта және жоғары оқу орындары ұсынатын қазақ тілінде оқытылатын мамандықтар шеңбері мүмкіндігінше шаруашылық, мәдени, қоғамдық және басқа да қызметтер саласын қамти отырып, жоспарлы түрде кеңейтілуге тиіс.
Тілдерді тиімді меңгеру саласында мүмкіндіктерді кеңейту мен тереңдету үшін дәстүрлі оқу орындарындағы оқытумен қатар басқа әдістер де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл, атап айтқанда, халықтың түрлі оқу орындарында оқу мүмкіндігі жоқ ересек тобына қатысты.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы аталған топқа да қолданылуға тиіс. ?з бетімен оқып-үйренуге арналған теле және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандары кеңінен енгізілуі қажет.Қазақстан халықтарының тілдерін қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға конституциялық құқықты іске асыру жөніндегі шарларды қамтамасыз ету қажет. Ана тілін үйрететін таңдаулы жексенбілік мектептер тәжірибесін жинақтау мен тарату мақсатқа сай келеді. Жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше одан әрі қолдау көрсету керек. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлт тілдерін оқытатын мамандарды даярлау жөніндегі қызметті жалғастыру қажет.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау
мен халыққа қызмет көрсету салаларында тілді дамыту
Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық әрі көріністі нысандарға айрықша назар аудару қажет, бұл кино, мультипликация, сазды бағдарламалар, жастар журналдары. Қоғамдық қызметтің аталған саласында мемлекеттік ынталандырудың тиімді тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет.
Мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің неғұрлым күрделі учаскелерінің бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл аталған саладағы тілдік қызмет мемлекеттік реттеудің күрделілігімен сабақтасып жатыр. Алайда, мемлекеттік тілдің денсаулық сақтау, сауда, көлік және байланыс сияқты салаларға енуі мүмкіндігінше мұндай ықпал ету мемлекет тарапынан жүзеге асыруға болатын жерлерде іске асырылуға тиіс. Бұл үшін, бірінші кезекте, мамандандырылған оқу орындарында - жоғары, орта арнаулы және кәсіптік оқу орындарында тиісті мамандарды даярлауды кеңейту қажет. Одан басқа, аталған талаптар атқаруға тиісті кәсіби міндеттерінің қажеттігімен сабақтасып жатқан салаларда, мемлекеттік тілді меңгеру бөлігінде міндетті талаптарды белгілеу қажет. Оларға денсаулық сақтау, байланыс, көлік ұйымдары, банктердің есеп-кассалық бөлімдері жатады.
4.2. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шаралар жүйесін жыл сайын кезең-кезеңмен орындау болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, өкілетті орган - Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру нәтижесінде бұдан алдыңғы кезеңде болған өзгерістерді ескере отырып, әрбір келесі екі жыл сайын жасайды. Сонымен бірге, бұл тікелей орындаушылардың жауапкершілігімен Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға жәрдемдеседі.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру және оны іс жүзінде жүзеге асыру - неғұрлым тиімді әрі нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру мынадай негізгі принциптерді сақтау негізінде ғана мүмкін болады:
- орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттік қолдау;
- тілді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттік тілді еркін және тегін оқып-үйрену үшін мүмкіндіктер жасаумен ұштастыру;
- моральдық және материалдық мүдделілік жағдайын жасау;
- тіл құрылсын жүзеге асыру кезінде, функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдікті сақтау;
- тілдерді дамыту бағдарламасындағы іс-шараларды қаржыландырумен қамтамасыз ету.
5. Маңғыстау облысындағы тілдерді қолдану мен дамытудың
2005-2006 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын іске
асырудың іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
N |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
1 |
2 |
3 |
Мемлекеттік басқару және іс жүргізу саласында
|
||
1 |
"Қазақстан Республикасындағы
|
Нормативтік
|
2 |
Жергілікті мемлекеттік басқару
|
МАжСМ-не
|
3 |
Қазақстан Республикасындағы тіл
|
МАжСМ-не
|
4 |
Мекеме басшыларының өз жұмыс
|
МАжСМ-не
|
Білім беру және тілдерді оқыту саласындағы тілді
|
||
5 |
Жоғары және орта кәсіптік оқу
|
МАжСМ-не
|
6 |
Өзге тілдерде (орыс) оқытатын
|
МАжСМ-не
|
7 |
Жалпы білім беретін орта, орта
|
МАжСМ-не
|
8 |
Қазақ тілі және әдебиеті пәні
|
МАжСМ-не
|
9 |
Жалпы білім беретін орта, орта
|
МАжСМ-не
|
10 |
Өзге ұлт өкілдеріне мектепке
|
МАжСМ-не
|
11 |
Жалпы білім беретін орта оқу
|
МАжСМ-не
|
12 |
Жалпы білім беретін мектептер
|
МАжСМ-ге есеп |
13 |
Оқу орындарында тілдерді дамыту
|
МАжСМ-не
|
14 |
Ана тілдерін зерделеу жөніндегі
|
МАжСМ-не
|
15 |
Мемлекеттік қызметкерлер үшін
|
Облыс әкіміне
|
16 |
Орыс тіліндегі оқитын
|
МАжСМ-не
|
17 |
Қазақ тілінде оқытатын және
|
МАжСМ-не
|
18 |
Жетім балаларға және ата-ана
|
МАжСМ-не
|
19 |
Қазақстанға еңбегі сіңген
|
Маңғыстау
|
Ғылыми-лингвистикалық қамтамасыз ету |
||
20 |
Маңғыстау облысы бойынша
|
МАжСМ-не
|
21 |
Маңғыстау облысының
|
МАжСМ-не
|
22 |
Облыста тілдерді дамыту
|
МАжСМ-ге есеп |
23 |
Мемлекеттік органдарға
|
МАжСМ-ге есеп |
24 |
Тілдерді дамыту проблемалары
|
МАжСМ-не
|
25 |
Облыстың кітапхана мекемелерін
|
МАжСМ-ге
|
26 |
Облыстық терминология және
|
МАжСМ-не
|
27 |
Тілдерді дамытудың өзекті
|
МАжСМ-ге есеп |
Мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары және
|
||
28 |
Ұлттық мәдени орталықтар
|
МАжСМ-ге есеп |
29 |
Оралхан Бөкей атындағы көркем
|
МАжСМ-ге есеп |
30 |
"Үздік аудармашы" облыстық
|
МАжСМ-ге есеп |
31 |
22 ақпан халықаралық ана тілі
|
МАжСМ-не
|
32 |
Мемлекеттік және басқа
|
МАжСМ-не
|
33 |
Наурыз мерекесінде "Қазақтың
|
МАжСМ-не
|
34 |
"Мемлекеттік тілді құрметтеу - елді құрметтеу" деген тақырыпта
|
МАжСМ-не
|
35 |
Мемлекеттік мекемелер арасында
|
МАжСМ-не
|
36 |
Қазақстан халықтары тілдерінің
|
МАжСМ-ге есеп |
37 |
Республикалық байқаудың
|
МАжСМ-ге есеп |
38 |
"Мемлекеттік тіл және бұқаралық
|
МАжСМ-ге есеп |
39 |
Жергілікті ақпараттық басылымдар
|
МАжСМ-ге есеп |
40 |
"Тіл - ұлт байлығы" тақырыбына
|
МАжСМ-ге есеп |
41 |
Көлік пен байланыс, сауда,
|
МАжСМ-не
|
42 |
"Ауыл - ана тілдің бастауы" атты
|
МАжСМ-не
|
43 |
Мемлекеттік мекемелер аралық
|
МАжСМ-не
|
N |
Орындауға
|
Орындау
|
Болжамды
|
Қаржыландыру
|
|
2005 |
2006 |
||||
1 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Маңғыстау
|
2005 жыл
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
2 |
Қала, аудан
|
Үнемі
|
- |
-
|
Қаржыландыруды
|
3 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
4 |
Маңғыстау
|
1 тоқсан |
- |
- |
Қаржыландыруды
|
5 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
6 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
7 |
Аудан, қала
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
8 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
250,0 |
250,0 |
Жергілікті
|
9 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
10 |
Аудан, қала
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
11 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж. |
- |
- |
Қаржыландыруды
|
12 |
Қала, аудан
|
2005-2006ж.
|
|
|
Республикалық
|
13 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
80,0 |
80,0 |
Жергілікті
|
14 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
15 |
Маңғыстау
|
2005ж.
|
5640,0 |
4270,0 |
Жергілікті
|
16 |
Маңғыстау
|
Тоқсан
|
250,0 |
250,0 |
Жергілікті
|
17 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
18 |
Қала, аудан
|
Жыл сайын
|
200,0 |
400,0 |
Жергілікті
|
19 |
Маңғыстау
|
2005ж.
|
250,0 |
- |
Жергілікті
|
20 |
Қазақстан
|
2005-2006ж.
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
21 |
Облыс, қала,
|
2005-2006ж.
|
45,0 |
45,0 |
Жергілікті
|
22 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж. |
60,0 |
60,0 |
Жергілікті
|
23 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж. |
110,0 |
110,0 |
Жергілікті
|
24 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
150,0 |
150,0 |
Жергілікті
|
25 |
Маңғыстау
|
Үнемі |
- |
- |
Қаржыландыруды
|
26 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
27 |
Маңғыстау
|
2 тоқсан
|
170,0 |
173,0 |
Жергілікті
|
28 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
125,0 |
125,0 |
Жергілікті
|
29 |
Маңғыстау
|
2005-2006ж.
|
100,0 |
100,0 |
Жергілікті
|
30 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
90,0 |
90,0 |
Жергілікті
|
31 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
85,0 |
85,0 |
Жергілікті
|
32 |
Маңғыстау
|
Үнемі |
- |
- |
Қаржыландыруды
|
33 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
210,0 |
210,0 |
Жергілікті
|
34 |
Қала, аудан
|
Жыл сайын
|
350,0 |
350,0 |
Жергілікті
|
35 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
80,0 |
80,0 |
Жергілікті
|
36 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
100,0 |
100,0 |
Жергілікті
|
37 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
125,0 |
125,0 |
Жергілікті
|
38 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
100,0 |
100,0 |
Жергілікті
|
39 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын |
- |
- |
Қаржыландыруды
|
40 |
Маңғыстау
|
2005ж.
|
300 |
- |
Жергілікті
|
41 |
Қала, аудан
|
Жыл сайын
|
- |
- |
Қаржыландыруды
|
42 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
200,0 |
200,0 |
Жергілікті
|
43 |
Маңғыстау
|
Жыл сайын
|
75,0 |
75,0 |
Жергілікті
|
Ескерту: МАжСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі