Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.05.2017 № 136 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемілекеттік басқару туралы", "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Заңдарына және облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/126 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие, қызыметтік сипаты жүріп-тұрумен байланысты медициналық қызыметкерлердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Маңғыстау облыстық қаржы департаменті қаржы қаражатымен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаменті бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М Қ Тұрсынбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы мемлекеттік ресми жариялаудан өткен соң күшіне енеді.
Облыс әкімі Б. Палымбетов
КЕЛІСЕДІ :
М .Қ. Тұрысбеков
Ә .Ө. Сахимов
А .Т. Қабашев
А . Әбдешұлы
М. Б. Әлібекова Маңғыстау облысы қаржы
Департаментінің директоры
Х.Х. Нұрғалиева Маңғыстау облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
департаментінің директоры
Орын. А.Г. Төлегалиева Маңғыстау облысы денсаулық
сақтау департаментінің директоры
Қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы " 28"қыркүйек № 273 қаулысымен бекітілген |
Қызметтік сипаты жүріп-тұруға байланысты қоғамдық көлікте тегін жүруге құқығы бар медициналық қызметкерлердің тізбесі
1. Учаскелік дәрігерлер: Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханаларының терапевтері, педиатрлары және учаскелік фтизиатрлары, туберкулез ауруханалары мен туберкулезге қарсы диспансердің фтизиопедиатрлары.
2. Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханалары терапевтік, педиатрлық учаскерлерінің медициниалық мейірбикелері және туберкулез ауруханалары мен туберкулезге қарсы диспансердің фтизиатр саласындағы учаскелік мейірбикелері.
3. Ақтау және Жаңаөзен қалалары емханаларының учаскелік акушеркалары.